"ӨТМК-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 17 қыркүйек N 906. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.10.23. N 1372 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Кен-металлургия кешенiн мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1287 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Өскемен титан-магний комбинатының базасында "ӨТМК-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын.
      2. Компания басқармасының орналасатын жерi Өскемен қаласы болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      осы қаулыға тiркелген қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен акционерлiк қоғамдардың құрамында Компанияны құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлесiн;
      Компанияға кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ бұрын құрылып, Компанияның құрамына енген акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын беретiн болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акцияландыру барысына қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялардың пакеттерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары (II кезең) мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында белгiленген тәртiппен Компанияның иеленуi, пайдалануы және басқаруына берiлсiн.
      4. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаттары мыналар деп белгiленсiн:
      титан, магний, цирконий және рутил бойынша өзiнiң шикiзат базасын құру; титанды балқыту, прокаттау, құю және титан мен оның өнiмдерiнен бұйымдар әзiрлеу жөнiнде өндiрiстiк қуаттар құру;
      Қазақстанның халық шаруашылығында титанды кеңiнен қолдануды ұйымдастыру, тұтыну нарығын халық тұтынатын тауарлардың жекелеген түрлерiмен және басқа өнiммен молықтыру;
      Компания құрамына енген кәсiпорындардың қызметiн үйлестiрiп, олардың қызметiне неғұрлым тиiмдi жағдайлар жасау;
      Компания кәсiпорындарының өндiрiстiк бағдарламаларының теңдестiрiлуiне, нарықтық конъюнктура мен маркетинг қызметiне талдау жасау;
      өндiрiстiк, коммерциялық, ғылыми-техникалық қызмет пен әлеуметтiк салаға капиталды инвестициялау;
      еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындарды қаржыландыру үшiн шетелдiк және отандық инвесторларды iздестiрудi жүзеге асыру;
      ғылыми-техникалық әзiрлемелер, стандарттау, айналадағы ортаны қорғау және әлеуметтiк бағдарламалар саласындағы стратегия мен тактиканы қалыптастыру;
      кәсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
      Компанияға енетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын тағайындау және бекiту;
      еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың Байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларға өз өкiлдерiн тағайындау.
      5. Компания бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың басшылығын өз орнында қалдырып, олардың Байқаушы кеңестерiнiң құрамына өз өкiлдерiн тағайындайтын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi,

"Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясы 
Компанияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын
қабылдайтын болсын.
     7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi 
мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитетi Өскемен 
титан-магний комбинатымен бiрлесiп қолдағы ресурстар есебiнен
Компанияға қажеттi қызмет үй-жайларын, техникалық құралдарды
және телефон мен телекс байланысы арналарын бөлетiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 17 қыркүйектегi
                                         N 906 қаулысына
                                          Қосымша
            "ӨТМК-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясына
             кiретiн акционерлiк қоғамдардың, кәсiпорындар
                         мен ұйымдардың
                             Тiзбесi
Өскемен титан-магний комбинаты, Өскемен қаласы

"Титансирекметкерамика" ғылыми-өндiрiстiк аймақтық акционерлiк бiрлестiгi, Асубұлақ поселкесi, Шығыс Қазақстан облысы "Шоқаш" бiрлескен шағын кәсiпорны, Ақтөбе қаласы Жауапкершiлiгi шектеулi "Солтүстiкқазгеология" серiктестiгi (Обухов кенiшi), Көкшетау қаласы "Рауан" өндiрiстiк-сауда акционерлiк фирмасы, Өскемен қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады