Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 мамыр N 877. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.19. N 1608 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 Жарлығына U973377_ сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 39-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:

 

     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы

Ереже;

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерi қоса

берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 23 мамырдағы

                                          N 877 қаулысымен

                                             бекiтiлген


             Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

                         министрлiгi туралы

                           (Ауылшарминi)

                               ЕРЕЖЕ


                          1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады, ол республиканың ауыл, орман, аң және балық шаруашылықтарына, су және жер ресурстарына мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн қаржыландыру және олардың материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi бюджетте аталған мақсаттар үшiн көзделген қаржылар есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Министрлiктiң құрылымы мен штат санын белгiлейдi.
      5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджет банкiнде бюджеттiк және ағымдағы шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ, орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
 
           II. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары
                           және құқықтары
 
      6. Халықты азық-түлiкпен, ал өнеркәсiптi шикiзатпен қамтамасыз етуге бағытталған ауыл, орман, аң және балық шаруашылықтары, жер және су ресурстары саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу, дамып келе жатқан нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық сектордың, орман, аң және балық шаруашылықтарының экспорттық мүмкiндiктерiн ұлғайту мақсатында Министрлiк:
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда, ауыл, орман, аң және балық шаруашылықтары салаларын дамытудың, су және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен оларды қорғаудың мемлекеттiк басымдылықты бағдарламаларын әзiрлеудi және оларды жүзеге асыруға қатысуды;
      ауыл, орман, аң және балық шаруашылықтары, су шаруашылығы мен жер қатынастары мәселелерi жөнiндегi заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауды;
      агроөнеркәсiп кешенiндегi реформаларды жетілдiрудi және тереңдетудi, сондай-ақ шаруашылық жүргiзудiң алуан түрлi нысандарын дамытуды;
      ауыл, орман, аң және балық шаруашылықтарын, су және жер ресурстарын дамыту тұжырымдамаларын әзiрлеп, жүзеге асыруды, тенденцияларды талдауды және оның перспективаларын болжамдау мен айқындауды;
      нарық жағдайларындағы жаңа құралымдардың iстеуiнiң экономикалық тетiгiн жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарын әзiрлеудi;
      өндiрiс дамуының артуына жағдай жасауды, республиканың iшкi қажеттерiн қанағаттандыратын ауыл шаруашылығы, балық, орман және аң шаруашылығы өнiмдерiн шығарып, ұқсатуды және оларды сыртқы рынокқа беру жөнiндегi кешендi шараларды жүзеге асыруды;
      республиканың аграрлық секторына, орман, аң, балық, су және жер шаруашылықтарына маркетингтiк басқару жүйесiн енгiзудi;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң мүдделерiн қорғауға, барлық агроөнеркәсiп кешенi салаларының қызметi үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған қаржы, несие, салық және кеден саясатын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзудi;
      қаржы-экономикалық сауықтыру (санация) немесе дәрменсiз шаруашылықтар мен кәсiпорындарды тарату жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларды орындауды;
      агроөнеркәсiп кешенiндегi меншiктiң алуан түрлi нысандары мен шаруашылық жүргiзу түрлерiнiң жұмыс iстеуi жағдайларында есепке алуды, оперативтiк, статистикалық және бухгалтерлiк есеп берудi ұйымдастырып, оны жетiлдiрудi;
      агроөнеркәсiп кешенiнiң тракторларға, комбайндарға, автомобильдерге, жабдықтарға, ауыл шаруашылығы машиналарына, отынға және басқа да материалдық қорларға деген қажеттiгiнiң болжауларын жасауды;
      мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды, техникалық және энергетикалық қамтамасыз етудi, химияландыру және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, мелиорациялау, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге сервистiк қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды үйлестiрудi;
      жердегi алуан түрлi шаруашылық жүргiзу нысандарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар туғызуды, жер құнарлылығын сақтауға, оны үнемi жаңартып отыруға және оларды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында жер қатынастарын дамытуды;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн табиғи зiлзалалардан, төтенше жағдайлардан, эпизоотиялардан, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң аурулар мен зиянкестерден зақымдануынан туындаған сақтандырып, қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыруды;
      мемлекетаралық сыртқы экономикалық байланыстар мәселелерiне, сараптама дайындауға, Үкiметтiң тапсыруы бойынша шартта (келiсiм-шарттар) жасауға жәрдемдесудi;
      Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын сақтау және пайдалану мәселелерiнде Каспий маңындағы мемлекеттердiң балық шаруашылықтары мемлекеттiк басқару органдарымен өзара бiрлесе отырып iс-қимыл жасауды;
      республиканың iшкi су тоғандарының, Каспий және Арал теңiздерiнiң аумақтық және экономикалық аймақтарының балық ресурстарын басқару жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен бiрлесе отырып әзiрлеп, жүзеге асыруды;
      трансшекаралық суларды бiрлесiп пайдалану мен қорғауды;
      Қазақстан Республикасымен мемлекеттiк шекаралары ортақ мемлекеттермен геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстар өндiрiсiн үйлестiрудi;
      өсiмдiк, мал шаруашылықтарындағы, балық, орман, аң шаруашылықтары салаларындағы, су және жер шаруашылықтарындағы, ұқсатушы өнеркәсiптегi ғылыми-техникалық прогрестiң негiзгi бағыттарын айқындауды, өндiрiске ғылым мен техника жетiстiктерiн енгiзуге жәрдемдесудi;
      агроөнеркәсiп секторында, балық, орман, аң, су және жер шаруашылықтарында инвестицияларды пайдаланудың басым бағыттарын айқындауды;
      агроөнеркәсiп кешенiнiң, балық, орман, аң, су және жер шаруашылықтарында кадрлар әлеуетiн айқындауды, мамандар қажеттiлiгiн болжауды, кадрлар даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi шараларды әзiрлеудi, консультативтiк көмектер көрсетудi;
      ауыл шаруашылығы мен ұқсатушы салалар өнiмдерiнiң сапасына, олардың ұтымды пайдаланылуына, балық, орман және аң шаруашылығы ресурстарын, су және жер қорларын қорғауға және оларды ұдайы жаңартып отыруға, өсiмдiктер, тұқымдар карантинiне, мал дәрiгерлiгi заңдары мен тұқымдық қадағалаудың орындалуына мемлекеттiк бақылау жасаудың жүзеге асырылуын, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың техникалық жай-күйiне, кешендi мелиоративтiк құрылысқа, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы ережелерiне қадағалау жасауды қамтамасыз етедi.
      7. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      агроөнеркәсiп заңды тұлғаларының iс-қимылын үйлестiредi;
      агроөнеркәсiп кешенiндегi экономикалық реформаларды тереңдету және кәсiпорындардың жекешелендiруден кейiнгi кезеңде жұмыс iстеу мәселелерi бойынша нормативтiк-құқықтық базаны әзiрлеу жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      жер реформасын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, оны ғылыми, кадрлы және әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады, жерге орналастыру және жер реформасы жөнiндегi шараларды әзiрлеп, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
      жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдармен, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарымен және олардың жергiлiктi жерлердегi органдарымен жер қатынастарын реттеу, жерлердi пайдалану және оларды қорғау, жер реформасын жүргiзу мәселелерi бойынша бiрлесiп iс-қимыл жасайды;
      жер рыногы мен жер пайдалану құқығын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдеседi;
      азық-түлiк шығаруды көбейту жөнiндегi бағдарламалар мен ұсынымдарды әзiрлейдi және өндiрiстiк әлеует пен республиканың әрбiр аймағының өзiн-өзi қамтамасыз етуi мен өнiмдердi сатудағы мүмкiндiктерiн ұтымды пайдалануына көмектеседi;
      агроөнеркәсiп кешенi жүйесiндегi сыртқы экономикалық қызметтi үйлестiредi;
      өндiрiстi қаржымен қамтамасыз ету ресурстарына байланысты қажеттiлiктi айқындайды және оларды қалыптастыру көздерi бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      агроөнеркәсiп кешенi, балық, орман, аң, су және жер шаруашылықтары мамандарына деген қажеттiлiктi айқындайды және ғылыми-техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн пайдалануды ескере отырып, барлық топтар кадрларын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмыстарын үйлестiредi;
      аграрлық нарықты, нарық инфрақұрылымдарын реттеу тетiгiн жасауға және агроөнеркәсiп кешенiнiң, балық, орман, аң, жер және су шаруашылықтарының барлық тауар өндiрушiлерiне қажеттi экономикалық жағдайлар туғызуға жәрдемдеседi;
      ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi, балық, орман, аң, су және жер шаруашылықтарына механикаландыруды, электрлендiрудi, энергетиканы көлiк пен байланысты дамыту жөнiндегi техникалық саясатты жүргiзедi;
      астық өнімдерi, тамақ өнеркәсiбi салалары бойынша перспективалық даму мен бiрыңғай техникалық саясат жүргiзудiң жоспар-болжамдарын жасайды;
      агроөнеркәсiп кешенiндегi басым бағыттарды, ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелер тақырыбын Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Аграрлық зерттеулер жөнiндегi ұлттық академиялық орталықпен бiрлесе отырып айқындайды, ғылыми-техникалық прогрестi дамыту мәселелерiн, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары жөнiндегi негiзгi ұсыныстарды қарайды;
      мал дәрiгерлiгi саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiредi;
      ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен мекемелерге мемлекеттiк басқару функциясын жүзеге асырады және жергiлiктi жерлерге қажеттi ұйымдық, экономикалық, заң және консультациялық көмектер көрсетедi, кәсiпорындардың қаржылық тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар жүйесiн жасайды;
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен, "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамымен бiрлесе отырып мемлекеттiк астық ресурстарының, оның жұмылдырушылық және сақтандыру қорларының баланстарын әзiрлейдi;
      мыналарды:
      агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларының бiрлесiп iс-қимыл жасау тетiгiн әзiрлеудi;
      тенденцияларды талдауды, барлық меншiк нысандарын ескере отырып ауыл шаруашылығы өндiрiсi салаларын дамыту, орналастыру және мамандандыру перспективаларын болжамдау айқындауды;
      түрлi меншiк нысандарының ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде, балық, орман, аң, су және жер шаруашылықтарында шаруашылық жүргiзудiң көп қырлылығын дамытуды мемлекет тарапынан қолдау үшiн бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар есебiнен мақсатты қаржыландыруды;
      инвестициялық бағдарламаларды, соның iшiнде олардың шетелдiк кредиттер есебiнен қаржыландырылатындарын әзiрлеп, жүзеге асыруды;
      инвестициялық саясатты, өндiрiстiк, мелиоративтiк және әлеуметтiк объектiлердi жобалауға ғылыми және әдiстемелiк басшылық жасауды, мемлекеттiк сараптау жүргiзудi, сондай-ақ белгiленген тәртiп бойынша жобаларды бекiтудi жүзеге асырады;
      мыналарды:
      кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдауды және оның дамуына, сондай-ақ нарықтық инфрақұрылымдардың қалыптасуы мен дамуына көмектесу жөнiндегi ұсыныстарды дайындауды;
      Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының жұмыс iстеуiн;
      нақты жер учаскелерiн жекеменшiкке сату немесе мемлекеттiң пайдалануына және кепiлге беру кезiнде олардың құнын белгiлеудi;
      Министрлiк жүйесiндегi мемлекет қорғайтын ақпараттарды қорғау жөнiндегi жұмыстарды;
      жер учаскесiн меншiктену және тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiлердi әзiрлеудi және оларды берудi;
      мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзудi;
      мыналарға:
      сыртқы және iшкi рынок конъюктураларын ескере отырып, азық-түлiк, шикiзат, материалдық-техникалық және қаржы ресурстары баланстарын жасауға;
      бюджеттi қалыптастыруға, агроөнеркәсiп кешенiндегi, балық, орман, аң, жер және су шаруашылықтарындағы стратегиялық мiндеттердi шешуге қаржы қаражаттарының қажеттiлiгiн негiздеуге;
      өндiрiстiк және қаржы мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, қажеттi стандарттарды, ғылыми-техникалық ұсынымдарды әзiрлеп, жетiлдiруге және олармен агроөнеркәсiп кешенiн, балық, орман, аң, жер және су шаруашылықтарының өндiрiстiк құрылымдарын қамтамасыз етуге;
      бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi жүргiзудiң салалық ерекшелiктерiн әзiрлеуге, бухгалтерлiк есептердi заңда белгiленген мерзiмдерде жасап, беруге;
      жем-шөп базасын нығайту, дала малының азықтарын өндiру алаңдарын жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға;
      жер үшiн төленетiн ақыны белгiлеу және жердi ұтымды пайдалануға экономикалық жағдай жасау шаралары бойынша ұсыныстар әзiрлеуге;
      су пайдаланудың жиынтық жоспарларын дайындауға, өзен бассейндерi, экономикалық және өндiрiстiк аудандармен облыстар үшiн қысқа мерзiмдi және перспективалық су шаруашылықтары баланстарын жасауға;
      мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, су пайдаланудың барлық түрлерiне, су беру қызметiне, оларды қолдану шарттарына тарифтер жасауға;
      ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен шикiзаттарын ұқсатудың iшкi және сыртқы рыноктарының конъюнктурасы туралы рыноктық ақпараттардың маркетингтiк зерттеулерiне, бәсеке мен кәсiпкерлiктiң дамуын қамтамасыз етуге;
      айналадағы ортаны қорғау бағдарламаларын әзiрлеп, енгiзуге;
      Каспий маңындағы мемлекеттердiң балық шаруашылығы ұйымдары өкiлдерiнiң Каспий теңiзi биоресурстарын сақтау және пайдалану мәселелерi жөнiндегi кеңесiнiң жұмысына, Каспий және Арал теңiздерiн қоса алғанда, балық шаруашылықтары тоғандарында ғылыми-зерттеулер ұйымдастыруға;
      Үкiметтiң тапсыруы бойынша: Қазақстан Республикасымен мемлекеттiк шекарасы ортақ мемлекеттермен шекара аумақтарында геодезиялық, топографиялық және кратографиялық жұмыстар өндiрiсi жайындағы келiссөздерге қатысуға және халықаралық шарттар мен келiсiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      мыналар бойынша:
      ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қордың, Лизинг қоры мiндеттерiнiң орындалуы және олардың қаражаттарының пайдаланылуы;
      ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерiнiң отандық рыногын қорғауда кедендiк саясатты жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi.
      8. Министрлiк өзiне жүктелген тапсырмалармен мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде республика агроөнеркәсiп кешенiнiң, балық, орман және аң шаруашылықтарының кәсiпорындары мен шаруашылықтарының, олардың меншiк нысанына, шаруашылық жүргiзуi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өкiлеттiктер берiлген ведомствоға қарасты органдар мен лауазымды адамдардың мынадай жұмыстарын;
      өндiрiлетiн, сатып алынатын, ұқсатылатын және өткiзiлетiн өнiмдердiң сапасына, өнiмге қолданылып жүрген стандарттардың және технологиялық талаптар мен оны сынау әдiстерiн сақтау;
      тұқым шаруашылықтарында, сорт сынауда және сорт жаңартуда ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының жаңа тұқымдарын шығару және оларды қабылдау, балықтардың жаңа түрлерiн жерсiндiру;
      балық, орман, аң, жер және су ресурстарын ұтымды пайдалану, ұдайы жаңартып отыру және оларды қорғау;
      еңбек қорғау, тракторлардың, комбайндардың, ауыл шаруашылығы машиналарының жол жүру қауiпсiздiгi, өрттен қорғау, машина-трактор паркiнiң техникалық жай-күйi;
      карантиндiк қызмет, мал тұқымын асылдандыру iсi, мал дәрiгерлiгi, өсiмдiктердi, ормандарды қорғау жөнiндегi нормативтiк актiлердiң сақталуы;
      мал дәрiгерлiгi препараттарын шығару;
      суармалы жерлердiң мелиоративтiк жағдайына және оларды пайдалануға техникалық қадағалау жасау;
      ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау және жайылымдарды суландыру жұмыстарына инженерлiк қадағалау жасау;
      Қазақстан Республикасында геодезиялық қадағалау жасау;
      өз құзыретiнiң шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беру және нормативтiк құқықтық актiлер шығару;
      мемлекеттiк кәсiпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды Үкiметке енгiзу;
      мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болу, олардың

 

жарғыларын бекiту, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқықтары

субъектiсiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру;

     мемлекеттiк кәсiпорындар басшыларын тағайындау;

     Министрлiкке жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн

республиканың статистика органдарынан және тиiстi министрлiктер мен

ведомстволардан белгiленген тәртiппен қажеттi есептiк мәлiметтердi

сұрау, алу;

     лицензиялауды заңдарда белгiленген жағдайлар мен тәртiпте жүзеге

асыру;

     өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк меншiк мүлiктерiн иелену,

пайдалану және билiк жұмыстарын ұйымдастырады және соған басшылық

жасайды.


              III. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру


     9. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Ауыл шаруашылығы

министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.


 
       10. Министрлiк жанынан заңды тұлғалар болып табылатын Мал дәрiгерлiгi, Орман және аң шаруашылығы, Су ресурстары, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттер құрылған. Комитеттердiң өз аумақтық органдары болады. Комитеттер туралы Ережелердi Үкiмет бекiтедi.
      11. Министрлiктiң орталық аппараты министрлiк қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттер мен басқармалардан тұрады.
      12. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары (вице-Министр) бар.
      Заңды тұлға болып табылатын комитеттердiң төрағаларын Министрдiң ұсынуымен Үкiмет қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      13. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз мiндеттерiн жүзеге асыруға дербес жауап бередi.
      14. Осы мақсаттарда Министр өз орынбасарының, Министрлiктiң басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерi шеңберiн белгiлейдi.
      Министрлiктiң қызметкерлерiн жұмысқа алады және жұмыстан босатады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
      Министрлiк орталық аппаратының штаттық кестесiн, Министрлiк қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдары туралы ережелердi бекiтедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және Министрлiк жүйесiне енетiн барлық кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдармен мекемелердiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi;
      Министрлiк қажеттi жағдайларда республиканың басқа министрлiктермен және ведомстволарымен бiрлесе отырып бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады.
      15. Министрлiкте алқа құрылады, оның құрамында Министр (алқа төрағасы), Министрдiң орынбасары (вице-Министр), сондай-ақ Министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi болады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi. Алқаның дербес құрамын Министр бекiтедi.
      16. Министрлiк алқасы өзiнiң жүйелi өткiзiлетiн мәжiлiстерiнде Министрлiк құзыретiне жататын мәселелердi қарайды.
      Министрлiк алқасының шешiмдер Министрлiк бұйрықтарымен ресiмделедi.
      17. Өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша Министрлiк ведомстволық бағыныстағы ұйымдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
      18. Министрдiң орынбасары Министр болмаған кезде оның мiндеттерiн атқарады, Министрлiк жанындағы Комитеттердiң жұмыстарын үйлестiредi, өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      19. Министрлiк ерекше қорғалатын табиғи аумақта мен аң аулау шаруашылығын қоса алғанда, агроөнеркәсiп кешенiн, жер және су ресурстарын, балық, орман және аң шаруашылықтарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметтердi өзiнiң аумақтық органдары арқылы жүзеге асырады.
      20. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының, облыстық

 

комитеттердiң, бiрлестiктердiң, кәсiпорындармен республикалық

бағыныстағы ұйымдардың, Су ресурстары, Жер ресурстарын басқару, Орман

және аң шаруашылықтары комитеттерiнiң басшыларын облыс әкiмдерiнiң

келiсуiмен Министр қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады, ал

аудан басшыларын аудан әкiмдерiнiң келiсуiмен облыстық ауыл

шаруашылығы басқармаларының бастықтары қызметке тағайындайды және

қызметiнен босатады.



                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 23 мамырдағы

                                          N 877 қаулысымен

                                             бекiтiлген


             Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

               министрлiгiнiң қарауындағы мекемелердiң

                                ТIЗБЕСI


     Облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары

     Аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары

     Өсiмдiктер карантин жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекция облыстық

мемлекеттiк инспекцияларымен

     Республикалық өсiмдiк қорғау станциясы

     Республикалық астық инспекциясы

     Республикалық тұқымдық мақта станциясы


 
       Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi

 

республикалық мемлекеттiк комиссия облыстық инспектураларымен, сорт

сынау станцияларымен және учаскелерiмен

     Республикалық мемлекеттiк тұқым инспекциясы облыстық және

аудандық мемлекеттiк тұқым инспекцияларымен

     "Республикалық стандарттау, метрология және экология орталығы"

қазыналық кәсiпорны

     "Қазақ мемлекеттiк аймақтық машина сынау станциясы" қазыналық

кәсiпорны (ҚазМСС)

     "Қызылорда мемлекеттiк аймақтық машина сынау станциясы"

қазыналық кәсiпорны

     "Павлодар мемлекеттiк аймақтық машина сынау станциясы" қазыналық

кәсiпорны

     "Тың мемлекеттiк машина сынау станциясы" қазыналық кәсiпорны

     Жетiсу гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы

     Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы

     Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы

     "Инжгеодезия" Алматы инженерлiк-геодезиялық қазыналық кәсiпорны

     "Картография" картографиялық қазыналық кәсiпорны

     "Картографиялық және геоақпараттық жүйелер ғылыми-өндiрiстiк

кәсiпорны" қазыналық кәсiпорны (Картинформ ҒӨК)

     "Орталық картографиялық-геозедиялық қор" қазыналық кәсiпорны

(ОКГҚ)

     "Ақмолатопогеозедия" Ақмола топографиялық-геодезиялық қазыналық

кәсiпорны

     "Актюбгеодезия" Ақтөбе картографиялық-геодезиялық қазыналық

кәсiпорны

     "Жамбылгеодезия" Жамбыл картографиялық-геодезиялық қазыналық

кәсiпорны

     "Қарағандамаркшейдерия" Қарағанды топографиялық-маркшейдерлiк

қазыналық кәсiпорны

     "Шымкентгеозедия" Оңтүстiк Қазақстан топографиялық-геодезиялық

қазыналық кәсiпорны

     "Талғаргеодезия" Талғар картографиялық-геодезиялық қазыналық

кәсiпорны

     Майбалық балық питомнигi

     Қазақ өндiрiстiк-жерсiндiру станциясы

     Қапшағай уылдырықтандыру-өсiру шаруашылығы

     Бұқтырма уылдырықтандыру-өсiру шаруашылығы

     Жезқазған балық питомнигi

     Қамысты-Бас балық питомнигi

     Зерендi балық питомнигi

     Жоғарғы Тобыл балық питомнигi

     Качир балық питомнигi

     Шiдертi уылдырықтандыру-өсiру шаруашылығы

     Петропавл балық питомнигi

     Шардара балық питомнигi


 
       Суда жүзу мен балық өнеркәсiбi флотын порттық қадағалау жөнiндегi қазақ мемлекеттiк инспекциясы (Мал дәрiгерлiк шекаралары мен сол жерлердегi көлiктiк бақылау пункттерi бар шекарадағы және көлiктегi Қазмембалықфлотинспекциясы)

 

     "Қазөнеркәсiпауылшаржобалау" бас мемлекеттiк жобалау институты

     Жер ресурстары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк

ғылыми-өндiрiстiк орталығы (МемжерҒӨО) еншiлес кәсiпорындарымен

     Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық зерттеулер

жөнiндегi институты (АШАГЗМИ)

     Қазақ жер мониторингi және экожүйелер қазыналық институты

(ҚазЖМИ)

     "Агроөнеркәсiпжүйесi" өндiрiстiк-енгiзу фирмасы

     Қазақ орман орналастыру кәсiпорны

     Республикалық орман инженерлiк селекциялық-тұқым орталығы

(ОИСТО)

     Алматы аймақтық орман инженерлiк селекциялық-тұқым шаруашылығы

орталығы (ОИСТШО)

     Қазақстанның ормандары авиациялық қорғау және орман

шаруашылықтарына қызмет көрсету базасы

     "Лавар" оқу-өндiрiстiк селекциялық кәсiпорны

     "Охотзоопром" ӨБ

     Қазақтың орман шаруашылығын жобалау институты (Қазгипроорманшар)

     Қазақ орман шаруашылығының басшы қызметкерлерi мен мамандарының

бiлiктiлiгін арттыру институты (ҚазОШБАИ)

     Қазақ республикалық орман-тұқым шаруашылығы станциясы

     Шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау

бас басқармасы

     Ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларына қарсы күрес жөнiндегi

республикалық экспедиция

     Республикалық мал дәрiгерлiгi лабораториясы

     Талдықорған аса қауiптi мал аурулары аймақтық мамандандырылған

мал дәрiгерлiгi лабораториясы

     "Союзцелинвод" тресi

     "Спецводопроводсельстрой" кәсiпорны

     Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорын

     Шардара ГЭС су қоймасымен

     "Кзылордасельхозводопровод" тресi

     Тасөткел су қоймасын пайдалану жөнiндегi басқарма

     "Суавтоматика" ғылыми-өндiрiстiк орталығы

     Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы мен Бартоғай су қоймасын

пайдалану жөнiндегi басқарма

     "Арал" тұрғызылып жатқан кәсiпорындардың бiрiккен дирекциясы

     "Қазсуресурстары" ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

     "Қазагромелиоводхоз" республикалық мелиорация және су

шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгi

     Республикалық маркетингтiк зерттеулер мен нарықтық ақпараттар

орталығы

     Республикалық баспа-әдiстемелiк орталығы

     "Ауыл жастары" республикалық ауыл шаруашылығы бiрлестiгi

     "Ауыл" газетiнiң редакциясы

     "Сельская новь" газетiнiң редакциясы

     Өндiрiстiк-пайдалану басқармасы

     Картографиялық кәсiпорны

     Жеңiл автомобильдер көлiкжайы



                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 23 мамырдағы

                                          N 877 қаулысына

                                              қосымша


             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшiн

                    жойған кейбiр шешiмдерiнiң

                             ТIЗБЕСI




 
       1. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң жанынан Геодезия және картография бас басқармасын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 10 қаңтардағы N 19 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 1, 15-бап).
      2. "Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 31 наурыздағы N 301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 13, 222-бап).
      3. "Жерге орналастыру жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк жобалау институтын Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 ақпандағы N 230 P940230_ қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 12, 112-бап).
      4. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 мамырдағы N 631 P950631_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 17, 130-бап). 2-тармақтан басқасы.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң 7-тармағына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiледi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-бап).
      6. "Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 сәуiрдегi N 513 P960513_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 17, 145-бап).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 P961031_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң 1-тармағына өзгертулер енгiзiледi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-бап).
      8. "Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 1225 P961225_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 41, 386-бап). 2-тармақтан басқасы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады