Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 25 қазандағы N 2477 Заңымен енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен 1993 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет N 1 қосымшаға сәйкес кiрiсi бойынша 2 151 247 361 мың сом сомасында және шығыс бойынша 2 580 874 606 мың сом сомасында, тапшылықтың шектi мөлшерi 429 627 245 мың сом сомасында орындалуға қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының осы аталған Заңымен:
- 1993 жылғы 1 қазаннан қосымша ақы мен үстеме ақыны, сыйлықтар мен басқа да ынталандыру төлемдерiн есепке алмағанда, ең төменгi еңбекақы айына 14600 сом мөлшерiнде белгiленгенi;
- 1993 жылғы 1 қазаннан зейнетақы мен жәрдемақының барлық
түрлерiнiң қолданылып жүрген мөлшерiнiң өсiрiлгенi және жасының
ұлғаюына байланысты зейнетақының ең төменгi мөлшерi ең төменгi
еңбекақы деңгейiнде сақталғаны;
1993 жылғы 1 қазаннан бастап балалары бар отбасыларына
қолданылып жүрген заңға сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен
ай сайын төленетiн жәрдемақы мынадай мөлшерде:
- мына жастағы балаларға берiлетiн бiрыңғай жәрдемақы:
3 жасқа дейiн - 10 400 сом;
3 жастан 18-ге дейiн - 7 800 сом;
- мына жастағы балалары бар жалғызбасты аналарға берiлетiн
мемлекеттiк жәрдемақы:
6 жасқа дейiн - 6 500 сом;
6-дан 18 жасқа дейiн - 7 400 сом
- мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына және инфекциялық вирусты жұқтырған иммунодефициттi немесе СПИД-пен ауырған адамның балаларына берiлетiн жәрдемақы - 8 700 сом болып белгiленгенi;
- халықтың аз қамтылған бөлiгiне отынға арнап республикалық бюджет есебiнен 50 711 800 мың сом мөлшерiнде өтемақы төлеу көзделгенi ескерiлсiн.
Баға реттеу қорының қаражаты мына бағыттарға:
табысы аз азаматтарға көрсетiлетiн тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң жекелеген түрлерiнiң шығынын өтеу үшiн - 11 652 000 мың сом, Ресейге берiлетiн астық бағасының айырмасын өтеу үшiн - 4 000 000 мың сом және ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерге дизель отыны шығынын өтеу үшiн 1993 жылғы 1 қазанға дейiнгi кезеңде 27 000 000 мың сом жұмсалады.
- 1993 жылғы 1 қарашадан бастап стипендия өндiрiстен қол үзiп оқитын аспиранттарға - кiшi ғылыми қызметкердiң еңбекақысының мөлшерiнде, жоғарғы оқу орындарының үлгерiмдi студенттерiне - айына 11 700 сом, оқу мерзiмi 10 айға дейiнгi арнаулы орта оқу орындары мен кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушыларына - айына 10 200 сом
болып белгiленсiн;
- 1993 жылғы 1 қарашадан бастап жалпы бiлiм беретiн
мектептердiң 1-4 сыныптарының оқушыларына тамақтануға шыққан
шығынды iшiнара өтеу бiр оқушыға күнiне 400 сом мөлшерiнде
белгiленсiн;
- 1993 жылы облыстар мен Ленинск қаласының бюджеттерiне
субвенция 241 679 270 мың сом мөлшерiнде бөлiндi, соның iшiнде:
(мың сом)
Ақмола облысы 2 562 384
Ақтөбе облысы 4 950 656
Алматы облысы 36 714 224
Атырау облысы 6 694 327
Шығыс Қазақстан облысы 1 438 201
Жамбыл облысы 17 358 461
Жезқазған облысы 443 060
Батыс Қазақстан облысы 6 515 724
Қарағанды облысы 3 550 852
Қызылорда облысы 46 499 773
Көкшетау облысы 7 517 618
Қостанай облысы 483 922
Маңғыстау облысы 1 425 888
Павлодар облысы 1 340 999
Солтүстiк Қазақстан облысы 2 340 420
Семей облысы 24 189 712
Талдықорған облысы 11 213 280
Торғай облысы 3 787 287
Оңтүстiк Қазақстан облысы 53 732 270
Ленинск қаласы 8 920 212
3. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгi темiр жол басқармасының бiлiм беру және денсаулық сақтау мекемелерiн ұстауға бөлiнген 28,9 млрд. сом қаржы, соның iшiнде жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 1-4 сынып оқушыларын тамақтандыруға шыққан шығындарды iшiнара өтеуге бөлiнген 637 млн. сом қаржы бiлiм беру мен денсаулық сақтауға шыққан шығындардың құрамында екенiн ескерсiн.
4. N 2 қосымшаға сай бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға арналған шығындардың құрамында газет, журнал редакциялары құрылтайшылары бойынша 9 849 011 мың сом мөлшерiнде дотация көзделсiн.
5. Мемлекеттiң мұқтажы есебiне 1993 жылдың астығын сатып алуға жеңiлдiкпен берiлетiн кредиттiң бөлiнуiне байланысты шыққан шығынды өтеу механизмiнiң өзгеруiне байланысты "Астық" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясына 57 733 300 мың сом және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 30 тамыздағы N 1333 өкiмiне сәйкес "Мұнай өнiмдерi" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясына 8 666 700 мың сом көзделсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып, бiр апта iшiнде 1993 жылғы астықты сатып алуға жеңiлдiкпен берiлген кредиттерге байланысты шыққан шығындарды өтеу туралы Ережеге өзгерiстер енгiзсiн және 1994 жылға арналған бюджеттi әзiрлеу кезiнде келесi жылы аталған шығындарды қаржыландыру тәртiбi туралы ұсыныстар жасасын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiленген тәртiп бойынша он күн iшiнде малды туберкулез бен бруцеллезден емдеу шараларын жүзеге асыру үшiн облыстарға қосымша бөлiнген қаржыларды бөлу туралы ұсыныс енгiзсiн.
7. Нан және нан-тоқаш тағамдарына, пiсiрiлген нан орнына берiлетiн ұнға, жарма ұнтағы мен тарыға мемлекеттiк реттелмелi бағаны 1993 жылдың аяғына дейiн сақтау дұрыс деп саналсын.
8. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жезқазған, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы қаласының жұртшылығына берiлетiн отын үшiн өтемақы төлеудегi шығындардың қолданылып жүрген тәртiбiне iшiнара өзгертулер енгiзу тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүргiзiлсiн.
9. Ұлттық банкiнiң 1992 жылғы республикалық бюджет тапшылығын өтеудегi 15,6 млрд. сом кредитi бойынша берешектерiн оның қызмет көрсетуi бойынша шығын жұмсамай 10 жылға кейiн қалдыру туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
10. "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 170 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
23-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакциямен:
"1993 жылғы 1 қарашадан жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 1-4 сыныптары оқушыларының тамақтануын бiр оқушыға күнiне 400 сомнан есептелгенде шығынды iшiнара өтеумен ұйымдастырылуын" - деп жазылсын.
27-тармақ мынадай редакциямен жазылсын:
"27. Қазақстан Республикасы Ұлттық хауiпсiздiк комитетi бойынша бөлiнген қаражат құрамында Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiн ұстауға 19 287 224 мың сом және Жоғары командалық шекара училищесiн ұстауға - 1 526 246 мың сом қаржы көзделгенi ескерiлсiн. Одан басқа, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiн жалпы қаржыландыру көлемiнен 1 824 029 мың сомды күрделi құрылысқа жұмсау көзделдi".
11. "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Президиумының қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 маусымдағы N 506 қаулысының 2-тармағының "г" тармақшасының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi,
он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, жиырмасыншы және
жиырма бiрiншi абзацтары, 3-тармағының бiрiншi абзацы, 5-тармағы,
6-тармағының "ж", "з" тармақшалары, сондай-ақ осы қаулының N 1
және 2-қосымшалары күшiн жойған деп танылсын".
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 12 қарашадағы
N 1113 қаулысына
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының 1993 жылға арналған
нақтыланған республикалық бюджетi
(Кесте)
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 12 қарашадағы
N 1113 қаулысына
N 2 қосымша
Журналдар мен газеттер редакцияларының
залалдарын жабуға 1993 жылға республикалық
бюджеттен олардың құрылтайшылары бойынша
бөлiнетiн қаражат
(Кесте)