"Агросауда" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 18 қараша N 1153. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.08.22. N 1157 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыртқы экономикалық қызметтi ұйымдастыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 30 шiлдедегi N 1311 Жарлығын орындау үшiн және агроөнеркәсiп кешенiнде мемлекет мұқтаждарына арналған мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердiң экспортын және шикiзатты, жабдықтар мен басқа да өнiмдердi орталықтандырып сатып алуды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазагросыртсауда" сыртқы экономикалық акционерлiк қоғамның негiзiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң жанынан "Агросауда" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
      2. Компания "Қазагросыртсауда" сыртқы экономикалық акционерлiк қоғамның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияның жарғылық капиталындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар салымдарының үлесiне сәйкес келетiн "Қазагросыртсауда" сыртқы экономикалық акционерлiк қоғам акцияларының пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын оған табыстайтын болсын.
      4. Компанияға:
      агроөнеркәсiп кешенiнде мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердiң экспорты мен қайта экспортын, оның iшiнде баспабас операциялар негiзiнде, сондай-ақ шикiзаттың, азық-түлiктiң, өсiмдiк пен малды қорғау құралдарының жабдықтардың және басқа өнiмдердiң импортын жүзеге асыру;
      агроөнеркәсiп кешенi кәсiпорындарының әлемдiк нарыққа тиiмдi қатысуын, экспорт әлеуетiн кеңейту және өндiрiлетiн тауарлардың бәсекелiк қабiлетiн арттыру мақсатында олардың сыртқы экономикалық қызметiне жәрдемдесiп отыру тапсырылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң келiсуi бойынша Компания:
      әлемдiк стандарттарға сай келетiн жоғары сапалы өнiм өндiру жөнiндегi нысаналы бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысады;
      шет ел инвестицияларын тарту мен пайдалану, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, сақтау және ұқсату жөнiндегi озық шетелдiк технологияларды енгiзу жұмысын жүргiзедi.
      6. "Агросауда" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы Қазақстан Республикасының заңдары, өзiнiң жарғысы негiзiнде жұмыс iстейтiн заңды тұлға болып табылады және өз жұмысын Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң басшылығымен жүзеге асырады.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi республикалық Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен және Компаниямен бiрлесiп бiр айлық мерзiмде Компанияның құрылтай құжаттарын әзiрлейтiн болсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады