Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Әскери институтының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 18 қараша 1993 ж. N 1150

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әскери институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 17 шiлдедегi N 1245 U931245_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi мен үкiметтiк байланыс әскерлерiне офицер кадрларын даярлайтын факультет құру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әскери институтына 1032 адам мөлшерiнде қосымша штат саны бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Әскери институтының қосымша штат санын ұстауға, Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi мен үкiметтiк байланыс әскерлерiне офицер кадрларын даярлайтын факультетте оқу процесiн қамтамасыз етуге және күрделi құрылыс жөнiндегi жобалау-iздестiру жұмыстарына қажеттi қаражат бөлсiн;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әскери институтына тұрғын үйлер, оқу және материалдық-техникалық базаның, әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi салу үшiн 1994-1996 жылдарға арналған республика бюджетiнде табыс етiлген тұтыну есеп-қисабына қарай жыл сайын күрделi қаржы бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әскери институтын қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа материалдық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 58 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi:
      1994 жылы жаңадан құрылған факультеттерде оқу процесiн ұйымдастырып, факультеттердi тұрақты құраммен жасақтауды және оқу материалдық-техникалық базаны дайындауды, оқу процесiн ұйымдастыруға қажеттi қару-жарақпен, әскери және арнаулы техникалық құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп Әскери институтты, алдын ала iрiктеудi ескере отырып, мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiмен жасақтауды жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Алматы қаласының әкiмi 1994 жылдың бiрiншi жартысында Шекара әскерлерi бас басқармасының комендатурасын Әскери институт аумағынан көшiру үшiн үй-жай бөлу мәселесiн шешетiн болсын.
      6. Былай деп белгiленсiн:
      iшкi әскерлерге офицерлер даярлайтын факультеттiң тұрақты құрамы мен тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң кадрларына қосылады:
      республиканың Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi санаттағы қызметкерлерiне арналып белгiленген үлес пен жеңiлдiктiң барлық түрi тыңдаушыларға қолданылады;
      институтты тәмәмдаған соң факультеттiң тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң кадрларынан шығарылып, Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлерi қолбасшысының қарауына жiберiледi.
      7. Әскери институт қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының

 

схемасы N 1 қосымшаға және Әскери институт тыңдаушыларын ұстауға

жұмсалатын ақшалай қаражат схемасы N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң

төрағасына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсуi

бойынша осы қаулымен қолдануға енгiзiлген жалақыға қарайластырып

барлық басқа лауазымдар бойынша жалақы белгiлеу құқығы берiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1993 жылғы 18 қарашадағы

                                          N 1150 қаулысына

                                           N 1 қосымша


            Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк

            комитетi Әскери институты қызметкерлерiнiң

                       лауазымдық жалақысы


------------------------------------------------!--------------------

                                                ! Айлық лауазымдық

               Лауазымдар атауы                 ! жалақы (теңге

                                                ! есебiмен)

------------------------------------------------!--------------------

Әскери институт бастығы                                 139

Бастықтың бiрiншi орынбасары                            130,6

Бастықтың орынбасары                                    128,2

Бастықтың тыл, қару-жарақ жөнiндегi орынбасары          126,2

Бастықтың кадр жөнiндегi көмекшiсi                      121

Оқу бөлiмiнiң, ғылыми бөлiмiнiң, адъюнктура мен  

докторантураның, қаржы-жоспар бөлiмiнiң бастығы         117,2

Бiрiншi факультет бастығы                               120

Екiншi, үшiншi, төртiншi факультеттердiң бастығы        118

Кафедра бастығы                                         115,6

Оқу дивизионының командирi                              111

Оқытушы, ғылыми қызметкер, инспектор                    100

Жеке құрам жөнiндегi инспекцияның бастығы               114

Батальон командирi, ит қызметi питомнигiнiң

бастығы                                                  98

Оқу заставасының бастығы, курс офицерi                   90

Взвод командирi                                          74

            Ескертулер:


 
       1. Әскери институтта жұмыс iстегенi үшiн барлық қызметкерлерге 15 процент мөлшерiнде лауазымдық жалақысына қосымшаақы төленедi.
      2. Оқу және ғылыми бөлiмнiң, адъюнктура мен докторантураның ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар профессор-оқытушы құрамына, офицерлерiне лауазымдық жалақы мынадай мөлшерде өсiрiледi:
      доцент ғылыми атағы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi барларға - 4,4 теңге;
      доцент ғылыми атағы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi барларға - 8,8 теңге;
      профессор ғылыми атағы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесi барларға - 13,2 теңге;
      профессор ғылыми атағы және ғылым докторы ғылыми дәрежесi барларға - 17,6 теңге;
      3. 5 жылдан 10 жылға дейiн педагогтiк стажы бар профессор-оқытушы құрамына лауазымдық жалақы 5 процент, ал 10 жылдан артық педагогтiк стажы барларға лауазымдық жалақы 10 процент өсiрiледi.
      4. Шекара әскерлерi тактикасы, жалпы әскерлiк пәндер, мемлекет шекарасы күзетiн инженерлiк қорғау, автоброндiтанк әзiрлiгi, кинология, қару-жарақ және атыс, дене шынықтыру әзiрлiгi мен спорт, iшкi әскерлер тактикасы және техникалық күзет құралдары кафедраларының профессор-оқытушы құрамына лауазымдық жалақы 5 процент өсiрiледi.
      5. Оқытатын пәнiнiң профилi бойынша арнаулы жоғары бiлiмi жоқ профессор-оқытушы құрамына лауазымдық жалақы батальон командирiнiң лауазымдық жалақысы мөлшерiнде белгiленедi.
      6. Тыңдаушылармен сабақ жүргiзетiн Әскери институт бастығы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ оқу бөлiмiнiң, адъюнктура мен докторантураның офицерлерiне, оқу дивизиондары мен курстардың командирлерiне оқытушылық жұмыстан кеткен кезде педагогтiк жұмыс стажы және оның лауазымдық жалақысына үстемеақы сақталады.
      7. Қайта даярлау мен бiлiктiлiктi көтеру факультетiнiң

 

тыңдаушыларына оқу кезеңiнде жалақысы олардың атқарып жүрген

лауазымдарына сәйкес сақталады.

     8. Оқу жүктемесi белгiленген нормадан тыс арттырылған

жағдайда профессор-оқытушы құрамның лауазымдық жалақысы айлықақы

қоры шегiнде өсiрiледi.

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1993 жылғы 18 қарашадағы

                                          N 1150 қаулысына

                                           N 2 қосымша


            Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк

             комитетi Әскери институтының тыңдаушыларын

               ұстауға жұмсалатын Ақшалай қаражат


------------------------------------------------!--------------------

                                                ! Ай сайын жұмсалатын

                                                ! ақшалай қаражат

                                                ! (теңге есебiмен)

------------------------------------------------!--------------------

Бiрiншi курс тыңдаушысы                                 10

Екiншi курс тыңдаушысы                                  30

Үшiншi, төртiншi курстардың тыңдаушылары                36

Төртiншi бесiншi курстардың "кiшi лейтенант"

әскери атағы бар тыңдаушылары                           50

            Ескертулер:


 
       1. Оқу заставаларының старшиналарын ұстауға жұмсалатын ақшалай қаражатқа 30 процент мөлшерiнде, оқу заставалары бөлiмдерiнiң командирлерiне - 20 процент мөлшерiнде үстемеақы белгiленедi.
      2. Отбасылы тыңдаушыларға және жетiм тыңдаушыларға (ата-аналарсыз) оларды ұстауға жұмсалатын ақшалай қаражатқа 25 процент мөлшерiнде үстемеақы белгiленедi.
      3. Тек жақсы және өте жақсы бағалары бар тыңдаушыларға - 15 процент, ал тек өте жақсы бағалары барларына - оларды ұстауға жұмсалатын ақшалай қаражатқа 30 процент мөлшерiнде үстемеақы белгiленедi.
      4. Бәсiре стипендиялар алатын тыңдаушыларға - оларды ұстауға жұмсалатын ақшалай қаражатқа 45 процент мөлшерiнде үстемеақы белгiленедi.
      5. Мерзiмнен тыс қызметтiң прапорщиктерi, мичмандары мен әскери қызметшiлерi қатарындағы тыңдаушылар өздерi әскери институтқа түсерге дейiн атқарып келген лауазым бойынша тарифтiк разрядқа сәйкес ақшалай қаражат алады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады