1. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгi таратылсын.
2. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының таратылған Өкiлеттi өкiлдiгiнiң қызметкерлерiн босату қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргiзiлсiн.
3. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 2 сәуiрдегi N 830 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Елшiлiгi туралы Ереженi және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келiсiмдерге сәйкес берiлген өкiлеттiлiктердi басшылыққа алып отырады деп белгiленсiн.
4. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) дипломатиялық қызметкерлерiнiң штаттық саны (әкiмшiлiк-техникалық және қосымша құрам қызметкерлерiн есептемегенде) 34 адам болып бекiтiлсiн.
5. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) құрамында құрылымдық бөлiмше көзделсiн, оның негiзгi функциялары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласының Үкiметi арасында үкiметаралық сауда келiсiмдерi мен шарттарды, салалық екiжақты келiсiмдердi iске асыруды бақылау, Ресей Федерациясының министрлiктерiмен, ведомстволарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және кәсiпорындарымен, Мәскеу қаласының Үкiметiмен және облыстық әкiмшiлiктерiмен тұрақты байланысты жүзеге асыру, үкiметаралық және салалық экономикалық келiсiмдер мен шарттарды орындау iсiнде ТМД мемлекеттерiмен экономикалық байланыстарды және тiкелей байланыстарды одан әрi кеңейту жөнiнде барынша көмек көрсету болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгiне (Елшiлiгiнде) шифрлық қызметтi ұйымдастыру ұсынылсын.
7. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгiн (Елшiлiгiн) қалалық телефон желiсiнен бөлек байланыс жасайтын автоматтық байланыстың қазiргi түрлерiмен қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгiн (Елшiлiгiн) байланыстың қазiргi түрлерiмен және жабдықпен автоматтандыруға, компьютерлендiруге және жарақтандыруға қажеттi қаржы бөлсiн.
8. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) үшiн Елшiлiк дипломаттары пайдаланатын 20 қызметтiк жеңiл автомобиль, оның iшiнде еңбекақы қорынсыз 5 автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ГАЗ 31-29 (немесе сондай) 7 автомобиль, 2 РАФ шағын автобус (шетелдiк үлгiдегi), 5 ВАЗ-2107 (дипломатиялық құрам үшiн)алуға қаржы бөлсiн.
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгiне (Елшiлiгiне) қарамағындағы (пайдалануда болған) автомобильдердi нарықтық бағамен сатуға, түскен соманы жабдық пен мүкәммал алу үшiн Елшiлiктiң есебiне аударуға, сондай-ақ жекелеген жағдайларда мемлекеттiк басқару органдарына баланстан балансқа беруiне рұқсат етiлсiн.
9. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Мәскеу қаласына келетiн немесе Мәскеу қаласы арқылы басқа таяу және алыс шетелдерге баратын үкiмет делегацияларына, Үкiмет мүшелерiне, Жоғарғы Кеңес депутаттарына және басқа ресми адамдарға қызмет көрсету үшiн Елшiлiктiң автомобиль паркiн пайдалану тәртiбiн белгiлесiн.
10. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлiнiң (Елшiсiнiң) лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының жалақысы деңгейiнде белгiленсiн.
11. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына қарай белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) қызметкерлерiне жылдық төрт лауазымдық жалақы мөлшерiнде сыйлық берiлiп, жылдық екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде материалдық көмек көрсетiлетiн болсын.
Мәскеу қаласында күнкөрiс деңгейiнiң жоғары болуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлдiгiне (Елшiлiгiне) Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша Елшiлiктiң барлық санаттағы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына индекстеуге жататын қосымшаақы белгiлеуiне рұқсат етiлсiн.
12. Шығыс сметасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiне көзделген ақы төлеу шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) қызметкерлерiне Ресей Федерациясының мемлекеттiк басқару органдарының демалыс үйлерiнде саяжайды жалға алу, оларды емдеуге және сауықтыру мақсатына арналған шығындардың бабы көзделетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы өкiлеттi өкiлдiгiне Ресей Федерациясы Президентi Аппаратының медицина орталығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) басшы қызметкерлерiне, ал Мәскеу қаласының атқарушы өкiмет қызметкерлерiне қызмет көрсететiн медицина мекемелерiмен оның басқа қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсету жөнiнде шарт жасасуға рұқсат етiлсiн.
13. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi дипломатиялық құрамға (жекешелендiрмей) және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлер үшiн Мәскеу қаласында тұрғын үй сатып алуға, оның iшiнде 1993 жылы 400 шаршы метр тұрғын алаң сатып алуға арнап, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлдiгiне (Елшiлiгiне) қаржы бөлудi көздейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) сатып алынған тұрғын алаңды (дипломатиялық қызметкерлер үшiн ведомстволық тұрғын үй ретiнде, басқа қызметкерлер үшiн - Мәскеу қаласына арналып қолданылып жүрген ереже негiзiнде) пайдалану тәртiбiн анықтасын.
14. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) қарауында ұйымы (мейманхана кешенi) болады, оның негiзгi мiндетi - Мәскеу қаласына келген Қазақстан Республикасының үкiмет және ресми делегацияларын, бiрiншi кезекте Үкiмет мүшелерiн, Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттарын және басқа ресми адамдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерiн, азаматтарын орналастыруды және оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз ету.
15. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) мәселелерi" деген 1993 жылғы 18 қаңтардағы N 38 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi