Қазақстан Республикасында бағалы металдардың қайталама ресурсын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 20 тамыз 1993 ж. N 718. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Құрамында бағалы металдар бар сынықтар мен қалдықтарды дайындау (өткiзу) жөнiндегi жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ республикада бағалы металдардың қайталама ресурсын өңдеу технологиясын игеру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1."Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясына, "Алтын" акционерлiк қоғамына республикада бағалы металдардың қайталама шикiзатын өңдейтiн өз қуаты жасалғанға дейiн бағалы металдарды "Сэйбин металл корпорэйшн" фирмасының (АҚШ) және басқа фирмалардың зауыттарында алынған бағалы металдар мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң Мемлекеттiк құнды заттар қоймасына қайтарылатын етiп өңдеуге рұқсат етiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi: 
      "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясына, "Алтын" акционерлiк қоғамына 1993-1994 жылдары құрамында бағалы металдар бар сынықтар мен қалдықтарды өңдеуге байланысты операциялар жүргiзуге қажеттi лицензиялар беретiн болсын; 
      "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы, "Алтын" акционерлiк қоғамы түстi металдардың экспортына жалпы квоталарда есеп айырысу үшiн және "Сэйбин металл корпорэйшн" фирмасы мен басқа фирмалардың зауыттарында көрсеткен қызметi үшiн шығынның орнын толтыратын өнiм көлемiн қарастырсын. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының 7-тармағына сәйкес өңдеуге кеткен шығынның орнын толтыру үшiн сыртқа шығарылатын құрамында бағалы металдар мен түстi металдар бар қайталама шикiзаттан кедендiк баж салығы алынбайтын болсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады