1. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақтың Ұлттық техникалық университетi болып қайта құрылсын.
Қазақ Ұлттық техникалық университетiне әлемдiк практикада қабылданған көп деңгейлi құрылым бойынша кадрлар даярлау, оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларын әзiрлеу, техникалық, оқулық, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттер дайындап, шығаруға басшылық жасау жүктелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақ Ұлттық техникалық университетiмен бiрлесiп, жоғары оқу орнының құрылымын, мамандықтар мен мамандандыру тiзбесiн, 5 студентке 1 оқытушы келетiндей қатынаспен профессорлар мен оқытушылар құрамының санын анықтасын.
Университет жанынан республиканың инженер кадрларын және жоғары оқу орындары техникалық пәндерiнiң оқытушыларын қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi республикалық орталығын ашсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi Қазақ Ұлттық техникалық университетiнiң материалдық-техникалық оқу базасы мен халықаралық байланыстарын дамытуға 1994 жылдан бастап қаржы (оның iшiнде валюталық) бөлiнуiн көздесiн.
4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Бiлiм министрлiгi Қазақ Ұлттық техникалық университетiне баспагерлiк қызмет құқығын берсiн және баспа кешенiн жасауға қажеттi көмек көрсетсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен Алматы кинотехникумы мен Алматы машина жасау техникумы Қазақ Ұлттық техникалық университетiнiң қарауына берсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi