Қазақстанның кәсiпқой бокс Федерациясының қызметiн жетiлдiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 23 ақпан 1993 ж. N 137

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Кәсiпқой бокс федерациясы атқару комитетiнiң Қазақстан Республикасында кәсiпқой боксты дамыту туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi спорттық-сауықтыру жұмысының жаңа нысаны ретiндегi кәсiпқой спорттың қалыптасуына жәрдемдесетiн болсын.
      Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясының құрылымдық бөлiмшелерiне жабдықтар, байланыс техникаларын алуға, үй-жай бөлiнуiне жәрдемдессiн.
      Федерация жалға алған үй-жайларға коммуналдық қызмет көрсетулердi төлеу бюджеттiк ұйымдар үшiн бекiтiлген тарифтер мен ставкалар бойынша қарастырылсын. Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясының қалыптасу кезеңiнде оны өтеу жергiлiктi әкiмшiлiктiң бюджеттен тыс қор қаржысы есебiнен көзделсiн.
      3. Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына Федерацияны екi жылдың көлемiнде пайда салығын төлеуден босату туралы қаулының жобасын әзiрлеу жөнiнде бiр ай мерзiмде ұсыныс дайындап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      4. Алматы қаласының әкiмi Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясының басқармасын орналастыру үшiн алаңы 500 шаршы метр үй-жай бөлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясын 6 абонентке арналған телефон байланысымен қамтамасыз етсiн.
      6. Республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясы Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясы үшiн 1 компъютерлiк техника жиынтығы мен 1 микроавтобус қарастырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi "Теңiзмұнайгаз" және "Жамбылоблгаз" өндiрiстiк бiрлестiктерiне (Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясының негiзгi құрылтайшылары мен демеушiлерi) жоспардан тыс өнiмнiң бiр бөлiгiн экспорттауға белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
      "Теңiзмұнайгаз" және "Жамбылоблгаз" өндiрiстiк бiрлестiктерiне жоспардан тыс өнiмнiң бiр бөлiгiн экспорттаудан түскен қаржы Федерацияның мұқтажы мен материалдық базасын құруға бағыттауына рұқсат етiлсiн.
      8. Жоғарыда аталған бiрлестiктерге Федерацияның неғұрлым мұқтаж спортшылары мен мүшелерiне, төлем сомасын кәсiпорынның базалық тұтыну қорына қоспай стипендия, зейнетақы төлеуге рұқсат етiлсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, оның аумақтық органдарына Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясына және оған ведомстволық бағыныстағы құрылымдарға пайдаланылмай отырған ғимараттарды, құрылыстарды кәсiпқой спорт клубтарына бөлуге практикалық көмек көрсету ұсынылсын.
      10. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясымен бiрлесiп, бұрынғы спортшыларды тәртiп бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртiптi қорғау үшiн пайдалану туралы ереже әзiрлесiн.
      11. Қазақстанның Кәсiпқой бокс федерациясына (Дүниежүзiлiк боксшылар қауымдастығының (ДБК) мүшесi ретiнде) және оның жергiлiктi жердегi құрылымдық бөлiмшелерiне бокс жөнiндегi жеке спорт клубтарының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыру тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады