1. "Қазагроөнеркәсiптехникасы" Республикалық бiрлестiгiнiң жүйесiнде совхоздарға, колхоздарға, шаруа қожалықтарына, басқа ауыл шаруашылық товар өндiрушiлерi мен ұқсату кәсiпорындарына шет ел капиталын тарта отырып олардың өнiмдерiн сатуға, озық технологияны енгiзуге, баспа-бас айырбас және басқа операциялар негiзiнде қажеттi материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге қызмет көрсету жөнiндегi аралық қызмет құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. "Қазақстан" сыртқы экономикалық ассоциациясы, "Каргил Интернейшнл СА" (АҚШ) корпорациясы құрған "Дән" бiрлескен кәсiпорнын жасау мақұлдансын.
3. "Дән" бiрлескен кәсiпорнына совхоздардан, колхоздардан, шаруа қожалықтарынан, кооперативтiк бiрлестiктерден және басқа ауыл шаруашылық товар өндiрушiлерден мемлекет мұқтажы үшiн белгiленген тапсырманы шаруашылық субъектiлер орындағаннан кейiн астықтың, жемiс-көкөнiстiң және мал шаруашылығы өнiмдерiнiң артығын сатып алуға рұқсат етiлсiн. Оның төлемi екi жақтың өзара келiсiмi негiзiнде валютамен, соммен, сондай-ақ фьючерлiк мәмiле жолымен, бiрақ Үкiмет белгiлеген алдын ала бағадан төмен болмайтындай дәрежеде жүзеге асырылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Дән" бiрлескен кәсiпорнын мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап экспорттық-импорттық операцияларды жүргiзу барысында түсетiн валюталық түсiмнен 3 жыл мерзiмге, ол 1993-1994 жылдың өнiмiнен астық экспорты бойынша түсетiн валюталық түсiмнiң аударымынан босатсын.
5. Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазастықөнiмi" концернi "Дән" бiрлескен кәсiпорнына баланстық құнымен 600 мың тонна, оның iшiнде облыстар бойынша: Қостанайға - 150 мың тонна, Ақмолаға, Көкшетауға, Солтүстiк Қазақстанға, Торғайға 100 мың тонна және Қарағандыға 50 мың тонна элеваторлық ыдыстарды 5 жыл мерзiмге жалға берсiн.
"Дән" бiрлескен кәсiпорны жалға алынған элеваторлық ыдыстарда шаруашылықтардан астықты жауапты сақтауға да, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшiн қабылдап алудың да барлық шарттарын сақтайтын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Дән" бiрлескен кәсiпорнының орталық аппаратын Алматы қаласының Ленин даңғылындағы 38 үйге орналастыру туралы мәселенi шешсiн.
7. Қазақстан Республикасының жергiлiктi жерлердегi әкiмдерi, министрлiктерi мен ведомстволары "Дән" бiрлескен кәсiпорнының ауыл шаруашылық товарын өндiрушiлерге қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындауына жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi