ҰЛТТЫҚ ЗАҢ АГЕНТТIГIН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 12 қаңтар N 60. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.01.21. N 26 қаулысымен. ~P980026

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1228 U931228_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүйесiнде Ұлттық заң агенттiгi құрылсын.
      2. Ұлттық заң агенттiгi Қазақстан мен шет елдiң заңды және жеке тұлғалары өз қызметiн Қазақстан республикасының және шет ел мемлекеттерiнiң аумағында жүзеге асыру кезiнде Заңдық (адвокаттық) сипаттағы жұмыстар орындау және қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған ұйым болып табылады деп белгiленсiн.
      Оның қызметiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Агенттiк өзiн-өзi қаржыландыру және өзiн-өзi ақтау негiзiнде (оның iшiнде шет ел валютасымен) қызмет атқарады, өз қызметiнде қолданылып жүрген заңдар мен ереженi басшылыққа алады.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде Ұлттық заң агенттiгi туралы ереже әзiрлеп, Үкiмет қарауына енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне Ұлттық заң агенттiгiн ұйымдастыру үшiн қажеттi қаржы бөлсiн.
      5. Ұлттық заң агенттiгi бұрын Қазақстан Заңгерлер одағы орналасқан Әйтеке би көшесi бойында, 67 үйдегi қызмет кеңселерiнiң жалпы көлемi 85 шаршы метрлiк бұрынғы Әдiлсот үйiне орналастырылсын.
      6. Қазақ КСР-i Премьер-министрiнiң 1991 жылғы 10 қарашадағы N 189 өкiмiнiң екiншi абзацының 1 тармағындағы Қазақстан Заңгерлер одағының әдiлсот үйiнде орналасады деген бөлiгi күшiн жойды деп танылсын.
      Осы өкiмнiң N 1 қосымшасындағы "Қазақстан юристер Одағы" деген сөздер "Ұлттық заң агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады