Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1994 жылы мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi экспортқа шығаруға арналған квоталар қосымшаға сәйкес (ТМД мен Балтық елдерiне өнiм берiп тұруды қоспағанда) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi экспортқа шығаруға арналған квоталардың мөлшерiн 5 күндiк мерзiмде мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға жеткiзетiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң келiсуi бойынша 2 апталық мерзiмде аталған квота мөлшерiн мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындар бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне жеткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мемлекеттiк сыртқы сауда компанияларын-экспортерлердi көрсете отырып, мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi экспортқа шығаруға арналған квоталарды бiр апталық мерзiмде облыс әкiмдерi мен өнiм өндiрушi кәсiпорындарға жеткiзсiн.
5. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жөнелтiлмеген өнiм
мөлшерiне арналып 1993 жылғы квоталар бойынша берiлген
лицензиялардың, 1993 жылы өндiрiлген және тиiстi құжаттамамен
расталған өнiмдердiң лицензияларынан басқасы, мерзiмi ұзартуға
жатпайды.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi экспортқа
шығарылатын өнiмдердi жөнелту үшiн көлiк құралдары бөлiнуiн және
уақтылы берiлiп тұруын бiрiншi кезектегi тәртiппен қамтамасыз
етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 16 қарашадағы
N 1142 қаулысына
Қосымша
1994 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
маңызы бар өнiмдерiн экспортқа шығаруға (ТМД мен
Балтық елдерiне өнiм берiп тұруды қоспағанда) арналған
Квоталар
______________________________________________________________________
Өнiм атауы ! Өлшем ! Квотаның
! бiрлiгi ! мөлшерi
----------------------------------------------------------------------
Мұнай мың т. 5600
оның iшiнде БК-ны қоспағанда мың т. 2400
Кокстеуге арналған көмiр мың т. 1000
Дизель отыны мың т. 490
Автомобиль бензинi мың т. 100
Жағатын мазут мың т. 800
Табиғи газ млрд. текше м. 3
Мыс мың т. 146
Мырыш мың т. 134
Қорғасын мың т. 70
Хром рудасы мың т. 1100
Ферроқорытпалар мың т. 650
Алюминий қорытпалары т. 500
Қара металдар прокаты мың т. 1200
Ақ қаңылтыр мың т. 80
Сирек және жерде сирек кездесетiн металдар,
олардың қосындылары мен бұйымдары млн. доллар 200
Таза күйiндегi жүн мың т. 9,8
Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нің 1994.04.26. N 435
қаулысымен.