Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Көлiк министрлiгiнiң 1993 жылғы 6 сәуiрден бастап темiр жол көлiгiмен (қала маңындағы қатынастан басқа) жолаушыларды, қол жүгiн және жүктердi тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерiнiң деңгейiне 2 көтеру шектi коэффициентiн (қосылған құн салығын ескерiп) белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi