1. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1966 жылғы 26 маусымдағы N 1094 өкiмi бойынша құрылған Қазақ политехника институтының қопару жұмыстарын кешендi механикаландыру салалық лабораториясы Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк қопару жұмыстары ғылыми-өндiрiс орталығы (ҚМҚҒО) болып қайта құрылсын.
Қазақ мемлекеттiк қопару жұмыстары ғылыми-өндiрiс орталығының тұратын жерi Алматы қаласы деп анықталып, ол қопару жұмыстарын кешендi механикаландыру салалық лабораториясының алаңына (Космонавтар көшесi, 147 "б") орналастырылсын.
2. ҚМҚҒО республика бойынша өнеркәсiптiк қопарғыш материалдарды дамыту, қарапайым аммиак-селитралы қопарғыш заттарды (оларды тiкелей тұтынатын жерлерде дайындап), қопару жұмыстарын механикаландыруға арналған технологиялық кешендердi, мәшинелер мен жабдықтарды жасап, өндiрiске енгiзу жөнiндегi жетекшi ұйым деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде ҚМҚҒО-ның жарғысы мен құрылымын бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының экономикасын өзгерту қорынан ҚМҚҒО материалдық-техникалық базасын және қопарғыш заттар өндiрiсiн нығайту мен дамыту үшiн инвестиция бөлудi көздейтiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жоғары оқу орындарының 1993-1994 және одан кейiнгi жылдарда қопарғыш заттар мен олардың тиiстi құрамды бөлiктерiн жасауға маманданған химияшы-технологтар және тау-кен инженерлерiн кәсiпорындармен тiкелей шарттар бойынша даярлап шығару жұмысын ұйымдастырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi