"Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы кәсiпорындарының баспабас операцияларды жүзеге асыруы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 22 маусым N 523. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.08.26. N 807 қаулысымен. ~P980807

      Өндiрiстiң төмендеуiне жол бермеу, еңбекшiлердiң жұмыспен қамтылуын сақтап қалу мақсатында Қазақстан Республикасында Президентiнiң "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 жарлығының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының кәсiпорындарына шетел фирмаларымен баспабас операциялар негiзiнде натрий триполифосфатын, фосфор қышқылын, аммофосты, аммофосфатты, трикальцийфосфатын, диаммонийфосфатын 1993 жылы экспортқа берiп тұруға рұқсат етiлсiн.
      2. "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының кәсiпорындары аталған өнiмдердi экспортқа берiп тұрғаны үшiн кеден баж салығын төлеудi кеден баж салығының сомасына сай халық тұтынатын тауарлармен және дәрi-дәрмекпен жүзеге асыратын болып, оларды өткеру үшiн Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгiне беретiн болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi баспабас тауар алу, тауарлық үстеме бағаны ескерiп өткiзу жөнiнде үкiмет бекiткен көлемде кеден баж салығын есептеу мен төлету тәртiбiн әзiрлесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгi "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясымен заттай күйiндегi кеден баж салығының көлемiне шарт жасассын.
      Аталған өнiмдердi өткiзуден түскен кеден баж салығы сомасына сайма-сай келетiн кiрiс сомасының тауарлар шығасысы және оны тасымалдау мен сақтау шығындарынан басқасы Республикалық бюджетке есептеледi.
      5. Осы төлемнiң бюджетке толық және уақтылы төленуiн бақылау "Қаратау" акционерлiк компаниясына жүктелсiн.
             Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады