Жазушы Оралхан Бөкеевтiң есiмiн мәңгi есте қалдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1993 жылғы 27 тамыздағы N 742

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Көрнектi жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының иегерi Оралхан Бөкеевтi мәңгi есте қалдыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң:
      - Шығыс Қазақстан облыстық бюджетi, сондай-ақ басқа да түсiмдер есебiнен О. Бөкеевтiң қабiрi басына ескерткiш құлпытас тұрғызу, жазушы тұрған Алматы қаласы Жамбыл көшесiндегi N 165 үйге мемориалды тақта орнату, жазушының туған жерi Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданында О.Бөкеевтiң әдеби-мемориалдық музейiн ұйымдастыру туралы;
      - Алматы қаласының бiр көшесiне, Өскемен қаласындағы бiр мектепке О.Бөкеевтiң есiмiн беру туралы;
      - Шығыс Қазақстан Мемлекеттiк университетiнiң студенттерi үшiн О.Бөкеев атындағы бiр стипендия тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Алматы қаласының әкiмiмен келiсiлген ұсыныстары құпталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi О.Бөкеевтiң екi томдық таңдамалы шығармалар жинағын, жазушы туралы естелiктер жинағын бастырып шығаратын болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады