"Сенiм" акционерлiк қоғамында "Алтын акция" енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 қараша 1993 ж. N 1171

      "Руноқаракөл" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына енгiзiлген, акциялардың мемлекеттiк пакетiн бөлместен "Сенiм" акционерлiк қоғамы болып қайта құрылған Семейдiң жүндi бастапқы өңдеу фабрикасында жүн дайындалуының, өңделуiнiң және берiлуiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды жүзеге асырудың қажеттiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Сенiм" акционерлiк қоғамында "алтын акция" енгiзу туралы "Руноқаракөл" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне:
      "алтын акция" енгiзу мерзiмiн, оны қолданудың тәртiбi мен шарттарын белгiлеу;
      "Руноқаракөл" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясының өкiлiмен "Сенiм" акционерлiк қоғамының "алтын акциясы" атынан дауыс беру құқына белгiленген ретпен контракт жасасу тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады