"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдануды қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 24 қараша 1992 ж. N 981. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.03. N 810 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану жөнiндегi Нұсқау бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауының эталоны көгiлдiр түстi, көлемi 1м X 2м матадан жасалады және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасымен бiрге құтыда сақталады. 
      Мемлекеттiк жалау эталонын дайындауға тапсырысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты мен Министрлер Кабинетiнiң Iс басқармасы жүзеге асырады. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1992 жылғы 24 қарашадағы     
N 981 қаулысымен        
Бекiтiлген           
 

  "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану жөнiндегi
Нұсқау 
 

        1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының "а" тармағында аталып өткен үйлерде Қазақстан Республикасының жалауы тұрақты тiгiледi немесе орналастырылады. 
      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Заңында баяндалған талаптарды сақтай отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың үйлерiне тiгу үшiн жауапкершiлiк осы кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына, ал тұрғын үйлерде - тұрғын үй пайдалану ұйымдарының басшылары мен үй иелерiне (өзiндiк меншiк хұқы бар) жүктеледi. 
      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Заңының 4-бабының "д" тармағында аталған кемелерде Қазақстан Республикасының жалауы кеменiң соңына таманғы ернеудегi жалау ретiнде сол ернеудегi жалаусапқа тiгiледi. 
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Заңның 4-бабының "г" тармағында көзделген реттерде Қазақстан Республикасының жалауы теңiз кемелерi мен iшкi жүзу кемелерiнiң соңына таманғы ернеудегi жалауға қоса кеме тұмсығына немесе белгi беру мачтасына тiгiледi және орнатылады. 
      4. Iшкi жүзу кемелерi теңiз суларында жүзiп жүргенде (кеме жүзiп бара жатқан және тоқтап тұрған уақытта) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы күн сайын таңертеңгi сағат 8-де тiгiлiп, күн батқан соң түсiрiледi. 
      5. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында өздiгiнен жүретiн кемелерде (кеме жүрiп бара жатқан және тоқтап тұрған уақытта) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы навигация кезеңiнде күн сайын, сондай-ақ 1 және 2 қаңтарда, 8 наурызда, 22 наурызда, 1 мамырда, 9 мамырда, 16 желтоқсанда кеменiң соңына таманғы ернеудегi жалаусапқа күн шығысымен тiгiледi, күн батқан соң түсiрiледi. 
      Басқа кемелердi сүйретпе троспен жетелейтiн сүйреткiш кемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы кеме тұмсығындағы жалаусапқа немесе гафелге тiгiледi. 
      Өздiгiнен жүрмейтiн кемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы 1 және 2 қаңтарда, 8 наурызда, 22 наурызда, 1 мамырда, 9 мамырда, 16 желтоқсанда тiгiледi. 
      6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери құрамалары мен бөлiмдерiнде және Ұлттық ұланында ант қабылдау ресiмi кезiнде көтерiледi. 
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы Заңның 4-бабының "в" тармағында аталған жағдайларда, егер бұл халықаралық хұқық нормаларында және мемлекетаралық келiсiмдерде көзделген болса, тiгiледi. 
      8. Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар үйлерiнде, сондай-ақ тұрғын үйлерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы 1 және 2 қаңтарда, 8 наурызда, 22 наурызда, 1 мамырда, 9 мамырда, 16 желтоқсанда тiгiледi. 
      9. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Заңның және осы Нұсқаудың Қазақстан Республикасының шеңберiнде дәлме-дәл орындалуын бақылау мемлекеттiк өкiмет пен басқарудың жергiлiктi органдарына жүктеледi. 
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Заңның және осы Нұсқаудың теңiз кемелерiнде және iшкi жүзу кемелерiнде дәлме-дәл орындалуын бақылау осы кемелер солардың қарауындағы Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарына, порттарда - порттардың (кемежайлардың) бастықтарына, өкiлдiктерде және консулдық мекемелерде орындалуын бақылау - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктеледi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады