ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТI ЖАНЫНДАҒЫ АГРОӨНЕРКӘСIП КЕШЕНIНЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР ЖАСАУ ЖӨНIНДЕГI КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 10 қаңтар 1994 ж. N 50. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы агроөнеркәсiп кешенiне арналған машиналар жасау жөнiндегi Кеңес туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi
 
                                           Қазақстан Республикасы
                                            Министрлер Кабинетiнiң
                                           1994 жылғы 10 қаңтардағы
                                               N 50 қаулысымен
                                                  БЕКIТIЛГЕН

          Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 
            жанындағы агроөнеркәсiп кешенiне арналған 
            машиналар жасау жөнiндегi Кеңес туралы 
                            ЕРЕЖЕ 

      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы агроөнеркәсiп кешенiне арналған машиналар жасау жөнiндегi Кеңес (бұдан былай - Кеңес) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қыркүйектегi N 881 қаулысына сәйкес құрылған. 
      2. Кеңес агроөнеркәсiп кешенi салаларына арналған машиналарды жасауды бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып тұрақты жұмыс iстейтiн үкiмет органы болып табылады. 
      Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және атқарушы өкiмет, мемлекеттiк, шаруашылық басқармалары органдарымен өзара iс-қимыл негiзiнде осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
      3. Агроөнеркәсiп кешенiн машиналармен, жабдықтармен, оларға қажеттi қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы техникаларына техникалық қызмет көрсету саласындағы республиканың стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Кеңес өз жұмысын мына негiзгi бағыттарда жүзеге асырады: 
      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың Тұжырымдамалық бағдарламасы негiзiнде ауыл шаруашылығының, ұқсатушы және қызмет көрсетушi салалардың машиналарға, жабдықтарға, оларға қажеттi қосалқы бөлшектерге деген қажеттiлiгiн қарастырады, ауыл шаруашылығы жұмыстарын кешендi механикаландыруға арналған машиналардың перспективалық жүйесiн бекiтедi; 
      агроөнеркәсiп кешенiне арналған машиналар жасауды дамыту, тиiстi өндiрiстiк базалар құру жөнiндегi бағдарламаларды қарап, бекiтедi және республика қорларынан жеңiлдiктi кредиттер немесе шетелдiк инвестициялар беру арқылы жобаларды қаржыландыру үшiн техникалық-экономикалық құжаттамаларды (бизнес-жоспар) әзiрлеу мақсатымен оларды жүзеге асырудың басым бағыттарын белгiлейдi; 
      республиканың өнеркәсiп орындарында агроөнеркәсiп кешенi салаларына арналған машиналар, жабдықтар мен оларға арналған қосалқы бөлшектер шығаруды ұйымдастыру жөнiнде шешiм қабылдайды және ұсыныс бередi; 
      мемлекеттiк валюта қоры есебiнен мақсатты түрде сатып алынатын техникалардың көлемiн, номенклатурасын анықтайды және оларды сатып алуға тиiстi кепiлдеме бередi; 
      мемлекеттiк кредит жүйесiн тарта отырып агроөнеркәсiп кешенiнiң ұқсатушы салаларына арналған ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтарын шығару жөнiндегi шетелдiк фирмалармен бiрлескен кәсiпорындар құру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды; 
      құру және оларды шығарудың бастапқы кезеңi (алғашқы екi жыл iшiнде) барысында жеңiлдiктi несие беруге, салық салуға жататын агроөнеркәсiп кешенi салаларына арналған машиналар мен жабдықтардың тiзбесiн белгiлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеңесте қарауға ұсыныс жасайды және агроөнеркәсiп кешенiне арналған техника жасаушы кәсiпорындарды экономикалық ынталандыру жөнiндегi басқа да ұсыныстарды қарайды; 
      агроөнеркәсiп кешенiне арналған машиналар мен жабдықтар сервисiн дамыту жөнiндегi ұсыныстарды қарайды. 
      4. Кеңестiң: 
      министрлiктерден, ведомстволардан, басқа да мемлекеттiк басқару органдарынан, жергiлiктi әкiмдерден, кәсiпорындар мен ұйымдардан Кеңес мәжiлiсiне материалдар даярлауға қажет мәлiметтердi сұрауға және алуға; 
      министрлiктерде, ведомстволарда, шаруашылық басқару органдарында, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарда агроөнеркәсiп кешенiне арналған машина жасауды дамытуды қамтамасыз ету, Кеңес шешiмдерiн орындау мәселелерi жөнiнде тексерулер жүргiзудi ұйымдастыруға; 
      өз мәжiлiстерiнде мемлекеттiк және шаруашылық басқару органдарының, кәсiпорындар мен мекемелер басшыларының Кеңес шешiмiн орындау жөнiнде жүргiзген жұмыстары туралы ақпараттары мен есебiн тыңдауға; 
      агроөнеркәсiп кешенiне арналған машина жасауды дамытудың жекелеген мәселелерiн әзiрлеу және Кеңес мәжiлiсiне құжаттарды даярлау үшiн министрлiктердiң, ведомстволардың, мемлекеттiк компаниялардың, өнеркәсiп орындарының, ғылыми және жобалау ұйымдары басшыларынан, ғалымдары мен мамандарынан жұмыс тобын құруға құқы бар. 
      5. Кеңес агроөнеркәсiп кешенiне арналған техникаларды әзiрлеуге, сынауға, шақыруға, беруге, пайдалану мен қызмет көрсетуге қатысқан министрлiктердiң, ведомстволардың, ұлттық және мемлекеттiк компаниялардың кәсiпорындар, ғылыми және жобалау мекемелерiнiң өкiлдерiнен құрылады. 
      Кеңестi Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң агроөнеркәсiп кешенге жауапты орынбасары басқарады. 
      Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен бекiтiледi. 
      Кеңестiң жұмысшы аппараты, басқа мүдделi ұйымдардың өкiлдерiн қатыстыра отырып, "Қазагрожөнмаш-холдинг" Мемлекеттiк холдингтiк компаниясының атқарушы аппараты болып табылады. 
      6. Кеңес жұмысын өз мәжiлiсiнде бекiткен жылдық және тоқсандық жоспарларына сәйкес жүргiзедi. 
      Кеңес мәжiлiсi қажет болған жағдайларда, бiрақ тоқсанына екi реттен жиi емес, өткiзiледi. Кеңестiң шешiмi оның өкiлеттiгi мен құзыры шегiнде хаттама түрiнде хатталады және оны мемлекеттiк және шаруашылық басқару органдарының бәрi орындауға тиiстi. 
      Кеңесте қаралып, Үкiмет шешiмiн қажет еткен материалдар, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады