Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясының толық мүшесi және корреспондент-мүшесi атақтары үшiн төленетiн ақының мөлшерiн көбейту туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 7 сәуiр N 276. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.07.08. N 851 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясының толық мүшесi атағы үшiн төленетiн ақыны айына 10 мың сомға дейiн және аталған академиялардың корреспондент-мүшесi атағы үшiн төленетiн ақыны - айына 5 мың сомға дейiн көбейту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясының ұсынысы қабылдансын.
2. Атақтар үшiн төленетiн ақының көрсетiлген мөлшерi ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлiнген бюджеттiк қаржы есебiнен 1993 жылғы сәуiрдiң 1-iнен енгiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi мен Қаржы министрлiгi көрсетiлген мақсатқа қосымша қаржы бөлу мәселесiн шешсiн.
4. Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясының толық мүшесi және корреспондент-мүшесi атақтары үшiн төленетiн ақының мөлшерiн көбейту туралы" 1992 жылғы 22 шiлдедегi N 626 қаулысының күшi жойылған деп саналсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз