Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң санаторийлерiне жолдамалардың құнын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 қаңтар 1993 ж. N 28

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiне қарасты санаторийлерге оған тiркелген адамдарға, былайғы ұйымдарға және жеке адамдарға жолдамаларды сатудың құны N 1 және N 20 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң бастығына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, бiрлестiкке қарасты санаторийлерге оған тiркелген адамдарға, былайғы ұйымдарға және жеке адамдарға баға индексiнiң өзгеруiн ескерiп, жолдамаларды сатудың құнын бекiту хұқы берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi санаторийлерiне жолдамалардың құнын бекiту туралы" 1992 жылғы 16 шiлдедегi N 602 қаулысының 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 11 қаңтардағы
                                           N 28 қаулысына
                                            N 1, 2 қосымша
                                               (Кесте)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады