ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӨНIНДЕГI ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIК ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫН ЖЕР РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ МЕМЛЕКЕТТIК ҒЫЛЫМИ-ӨНДIРIСТIК ОРТАЛЫҒЫ ЕТIП ҚАЙТА ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 28 ақпан 1994 ж. N 230

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Жерге орналастыру жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк жобалау институтын (Қазмемжержобаинституты) қосымшаға сәйкес оның қарамағына бұрынғы "Қазмемжержобаинституты" жобалау институты мен "Ақмоламемжержобаинституты" жобалау институтының өндiрiстiк бөлiмшелерiн бере отырып Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы (Мемжерғылөнорталығы) етiп қайта құру жөнiнде Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығына жер реформасының және жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың актуальды мәселелерi, жер иелену мен жер пайдалануды, жобалау-iздестiру жұмыстарын ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң проблемаларын шешу жөнiндегi ғылыми негiздемелер мен жобалар бойынша ғылыми-өндiрiстiк бағдарламалар әзiрлеу жүктелсiн.
      2. <*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 877
              қаулысымен.  

P970877_

 
     3. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге
орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жер ресурстарын ұтымды
пайдалану мен оларды 1995-2000 жылдары (бiрiншi кезең) қорғау
жөнiндегi Ұлттық бағдарламаны әзiрлеп, 1994 жылғы 1 қыркүйекке 
қарай Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынатын 
болсын.
     4.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851
              қаулысымен.  

P970851_

 

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 28 ақпандағы
                                           N 230 қаулысына
                                              Қосымша
     
            Қазақстан Республикасы Мемжеркомының Жер
         ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк
      ғылыми-өндiрiстiк орталығы өндiрiстiк бөлiмшелерiнiң
                             Тiзбесi
     
     Жерге орналастыру жөнiндегi Ақмола мемлекеттiк жобалау 
     институты (Ақмоламемжержобаинституты)
     Ақтөбе филиалы
     Алматы филиалы
     Атырау филиалы
     Шығыс Қазақстан филиалы
     Жамбыл филиалы
     Жезқазған филиалы
     Батыс Қазақстан филиалы
     Қарағанды филиалы
     Қызылорда филиалы
     Көкшетау филиалы
     Қостанай филиалы
     Маңғыстау филиалы
     Павлодар филиалы
     Солтүстiк Қазақстан филиалы
     Семей филиалы
     Талдықорған филиалы
     Торғай филиалы
     Оңтүстiк Қазақстан филиалы
     Кешендi iздестiру бөлiмшесi
     Бақшалар мен жүзiмдiктердi жобалау жөнiндегi мамандандырылған
     филиалы (Бақшажоба)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады