Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1993 ж. N 959. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн. 

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi
 

                                          Қазақстан Республикасы 
                                        Министрлер Кабинетiнiң 
                                       1993 жылғы 29 қыркүйектегi 
                                           N 959 қаулысымен 
                                            Бекiтiлген 

          Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау 
                        туралы 
                        Ереже

        1. Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау - бұл Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың (бұдан әрi "Қазгидромет") қызметiнiң түрi, оның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында министрлiктер, ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар өткiзiп жатқан гидрометеорологиялық бақылау мен жұмыстың, сондай-ақ атмосфералық ауаның, су бетi мен топырақтың ластануын бақылаудың (бұдан әрi "гидрометеорологиялық бақылау мен жұмыстар") және нәтиженiң салыстырмалығын, сапасын, дұрыстығын қамтамасыз ету болып табылады. 
      2. Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау мiндеттi сипатқа ие және ол шаруашылық шешiмдердi қабылдаудың алдында жүргiзiлуге тиiс. 
      3. Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптаудың мiндетi министрлiктер, ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар өткiзiп отырған гидрометеорологиялық жұмыстар мен бақылау нәтижесiнiң сапасы мен дұрыстығын бағалау, сондай-ақ жоспарланған шаруашылық қызметiнiң, оның iшiнде объектiлер мен құрылыстарды жобалау мен салуды гидрометеорологиялық негiздеу болып табылады. 
      4. Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптаудың объектiлерi мыналар болып табылады: 
      метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық және гидрологиялық бақылау пункттерiн, сол сияқты атмосфералық ауаның, су бетi мен топырақтың ластануын бақылайтын стационарлық және жылжымалы постыларды ұйымдастыру жөнiндегi құжаттар; 
      гидрометеорологиялық бақылау мен жұмыс нәтижелерiнiң материалдары; 
      гидрометеорологиялық жұмыстар мен бақылау өткiзу кезiнде алынған материалдардың негiзiнде толық немесе жартылай түзiлген ғылыми-техникалық есеп берулер; 
      мемлекеттiк жоспарлардың жобалары, экологиялық бағдарламалар, өндiрiс күштерi мен халық шаруашылығы салаларын орналастырудың схемалары мен негiзгi бағыттарының тұжырымдары, шаруашылық және басқа қызметтi дамыту жөнiндегi жобалау құжаттары, гидрометеорологиялық деректердi және министрлiктер, ведомстволар, мекемелер Қазгидрометтен алған және өздерi жүргiзген бақылау мен жұмыстар кезiнде алған айналадағы ортаның ластануын бақылау деректерiн пайдалана отырып әзiрленген техникалық-экономикалық негiздер мен құрылыс жобалары. Бұл объектiлердi сараптауды Қазгидромет оны экологиялық сараптау және Құрылысминi Қазбасмемсараптау органдары тартқан жағдайда жүзеге асырады. 
      5. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау өткiзуге сараптау комиссияларына енгiзiлетiн заңды ұйымдар мен жеке адамдар (сарапшылар) шарт негiзiнде тартылады. 
      Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау өткiзуге қатысушы заңды ұйымдар мен жеке адамдар (сарапшылар) өздерi жасаған қорытындылардың негiздiлiгi мен объективтiлiгiн қамтамасыз етедi. 
      Сарапшылардың жұмыс тәртiбi мен өкiлеттiлiгiн Қазгидромет айқындайды. 
      6. Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптауды жүзеге асыру мақсатында Қазгидромет: 
      осы Ереженi орындауға бағытталған республиканың министрлiктерi, ведомстволары, мекемелерi мен ұйымдары үшiн мiндеттi құжаттар шығару; 
      гидрометеорология саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi әдiстемелiк құжаттардың талабын сақтауды және табиғи ортаның ластануын бақылауды тексерудi жүзеге асыру; 
      гидрометеорологиялық жұмыстар мен бақылау жүргiзу кезiнде әдiстемелiк құжаттардың талаптарын орындамаған лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы министрлiктер, ведомстволар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары алдында мәселе қою; 
      сараптау комиссияларының дербес құрамын айқындау, оларда жетекшi ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды штаттан тыс сарапшылар ретiнде жұмыс iстеуге белгiленген тәртiппен тарту; 
      сараптау өткiзудiң мерзiмi мен сараптау комиссиялары жұмысының нәтижелерiн табыс етудiң тәртiбiн белгiлеу; 
      қажет болған жағдайда мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптаудың қорытындылары бойынша гидрометеорологиялық жұмыстар мен бақылауды, сондай-ақ гидрометеорологиялық ақпаратты пайдалануға негiзделген басқа да қызметтердi қысқарту, тоқтату немесе қаржыландыру мен кредит берудiң шартын өзгерту туралы республиканың Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзу; 
      мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау нәтижелерi бойынша Қазгидромет қабылдаған шешiмдердi заңды ұйымдар мен жеке адамдардың орындауына бақылауды жүзеге асыру; 
      мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау өткiзу үшiн қажеттi анықтамалық, ақпараттық және басқа материалдарды министрлiктерден, ведомстволардан, мекемелерден, ұйымдардан және лауазымды адамдардан алып отыру құқына ие. 
      7. Қазгидромет сараптау өткiзген кезде материалдар мен құжаттардың түсiнiктi, қорытындылардың дәлелдi болуын, қолданылып жүрген нормалардың, ережелердiң, стандарттардың жариялылығын, сақталуын, сараптық қорытындының дер кезiнде дайындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      8. Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау өткiзуге қатысушы сарапшылар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес даяр етiлген қорытындылардың жинақылығын, ғылыми негiздiлiгi мен объектiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әкiмшiлiк жауапқа және басқа жауапқа тартылады. 
      Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау өткiзуге қатысушы сараптау мен сараптық комиссиялар туралы Ереженi Қазгидромет бекiтедi. 
      9. Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптаудың қорытындысына белгiленген тәртiппен төрелiк сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 
      10. Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау қызметiн қаржыландыру Қазгидрометтiң операциялық шығындарына арнап бөлiнген қаржы және мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау өткiзуден түскен қаражат шегiнде жүзеге асырылады. 
      11. Мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау өткiзуден түскен қаржы: 
      мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау мен бөгде ұйымдарға қызмет көрсету мiндеттерiн орындауды жүзеге асырушы қызметкерлердi қосымша штатта ұстауға арналған шығындарды төлеуге; 
      штаттан тыс сарапшылар мен консультанттардың еңбегiн төлеуге; 
      мемлекеттiк гидрометеорологиялық сараптау қызметiн ақпараттық-әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады