Республиканың медициналық мекемелерi мен халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 мамыр 1993 ж. N 422. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Денсаулық сақтау iсiн шынайы қаржыландырудың кемуi республиканың медициналық мекемелерi мен халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң елеулi түрде нашарлауына әкеп соқтырды. Дәрi-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қажеттiлiгi 30 процент, соның iшiнде импорттық өнiмдер жөнiнде - 12 процент қанағаттандырылуда. Валюталық қаржы болмауы салдарынан 106 миллион АҚШ доллары мөлшерiнде импорттық дәрi-дәрмек берiп тұруға арналып 1992 жылы жасалған контракт төленген жоқ. Республиканың фармацевтика өнеркәсiбiн құрудың қаржымен және ресурстармен нақты қамтамасыз етiлген бағдарламасы жасалмаған. Дәрi-дәрмек шығаратын қолда бар кәсiпорындарды, цехтар мен жекелеген өндiрiстердi қайта құру үшiн қаржы, соның iшiнде валюталық қаржы бөлiнбеген. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi, ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi, "Қазфармбиоөнеркәсiп" мемлекеттiк концернi: 
      - Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту концепциясын әзiрлеудi 2 ай iшiнде аяқтап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына табыс етсiн; 
      - 1993 жылдың аяғына дейiн фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың республикалық бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн; 
      - үстiмiздегi жылдың бiрiншi жартысы iшiнде дайын дәрi-дәрмектiк нысандар, инфузиялық сұйықтар мен вакциналар өндiру зауыттарын толық дайын етiп салу туралы мәселенi қарастырсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi өмiрлiк маңызы бар дәрi-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшiн қаржыны басымырақ бөлудi көздеп, осы мақсатқа бөлiнетiн валюта мөлшерiн 1993 жылы 100 млн. АҚШ долларына дейiн арттырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1992 жылы дәрi-дәрмек сатып алу үшiн шетел фирмаларымен жасалған контракттың қалған бөлiгiн төлеу және 1993 жылы дәрi-дәрмек құралдарына деген қажеттi қамтамасыз ету үшiн Денсаулық сақтау министрлiгiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қаңтардағы N 66 және 1993 жылғы 16 ақпандағы N 118 (7-тармақ) қаулыларымен белгiленген 10 проценттiк резерв есебiне тауар-шикiзат ресурстарын бөлсiн. 
     (4-тармақ)<*> 
       Ескерту. 4-тармақтың күшi жойылды - ҚРМК-нің 1994.11.02. N 1219 қаулысымен. 
      5. Дәрi-дәрмектiк өнiм сатып алу үшiн "Фармация" республикалық өндiрiс бiрлестiгiне 25 проценттiк жылдықпен 8 млрд. сом кредит бөлу мәселесiн қарау Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнен сұралсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1993 жылы Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан медицина және фармацевтика өнеркәсiбiнiң жаңа кәсiпорындарын салып, жұмыс iстеп тұрғандарын қайта құру үшiн 2 млрд. сом бөлудi көздейтiн болсын. 
      7. Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне: 
      "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының дәрiлiк өнiмдер сатып алу үшiн бөлiнетiн қаражат мөлшерiн ұлғайтуға қатысты бөлiгiне өзгерiс енгiзу туралы; 
      <*> 
       Ескерту. 7-тармақтың үшiншi абзацының күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.08.02. N 1069  қаулысымен
      8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Қаржы министрлiгi медицина мекемелерi мен фармацевтика өнеркәсiбiнiң электр және жылу энергиясына, коммуналдық қызметке жұмсайтын шығынына дотация беру туралы мәселенi қарастырсын. 
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi құрамына Дәрi-дәрмек пен медицина техникасы бұйымдарының сапасын бақылау мен стандарттау жөнiндегi бас басқарма құрылып, тиiстi еңбекақы қоры бар 14 адамдық қосымша штат берiлсiн. 
      10. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары республика халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудегi дағдарысты жағдайды ескерiп: 
      дәрi-дәрмек сатып алу үшiн қажеттi қаржы, оның iшiнде валюталық қаржы бөлiп отырсын;
      денсаулық сақтау органдарымен бiрлесiп, халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету iсiн қолдау қорын құру мүмкiндiгi  туралы мәселенi қарастырсын.
      11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Республика халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 13 наурыздағы N 234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 11, 190-бап) 7-тармағының күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады