ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШIЛIГIНIҢ МӘСЕЛЕЛЕРI

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 28 қазан 1993 ж. N 1071

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан Республикасы, Украинада елшiлiктерiн ашу туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1057 U931057_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiлiгi қызметкерлерiнiң штат саны 12 адамнан тұратын болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты басшысының жалақысы деңгейiнде белгiленсiн.
      Өзбекстан Республикасымен қатынастардың маңыздылығын және жұмыс көлемiнiң үлкендiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына 20 процент мөлшерiнде үстемеақы тағайындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiлiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына қарай белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң қызметкерлерiне жылына төрт лауазымдық жалақы мөлшерiнде сыйақы берiлсiн, ал материалдық көмек екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде көрсетiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына ай сайын 15 процент мөлшерiнде үстемеақы белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң шығын сметасы 1993 жылдың 3 айына 474421 мың сом көлемiнде бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша шығын сметасын белгiленген тәртiппен түзететiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы

Елшiлiгiне өкiлдiк мақсаттар үшiн шетелде шығарылған бiр автомашина
алуға рұқсат етiлсiн.
     6. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының
Сауда министрлiгi, Республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясы
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң
жабдықтар мен мүкәммалға қажеттiлiгiн қарастырып, олардың 1993 жылы
бөлiнуiн және жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады