Меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардан қолда бар ақшаның банк мекемелерiнiң кассаларына түсуiн бақылауды күшейту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 8 маусым N 483. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.01.15. N 67 қаулысымен.

      Ақша-несие саясаты саласында дағдарысқа қарсы кезек күттiрмес шараларды орындау, республикада төлем және несие тәртiбiн нығайту, қолда бар ақшаның банк кассаларына барынша түсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ қолда бар-ақша эмиссиясын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Меншiктiң барлық түрлерiндегi кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар коммерциялық және комиссиялық дүкендердi оның iшiнде жеке адамдарға тиесiлi, стационарлық сауда орны жоқ жеке адамдардан басқа қоса алғанда үстiмiздегi жылдың 1 тамызынан бастап сатылған тауарлар мен көрсетiлген қызмет үшiн халықтан ақшаны бақылау-кассалық аппараттар арқылы қабылдап алуға көшетiн болсын. <*>
      Сатып алынған тауарды тiркеу үшiн және сапасыз тауарлар қайтарыла қалғандай болса сатып алушының қолына мiндеттi түрде чек берiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа толықтырулар енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.04.13.
               N 463 қаулысымен.
      2. Жергiлiктi әкiмдер, бөлшек сауда желiсi бар министрлiктер мен ведомстволар республика банкiлерiмен бiрлесiп халықпен бақылау-кассалық аппараттар арқылы есеп айырысуға бақылау орнататын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiне Ұлттық банкпен бiрлесiп және олардың жергiлiктi жерлердегi органдарына халықпен тауар сататын және қызмет көрсететiн орындарда бақылау-кассалық аппараттар арқылы есеп айырысқан кезде қолда бар-ақша қаржысы есебiнiң толық болуына бақылау жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Ұлттық банкiмен бiрлесiп бiр айлық мерзiмде:
      өз қызметiнiң ерекшелiгiне қарай халықпен есеп айырысқанда бақылау-кассалық аппараттарды қолдана алмайтын кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жекелеген санаттарының тiзiмiн;
      халықпен есеп айырысқан кезде қолда бар ақша қаржысын есептеу үшiн бақылау-кассалық аппараттарды қолданудың республиканың барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi орындауға мiндеттi тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, бекiту жүктелсiн.
      5. "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi екi апта мерзiмде кәсiпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды бақылау-кассалық аппараттармен қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн шаралар әзiрлеп, осы кезеңде бақылау-кассалық аппараттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелетiн заңды ұйымдар мен жеке адамдарды кедендiк баж салығын төлеуден босатуды көздейтiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi меншiктiң барлық түрлерiндегi сауда ұйымдарынан кассалардың тауар сатудан алынған түсiмдi пайдаланатын арналарын бейнелейтiн айналымы туралы есебiн тоқсан сайын алып тұруды ұйымдастырсын.
      7. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi банкiлермен, қаржылық бақылау органдарымен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп меншiктiң барлық түрлерiндегi кәсiпорындар тауарлар мен көрсетiлген қызмет үшiн есеп айырысудың белгiленген тәртiбiн бұзды деп тауып, айып санкцияларын қолдануға бақылауды күшейтсiн. <*>
      Ескерту. 7-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1996.02.22. N 229 қаулысымен.
      8. "Қазавтокөлiк" Қазақ мемлекеттiк автокөлiк концернi мен оның ведомствоға бағынысты ұйымдары екi апта мерзiмде халықты тасымалдау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтi көбейту мүмкiндiгiн қарайтын болсын. Жолаушылардың билетсiз жүруiне мүмкiндiк бермейтiн көлiк қызметiне ақы төлеудiң тиiстi тәртiбi жолға қойылсын.
      9 <*> .
      10. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi рұқсат беру және халықтың жайма базарға ақы төлеп кiру жүйесiн ретке келтiрсiн. 1993 жылдың 20 шiлдесiне дейiн кiру билеттерi бағасының нарқын әзiрлеп, бекiтетiн болсын. Банктерге найма базарлар қызметiнен түсетiн пайданың толық алынуына тиiстi бақылау орнату ұсынылсын.
      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне, оның облыстық басқармалары:
      орталықтанған кредит ресурстарын бөлшек сауда желiсiнiң сауда ұйымдарына халық тұтынатын тауарларды қосымша сатып алуға тауарларды сатудан түскен қолма-қол ақша қаржысы есебiнен несиенi өтейтiндей етiп бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын;
      <*>
      банктердiң кассаларына инкассация қызметi арқылы ақшалай түсiмдi күн сайын барынша жинап отыруды қамтамасыз етсiн. Қолма-қол ақшаны инкассациялаудың шарттары мен тәртiбiн жасап, қолданатын болсын. Түсiмнiң банктердiң кассаларына уақтылы және толық түсуiне тиiстi бақылау орнатсын.
      Ескерту. 11-тармақтан 3-шi абзацы алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1996.02.22. N 229 қаулысымен.
      12. Республиканың коммерциялық, кооперативтiк және жеке банкiлерi:
      <*>
      өздерi қызмет көрсететiн кәсiпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан банктердiң кассаларына түсiмнiң уақтылы және толық түсуiне тиiстi бақылау орнатсын;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң аталған Уақытша ережеге сәйкес кассалардың қалдығын өздерi белгiлеген лимиттен асырып жiберу фактiлерi байқалған кезде оларға айып алу арқылы экономикалық санкциялар қолдансын. Алынған айып сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген тәртiппен бюджет табысына жiберiлсiн;
      <*>
      қолданылып жүрген заңда көзделген жағдайдан басқа кезде қолма-қол ақшамен несие берiлмейтiн болсын;
       <*>
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
               1996.02.22. N 229 қаулысымен.
      13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгi Президенттiң "Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 17 наурыздағы Жарлығына сәйкес меншiктiң барлық түрлерiндегi кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қолма-қол ақшаны заңсыз пайдалануына жол бермеуiне күш-жiгердi шоғырландырсын.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы халықпен есеп айырысу кезiнде қолдағы ақша қаражатын есептеуге арналған бақылау-касса аппараттарын қолдану тәртiбi туралы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн мынадай айыппұл санкцияларын қолдансын:
      ақшалай есеп айырысуды бақылау-касса аппараттарын қолданбай жүргiзетiн кәсiпорынға заңмен белгiленген ең төменгi еңбекақының 350 есе мөлшерiнде айыппұл салынады;
      ақаулы бақылау-касса аппаратын пайдаланған кәсiпорынға заңмен белгiленген ең төменгi еңбекақының 200 есе мөлшерiнде айыппұл салынады;
      сатып алушыға (клиентке) чек берiлмеген немесе тауарлар (қызметтер) үшiн төленгенiнен кем сомаға чек берiлген жағдайда айыппұл ең төменгi еңбекақының 10 есе мөлшерiнде өндiрiп алынады, алайда ол ақысы төленген тауарлар (қызметтер) құнының 20 процентiнен кем болмауға тиiс.
      өндiрiп алынған айыппұлдардың жалпы сомасының 20 процентi республикалық бюджетке, 80 процентi жергiлiктi бюджетке есептеледi. <*>
      Ескерту. 13-тармақ келесi абзацтармен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               6.01.1994 ж. N 35 қаулысына сәйкес.
      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден бас басқармасы Қазақстан Республикасына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн қолма-қол ақшаға шектеу белгiлесiн.
      Сомдық аймақтағы мемлекеттерге келгенде немесе осы мемлекеттерден кеткенде бiр адамның Қазақстан шекарасы арқылы 500 мың сомға дейiн алып өтуiне рұқсат етiлсiн.
      Сом айналысы аймағынан шыққан мемлекеттерге (Литва, Латвия, Эстония, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан және Украина) келгенде немесе олардан кеткенде, сондай-ақ алыс шетелдерге барғанда қолма-қол ақша әкелу мен әкету 100 мың соммен шектелсiн. Сонымен бiрге оларды кемiнде 1000 сомдықтармен алып жүретiн болсын.
      15. Республиканың Ұлттық банкiне осы қаулыны ескере отырып бiр айлық мерзiмде республиканың халық шаруашылығында 1993 жылы кассалық операциялар жүргiзудiң Уақытша ережесiн шығару ұсынылсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады