1993 жылы зейнетақыларды арттыру және индекстеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 22 сәуiр N 325. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.07.12. N 899 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "1993 жылы зейнетақыларды арттыру және индекстеу туралы" 1993 жылғы 29 қаңтардағы N 1937 және "Жалақы мен зейнетақының ең төменгi мөлшерiн белгiлеу туралы" 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 2158 қаулыларын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңына сәйкес бұрын тағайындалған зейнетақылардың барлық түрлерi 1993 жылғы екiншi тоқсанда ең төменгi жалақының өсу индексiне сәйкес қайта есептелiп, 1,8 есе өсiрiлсiн.
      Алдағы уақытта заң тәртiбiмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерi өзгерген кезде 1993 жылдың iшiнде тиiсiнше зейнетақылардың барлық түрлерi қайта есептелсiн.
      Индекстелгеннен кейiн соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiнiң зейнетақыларының мөлшерi ең төменгi жалақы көлемiнен он еседен, ал зейнеткерлердiң басқа санаттарының зейнетақылары жетi еседен аспайтын болып белгiленсiн.
      Индекстеуге дейiнгi зейнетақының нақтылы мөлшерi осы аталған шамадан артық болған жағдайда зейнетақының бұрынғы мөлшерi сақталады.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бұрын тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 2 сәуiрдегi N 309 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 14, 236-бап) сәйкес бұрынғы тағайындалған зейнетақыларды алдағы 1993 жылғы 1 қазаннан бастап, кезектi қайта есептеуге байланысты Қазақстан Республикасының Статистика мен талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiне 1993 жылғы 1 тамызға дейiн Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында жұмысшылар мен қызметшiлердiң 1993 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша күтiлетiн орташа айлық жалақысы жөнiнде болжам беру тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы

 

2 сәуiрдегi N 309 қаулысымен бекiтiлген Бұрын тағайындалған

зейнетақыларды қайта есептеу тәртiбiнiң 8-тармағының бiрiншi

абзацындағы "1993 жылдың 1 сәуiрiндегi" деген сөздер "1993 жылдың

1 қазанындағы" сөздерiмен алмастырылсын.


        Қазақстан Республикасы

         Премьер-министрiнiң

          бiрiншi орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады