1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Тұранбанк", "Кредәлеуметбанк", "Қазақстан Әлем Банкi", "Қазагроөнеркәсiпбанк" және "Қазжинақбанк" акционерлiк-коммерциялық банктерiмен бiрлесе отырып екi ай мерзiм iшiнде жоғарыда аталған банктердi акционерлiк банктер етiп қайта құру жөнiндегi құрылтай құжаттарын әзiрлеудi аяқтасын.
2. Акционерлiк-коммерциялық банктерде акциялардың мемлекеттік пайының үлесiн анықтағанда банктердi акционерлiк-коммерциялық банктер етiп қайта құру мезгiлiнде олардың жарғылық қорларындағы мемлекеттiк қаржы салымы акциялардың мемлекеттiк пайы деп есептелсiн.
Акционерлiк, коммерциялық және кооперативтiк банктердiң ұлғайтылған жарғылық қорындағы акциялардың мемлекеттiк пайының үлесi болып мыналар есептеледi:
- мемлекеттiк кәсiпорынға тиесiлi акциялар пайы, оның iшiнде, егер банктiң Жарғылық қорын тексеру сәтiнде акционер кәсiпорын (пай төлеушi) мемлекеттiк кәсiпорын болып табылса, банкке мемлекеттiк жарнадан түскен және оның жарғылық қорын ұлғайтуға жұмсаған түсiмi.
Бұдан бұрын сатып алынған акциялар оларды әрi қарай қайта рәсiмдеу үшiн банкiге қайтарылуға тиiс:
- мемлекеттiк мүлiктiң сатып алынбаған бөлiгiндегi бұрынғы мемлекеттiк кәсiпорындар негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар мен ұжымдық кәсiпорындарға тиесiлi акциялар пайы, одан түскен түсiм қоса алынады. Бұл ретте акционерлiк қоғамдардағы жарғылық қорлар мен мемлекеттiк пай үлесi тиiсiнше кемiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып, жарғылық қорларында мемлекеттiк кәсiпорындар салған мемлекет қаржысы бар банктердiң басқа құрылтайшыларының жарғылық капиталдарына тексеру жүргiзсiн. Бұл орайда осы банктердiң жарғылық қорларындағы мемлекет қаржысының анықталған салымына сәйкес келетiн мемлекеттiк пайды ресiмдеу жүзеге асырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi барлық акционерлiк, коммерциялық және кооперативтiк банктердiң жарғылық капиталдарын қайта тiркеп және олардағы мемлекет қаржысының үлесiн анықтаудың нәтижесi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн басқару, иелену және пайдалану құқығын, әр банктiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiк ақшалай салымы мен оның үлесiн көрсеткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қаулысымен бекiте отырып, беретiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне банктердiң мемлекет атынан дауыс беретiн Байқаушы кеңестерi мүшелерiнiң кандидатуралары бойынша ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен Министрлер Кабинетiне Байқаушы кеңестердiң мүшелiгiне кандидатуралар және осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген акционерлiк банктер басқармаларының төрағалары бойынша ұсыныстар дайындап, табыс ететiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi банктердiң бiрiгу, қосылу, бөлiну, жеке шығу және өзгертiлу, сондай-ақ жұмысын доғару жолымен қайта құрылуы кезiнде мемлекеттiк және мақсатты бағдарламаларды орындайтын кәсiпорындар мен ұйымдарды қаржы-кредит тұрғысынан қолдау саясатын жүргiзу үшiн мемлекеттiк банктер немесе меншiк нысаны аралас банктер құру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
Басым салалардың кәсiпорындары мен ұйымдарын акциялардың бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк банктер арқылы қаржы-кредит тұрғысынан қолдау саясатын жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Экономика министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының 1994 жылға арналған индикативтiк жоспарын әзiрлеуде:
- мемлекеттiк және мақсаттық бағдарламаларды орындаушы нақты кәсiпорындар мен ұйымдарды қолдау үшiн кредит жоспары құрамында кредит ресурстарын;
- басым салаларға жеңiлдiкпен кредит беру үшiн мемлекеттiк бюджет және Экономикалық өзгерiстер қорынан қаражат бөлудi көздейтiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне банктерден түскен түсiм есебiнен жеңiлдiктi кредит беруден келген шығындарды белгiленген тәртiппен өтеудi жүзеге асыру құқығы берiлсiн.
8. Бөлiнген кредит ресурстарының пайдаланылуына бақылау жасау үшiн осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген банктерде инженерлiк-техникалық бақылау бөлiмдерi қалпына келтiрiлсiн.
9. Банктердiң бюджет қаржысын пайдаланудан түскен түсiмдерi 1993 қаржы жылындағы банктердiң жұмыс нәтижелерiнен бастап, толығымен бюджет кiрiсiне аударылатын болып белгiленсiн.
10. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң қолданылып жүрген заң және нормативтiк актiлерiне тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр