Мерейтойларды өткiзудi үйлестiрiп отыру, сонымен қатар өткiзiлетiн салтанаттар мен мерекелердi жүйелi тәртiпке түсiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Республикалық дәрежеде мыналар аталатын болып белгiленсiн:
рухани мәдениеттiң дамуына, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi адамдардың, ғылым мен мәдениеттiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары;
жалпыхалықтық тарихи және мәдени маңызы бар есте қаларлық оқиғалардың даталары;
республиканың экономикалық және рухани әлеуетiне аса зор үлес қосқан жекелеген кәсiпорындардың, ұйымдардың, ғылым мен мәдениет мекемелерiнiң, оқу орындарының, қоғамдардың құрылған жылдары.
2. Мерейтой шараларын өткiзудiң негiзгi арқауы - егемен мемлекетiмiздiң беделi мен мәртебесiн көтеру, ынтымақ-бiрлiктiң, ұлтаралық татулықтың нығаюы, қоғамдық санада жаңа дәстүрлердi бекiту, қазақстандық отаншылдық, тарихқа құрметпен қарау сезiмiн қалыптастыру болып саналсын.
3. Жекелеген адамдардың мерейтой даталары былайша белгiленiп, атап өту жөн деп табылсын: алғашқы жүзжылдықта - туғанына алпыс жыл толуы, содан кейiнгi әрбiр онжылдықтар; кейiнгi жүзжылдықтарда - әрбiр жиырма бес жыл сайын.
4. Жалпыхалықтық тарихи және мәдени маңызы бар атаулы оқиғалардың даталары, аса зор жетiстiктерге қол жеткiзген облыстардың, қалалардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, ғылыми және мәдени мекемелердiң, оқу орындарының, қоғамдардың мерейтойлары елу жыл толғанда, жетпiс бес жылдығында, жүз жыл толғанда, одан әрi әрбiр жиырма бес жыл сайын атап өтiлетiн болсын.
5. Атаулы оқиғалардың мерейтой даталарының жалпыхалықтық маңызын анықтау үшiн оларды алдын-ала ғылыми сараптан өткiзiп алу қажет.
6. Облыстық дәрежеде өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы даталар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң келiсiмi бойынша облыстардың әкiмдерi мен халық депутаттары облыстық Кеңестерiнiң бiрлескен шешiмiмен белгiленедi.
7. 1993-1995 жылдар аралығында республикалық дәрежеде
өткiзiлетiн көрнектi адамдар мен атаулы оқиғалардың мерейтойларының ұсынылып отырған тiзiмi мақұлдансын. 8. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Мерекелердi мейрамдауға тәртiп орнату туралы" 1967 жылғы 21 ақпандағы N 114 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 465 қаулысына Қосымша 1993-1995 жылдар аралығында республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлардың Тiзiмi (Кесте)