1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң, Алматы қаласы әкiмiнiң, Қазақтың ПЕН-орталығының, "Қазақстан-Түркия" қоғамының 1994 жылдан бастап халықаралық тәуелсiз "Түркiстан" газетiн шығару жөнiндегi ұсынысы қолдау тапсын.
2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi халықаралық тәуелсiз "Түркiстан" газетiн белгiленген тәртiп бойынша тiркеуден өткiзiп, қағаз қорын, полиграфиялық қуатты бөлу жөнiнде жәрдем көрсететiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi халықаралық "Түркiстан" газетiнiң балансына Бөгенбай батыр көшесiндегi, 150-нөмiрлi ғимаратты өткiзiп берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Байланыс министрлiгi, "Казконтракт" Акционерлiк қоғамы "Түркiстан" газетiнiң редакциясы үшiн қаржы бөлу, материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, қазiргi заманғы редакциялық техникамен жарақтандыру және байланыс құралдарын (халықаралық байланысты қоса) орнату мәселелерiн шешетiн болсын.
5. "Түркiстан" газетiнiң құрылтайшылары - Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң, Алматы қаласының әкiмiнiң, Қазақтың ПЕН-орталығының, "Қазақстан-Түркия" қоғамының "Түркiстан" газетiнiң редакциялық баспа кешенiн салу жөнiндегi бастамасы қолдау тапсын.
6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Заман-Қазақстан" бiрлескен қазақ-түрiк газетiн шығару туралы" 1992 жылғы 13 қаңтардағы N 29 қаулысы күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi