1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны бiр адамға ұлғайтылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның штатына бас ғалым хатшының орынбасары лауазымы енгiзiлiп, оған министрлiктiң, ведомствоның дербес басқармасы, бөлiмi бастығының деңгейiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның бас ғалым хатшысының лауазымдық жалақысы айына 62 мың сом мөлшерiнде белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi