Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ ССР Космостық зерттеулер агенттiгiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi етiп қайта құру туралы" 1993 жылғы 25 ақпандағы N 1118 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк басқару орган болып табылады деп белгiленсiн.
2. Агенттiкке:
аэроғарыш қызметi саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
Ресей Федерациясы жалға алған объектiлерге кiрмейтiн "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса алғанда Қазақстан Республикасының аэроғарыш инфрақұрылымы объектiлерiнiң ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен халықаралық ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн сақталуын және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн пайдалану жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыру;
ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану саласында Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк басқару органдарымен, ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасау;
ғарыш кеңiстiгiн игеру және аэроғарыш, ракета-ғарыш техникаларын пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасында жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, халықаралық құқықтың, мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттардың нормаларына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағындағы ракета-ғарыш техникасы қолданылатын аудандарда табиғат қорғау шараларын атқаруды ұйымдастыру жүктелсiн.
Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi және жаңа абзацпен
толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.09.13. N 1260 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
4. Ленинск қаласында Агенттiктiң құрылымына кiретiн "Байқоңыр" Ғарыш айлағы басқармасы құрылып, оған ғарыш айлағының мүлiктiк және шаруашылық мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешу жүктелсiн.
5. Агенттiк аппараты қызметшiлерiнiң шектi штат саны 31 адам, соның iшiнде "Байқоңыр" Ғарыш айлағы басқармасы үшiн 10 адам (ғимаратты қорғау және қызмет көрсету қызметшiлерiн қоспағанда) болып белгiленсiн.
Ескерту. 5-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.09.13.
N 1260 қаулысымен.
6. Агенттiктiң Бас директорына 3 орынбасарға, соның iшiнде бiр бiрiншi және 7 адамнан құрылған алқаға ие болуға рұқсат етiлсiн.
7. Агенттiктiң бас директорына Агенттiк аппаратының құрылымы мен штат кестесiн еңбекке ақы төлеудiң белгiленген саны мен қоры шегiнде бекiту құқы берiлсiн.
8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы және Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерi жанындағы бас басқармалар, комитетi және басқа да республикалық мекемелер аппаратының басшылары, жетекшi қызметкерлерi және мамандары үшiн көзделген еңбекақы жағдайы агенттiктiң қызметкерлерiне таратылсын.
Ескерту. 8-шi тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1995.07.11.
N 948 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Агенттiктiң аппаратын ұстауға арналған қажеттi қаражат қарастыратын болсын.
10. Медициналық, тұрмыстық қамтамасыз ету және көлiктiк қызмет көрсету жағдайлары жөнiнен Агенттiктiң Бас директорының лауазымы Қазақстан Республикасы министрiнiң лауазымына, ал Бас директордың орынбасарларының лауазымы Қазақстан Республикасының министрi орынбасарларының лауазымына теңестiрiлсiн.
11. Агенттiк аппараты үшiн қызметте пайдалануға арналған 4 жеңiл автомобильдiң және 2 микроавтобустың лимитi белгiленсiн.
12. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Агенттiктiң өнiмi бойынша техникалық құралдар мен телефон, телекс және телефакс байланыстарының арналарын бөлудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
13. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң саны 9 адамға қысқартылсын (Ғарыштық зерттеу агенттiгi бөлiмi мен министрiнiң орынбасарының лауазымы).
14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Агенттiк аппаратын орналастыру туралы мәселенi бiр ай мерзiмде шешетiн болсын.
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жиҺаздар, жабдықтар, инвентарлар, шаруашылық тауарлар үшiн, сондай-ақ Агенттiктiң құзырына жататын халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға арналған қажеттi валюталық қаражат үшiн жыл сайын қаржы
бөлудi қарастыратын болсын.
16. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан
Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi туралы"
1992 жылғы 12 наурыздағы N 221 қаулысының 5 және 6 тармақтарының,
16 тармағының үшiншi абзацының, сондай-ақ осы қаулының Ғарыштық
зерттеу агенттiгi туралы Ереженiң жобасын Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiне табыс ететiн бөлiгiндегi 16 тармақты екiншi
абзацының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 12 мамырдағы
N 384 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Қазақстан Республикасының
Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы
Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi, мұнан былай Агенттiк деп аталады, аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
2. Агенттiктi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану мәселелерi жөнiндегi халықаралық келiсiмдер мен шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Агенттiк дербес балансы, банкте шоты, соның iшiнде валюталық шоты, фирмалық белгiсi, Қазақстан РЕспубликасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы бейнеленген мөрi бар, заңды ұйым болып табылады.
II. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi
4. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
аэроғарыштық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
Ресей Федерациясы жалға алған объектiлерге кiрмейтiн "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса алғанда Қазақстан Республикасының аэроғарыш инфрақұрылымы объектiлерiнiң ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен халықаралық ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн сақталуын және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн пайдалану жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк басқару органдарымен, ұйымдармен космостық кеңiстiктi зерттеу және пайдалану саласындағы өзара iс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының аумағындағы ракета-ғарыштық техникалар қолданылатын аудандарда табиғат қорғау шараларын атқаруды ұйымдастыру;
ұлттық бағдарламалар мен коммерциялық жобаларды қалыптастыру және жүзеге асыру, ғарыштық кеңiстiктi зерттеу және пайдалану жөнiндегi мемлекетаралық бағдарламалар мен коммерциялық жобаларды жүзеге асыруға ұсыныстар даярлау және қатысу;
ұшу аппараттарын жасауға қатысатын ұйымдар мен кәсiпорындардың ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарын үлестiру және олардың ұшуын жүзеге асыру;
ғарыштық кеңiстiктi игеру және аэроғарыштық техникаларды пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасында жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, халықаралық құқықтық нормаларына, мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасындағы аэроғарыштық қызметтiң дамуы үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, экологиялық және ұйымдық нормалар мен шарттар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
Ескерту. 4-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi және жаңа абзацпен
толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.09.13. N 1260 қаулысымен.
III. Агенттiктiң негiзгi қызметi
5. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
аэроғарыштық салалардың қызметiн құқықтық реттеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру жөнiнде нормативтiк құжаттар әзiрлейдi және жұмыстар жүргiзедi;
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң басқару органдарымен, ұйымдарымен ғарыштық кеңiстiктi зерттеу және пайдалану саласындағы өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
ұлттық аэроғарыштық бағдарламаларды, соның iшiнде аэроғарыштық инфрақұрылым объектiлерiн пайдалану, конверсиялау және қайта жаңғырту жөнiндегi бағдарламалар мен жобаларды қалыптастырады және жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының ғарыштық кеңiстiктi зерттеу және пайдалану жөнiндегi мемлекетаралық бағдарламалар мен коммерциялық жобаларға, шетел инвестицияларымен жүзеге асырылатын бағдарламалар мен жобаларға қатысатыны жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуына қатысады;
ұшатын аппараттардың ұшуын, түрлi мақсаттағы аэроғарыштық және ракета-ғарыштық жүйелердi құру және жүзеге асыру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды үйлестiредi;
аэроғарыштық қызметтiң хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлейдi және жүзеге асырады;
аэроғарыштық техниканың сертификатын ұйымдастырады;
Жыл сайын Ресей Федерациясының Үкiметi немесе өкiлеттi органдары ұсынған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ракеталық-ғарыштық техникаларды ұшыру жоспарын мүдделi министрлiктер мен ведомстволар бiрлесiп қарайды және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi;
аэроғарыштық қызмет саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ұйымдарға, ғылыми басқа форумдарға, саудаға, аукциондарға, көрмелерге қатыса отырып, Министрлер Кабинетiнiң тапсыруымен Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi;
ғарышкерлер даярлауды, аэроғарыштық салалар үшiн кадрлар даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;
аэроғарыштық ғылым мен ғарыштанудың, перспективалық ғарыштық технологияның, жаңа жабдықтар мен материалдардың ашылымдарының, жаңалықтарының және жетiстiктерiнiң ақпараттық-технологиялық банкiн құрады және олардың халық шаруашылығының мүддесiне пайдаланылуына жәрдемдеседi;
аэроғарыштық ғылымның, техниканың және ғарыштанудың жетiстiктерiн насихаттайды, бұқаралық ақпарат құралдары мен арнаулы басылымдар арқылы Қазақстан Республикасының ғарыштық кеңiстiктi зерттеу мен пайдаланудағы мақсаттары мен жетiстiктерiн жарнамалайды;
"Байқоңыр" ғарыш айлағының мүлiктiк және шаруашылық мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шарты жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асырады.
Ескерту. 5-шi тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi және жаңа абзацпен
толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.09.13. N 1260 қаулысымен.
IV. Агенттiктiң негiзгi құқықтары
6. Агенттiк:
Қазақстан Республикасының аэроғарыштық қызметiне қатысты министрлiктерiнiң, ведомстволарының және кәсiпорындарының ақпараттық-анықтамалық материалдары мен ведомстволық актiлерiн сұратып алуға және пайдалануға;
аэроғарыштық және Қазақстан Республикасының онымен шектес салаларының, соның iшiнде шетелдiк әрiптестер мен инвесторлардың қатысуындағы объектiлердiң базасында бiрлескен кәсiпорындар, холдинг компаниялары мен акционерлiк қоғамдар құру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне белгiленген тәртiппен дайындауға және енгiзуге;
кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың ерiктi жарнамалары есебiнен құрылатын және аэроғарыштық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға, жаңа ғарыштық технология мен техника жасауға бағытталған қорларды ұйымдастыруға және қатысуға;
ғалымдар мен мамандарды, соның iшiнде басқа мемлекеттерден де, аэроғарыштық қызмет саласындағы тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды контракт негiзiнде әзiрлеуге тартуға;
аэроғарыштық салалардың проблемалары бойынша ғылыми-техникалық және арнаулы форумдарға қатысуға және өткiзуге, олардың шешiмдерi мен материалдарын жариялауға құқылы.
V. Агенттiктiң басшылығы
7. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Бас директор басқарады.
Бас директордың Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындаған екi орынбасары және құрамы 5 адамнан тұратын алқасы болады.
Алқа құрамына лауазымы бойынша Бас директор (алқаның төрағасы) және оның орынбасарлары енедi. Агенттiктiң басқа да басшы қызметкерлерi, сондай-ақ мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және ведомстволардың өкiлдерi алқа мүшелерi бола алады.
Алқа мүшелерiн Агенттiктiң Бас директорының табыс етуiмен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
Агенттiктiң Бас директоры Бас директордың орынбасарларының арасындағы мiндеттердi бөледi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасын Басқарма бастығы - Агенттiктiң Бас директорының орынбасары басқарады.
Ескерту. 7-шi тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң
1995.09.13. N 1260 қаулысымен.
8. Бас директор мен оның орынбасарлары Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өздерiнiң қызметiн жүзеге асыруға тiкелей жауап бередi.
9. Бас директор Агенттiктiң ғарыш-техникалық кеңесiн басқарады, ғылыми-техникалық кеңес және оның құрамы туралы Ереженi бекiтедi.
10. Бас директор Агенттiктiң штат кестесiн, оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы Ереженi бекiтедi, белгiленген сан лимитi мен еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Агенттiк қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.
Ескерту. 10-тармақтан сөздер алынып тасталған - 1995.02.06.
N 115 қаулысымен.