РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ТОБЫ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 28 ақпан N 235. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.04.27. N 482 қаулысымен.~P990482

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Осыған қоса берiлген Республикалық жедел құтқару тобы туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Республикалық жедел құтқару тобын ұстау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резерв қорының төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған қаражаты есебiнен жүзеге асырылып, бұл үшiн Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының арнаулы есепшоты ашылсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап жыл сайын көрсетiлген қор құрамында Республикалық жедел құтқару тобын құру мен ұстауға, арнаулы техниканы, механизмдердi, көлiк құралдарын, авариялық-құтқару жабдықтарын, аспаптар мен құрал-саймандарды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi Мемлекеттiк комитетпен келiсiлген есеп-қисап негiзiнде сатып алу мен оларға күтiм жасауға арналған қаражаттың шектi лимитiн анықтасын.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi бiр ай мерзiмде Республикалық жедел құтқару тобының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, оларға Қазақстан Республикасының заңдары мен Үкiмет шешiмдерiнде белгiленген жеңiлдiктердi қолдану жөнiндегi ұсыныстарды енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдерi қызметкерлер мен шаруашылық-техникалық қызметтердi орналастыру үшiн бiр айлық мерзiмде Республикалық жедел құтқару тобын үй-жайлармен және алаңмен қамтамасыз ету мәселесiн шешетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Көлiк министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi Республикалық жедел құтқару тобын қажеттi көлiк құралдарымен, инженерлiк және авариялық-құтқару техникасымен, арнаулы аспаптармен, жабдықтармен, құрал-саймандармен қамтамасыз етуге шаралар қолдансын.
      6. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Республикалық

 

жедел құтқару тобын қажеттi жедел байланыс түрлерiмен қамтамасыз

етiп, оның штаттағы қызметкерлерiнiң жұмыс орны мен пәтерлерiне

кезектен тыс телефон орнатсын.

     7. Республиканың жергiлiктi атқарушы органдары, министрлiктер

мен ведомстволар Республикалық жедел құтқару тобының мiндеттерi

мен функцияларын жүзеге асыруына жәрдемдесiп отыратын болсын.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 28 ақпандағы

                                           N 235 қаулысымен

                                            Бекiтiлген


            Республикалық жедел құтқару тобы туралы

                             Ереже




     ЕСКЕРТУ. Ереженiң мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң

              1996.08.20. N 1031 қаулысымен. 


P961031_




 
       1. Республикалық жедел құтқару тобы (бұдан былай - РЖҚТ) жол қатынасы қиын аудандарда, аса күрделi объектiлерде құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзу, табиғи зiлзала, авария және апаттар салдарынан зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшiн құрылған.
      2. РЖҚТ республикалық төтенше жағдайлардың алдын алу мен сондай жағдайларда iс-әрекет жасау жүйесiнiң күштерi мен құралдарының құрамына дербес балансы, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде валюталық және басқа есепшоттары, мөрi, фирмалық белгiсi мен таңбасы бар, заңды ұйымдардың барлық құқық түрлерiн пайдаланатын мамандандырылған дербес мемлекеттiк ұйым болып кiредi.
      РЖҚТ-ны жедел басқаруды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комитетi жүзеге асырады.
      РЖҚТ бастығы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк комитетi төрағасының өкiмiмен тағайындалады.
      3. РЖҚТ өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң нормативтiк актiлерiн, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк комитетi шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады. РЖҚТ гуманизм мен қайырымдылық, заңдылық және адам өмiрi мен ұлттық дәулеттi сақтаудың басымдық принциптерi негiзiнде жұмыс iстейдi.
      4. РЖҚТ жұмысындағы жеделдiлiкке құтқарушыларды жанжақты кәсiби даярлау, зардап шеккендердi құтқаратын арнаулы құралдармен, осы заманғы байланыс және көлiк құралдарымен жоғары деңгейде жабдықтау, сондай-ақ республика аумағындағы төтенше жағдайларда iс-әрекет жасауға әрдайым мейлiнше әзiр тұру арқылы қол жеткiзiледi.
      5. РЖҚТ ұйымдық құрылымының принциптерi - қызметкерлердiң еңбектегi белсендiлiгi және инициативасымен ұштасқан қатал орындаушылық тәртiпке негiзделген жеке-дара басқару. Құтқару тобы топтың негiзгi тактикалық бiрлiгi болып табылады. Қажеттi байланыс және тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдарымен, көлiкпен, техникамен және басқа жабдықтармен толық қамтамасыз етiлген топтардан тәулiк бойы кезекшiлiк ұйымдастырылады.
      6. РЖҚТ облыстық жедел құтқару отрядтарына әдiстемелiк басшылық жасайды, олардың оқу және профилактикалық қызметiне көмек көрсетедi. Облыстық жедел құтқару отрядтары өз қызметiн облыстық атқарушы органдар бекiткен ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
      7. РЖҚТ-ның штаттары жұмыс ерекшелiгi және дене тәрбиесi мен кәсiби дайындыққа қойылатын талаптар ескерiле отырып тәжiрибелi мамандардан iрiктелiп алынады және жасақталады. Құтқарушылардың жеке құрамы мен бiлiктiлiгiн РЖҚТ бастығы бекiтедi.
      8. Қажет болған жағдайда мұғалiмдер мен мамандарды қатыстырып, сондай-ақ шарт бойынша министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың оқу базасын пайдалана отырып республикалық және облыстық жедел құтқару отрядтарына кадрлар даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға арналған кәсiби құтқарушылар курстары РЖҚТ-ның құрамына кiредi.
      9. Төтенше жағдайларда жасауға жоғары деңгейде дайын тұруды қолдау үшiн РЖҚТ-ның жедел байланыс және хабарландыру жүйесi болады, кезекшi және болжамдау қызметтерiмен, мемлекеттiк комитетiнiң жедел кезекшiлерiмен тәулiк бойы байланыс жасап отырады.
      10. Төтенше жағдайлар кезiнде құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн РЖҚТ-ны мемлекеттiк комитетi немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабы шақырады.
      11. РЖҚТ-ның бөлiмшелерiн құтқару жұмыстары жүргiзiлетiн жерлерге жеткiзудi ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 16 сәуiрдегi N 315 қаулысымен бекiтiлген, көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мен сондай жағдайлардағы iс-әрекет жөнiндегi республикалық жүйенiң күштерi мен құрал-жабдығын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      РЖҚТ-ның жедел автокөлiгi төтенше жағдайлар болған жерге бара жатқан немесе құтқару топтарын аэропортқа апара жатқан жолда арнаулы мақсаттағы басқа да көлiк құралдарымен қатар артықшылық құқығымен пайдаланады. Осы мақсаттарда РЖҚТ-ның жедел автокөлiгiнiң белгiленген үлгiдегi тиiстi танымал, дыбыс және жарлық белгiлерi болады.
      12. РЖҚТ-ның негiзгi мiндеттерi:
      табиғи зiлзала, авария және қатынауы қиын аймақтардағы апат кезiнде көпсалалы кәсiби мамандығы бар құтқарушылардың жедел әрi тиiмдi iс-әрекет жасауын керек қылатын шұғыл құтқару, iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу;
      жойқын авариялар, апаттар ошақтарында және табиғи зiлзала аймақтарында барлау жасау;
      төтенше жағдайлар кезiнде авариялық-құтқару бөлiмшелерiмен және құрамаларымен бiрлесiп құтқару жұмыстарына қатысу;
      тiршiлiктi сақтаудың iс-әрекетi мен тәсiлдерiне халықты дайындау мен үйретуге, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын азайту жөнiндегi сақтандыру шараларын әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысу;
      РЖҚТ бөлiмшелерiнiң республика аумағында құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарын дереу әрi тиiмдi жүргiзуге ұдайы әзiр тұруын қамтамасыз ету.
      13. РЖҚТ өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      отрядты бiлiктi кадрлармен толық жасақтауды ұйымдастырады, оның жеке адам құрамын мүшкiл халге ұшырағандардың өмiрiн қорғау және оларға көмек көрсету жөнiнде тиiмдi iс-әрекет жасауға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзген кезде техника қауiпсiздiгi ережелерiн бiлуге жүйелi түрде арнайы дайындау мен үйрету iсiн жүргiзедi;
      iздестiру және құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн құтқару топтарын осы заманғы құралдармен, арнаулы жабдықтармен және құрал-саймандармен, байланыс, хабарлау және тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етудi ұйымдастырады және жоспарлайды;
      төтенше жағдайларда адам өмiрiн қорғау мәселелерi бойынша халық арасында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiнiк жұмысын жүргiзедi;
      түрлi төтенше жағдайларға қарайластырып құтқару жұмыстарының жедел жоспарларын әзiрлейдi;
      тиiстi бақылаушы органдарға қаржы қызметi жайында есеп табыс етiледi.
      14. Республикалық жедел құтқару отрядының:
      қоғамдық, кооперативтiк, қайырымдылық ұйымдар мен мекемелердiң, шетелдiк фирмалар мен азаматтардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының өтемсiз қаржы көмегiн пайдалануға;
      мемлекеттiк, қоғамдық, кооперативтiк, қайырымдылық ұйымдарымен және мекемелерiмен, шетелдiк фирмалармен және азаматтармен, Қазақстан Республикасының азаматтарымен төте iскерлiк және шаруашылық уағдаластық қатынастар жасауға;
      өзiнiң мүлкi мен қаржысына билiк жүргiзуге, өзiнiң экспериментальды-өндiрiстiк базасын, құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiне арналған арнаулы сақтандыру қорын құруға;
      РЖҚТ-ға жүктелген мiндеттердi орындау мақсаты үшiн оны ұстауға бөлiнген қаржы шегiнде отряд құрылымын қажеттi бөлiмшелермен және қызметтермен толықтыруға;
      құтқару жұмыстарына, оқу-жаттығу жиындарына және сабақтарына қатыстыру үшiн РЖҚТ-да тiркелген штаттан тыс құтқарушыларды өндiрiстен қол үздiрiп шақыртып алуға;
      құтқару, iздестiру-құтқару жұмыстарына қатыстыру үшiн төтенше жағдайлар аймағында жүрген құтқару құрамаларын, альпинисшiлер, турисшi спортшылар топтарын тартуға;
      оқу-жаттығу жиындарын, семинарларын өткiзуге, Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тысқары жерлердегi құтқару құрамаларының жиындары мен съездерiне делегаттар жiберуге;
      төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде аймақтардағы және Республика Үкiметiнiң шешiмi бойынша, шет елдердегi құтқару жұмыстарына қатысуға;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-насихаттық, жарнама, түсiнiк жұмысын жүргiзуге;
      жедел құтқару отрядтарының құтқарушыларын үйрету жүйесiн құрып, үйлестiруге;
      төтенше жағдайларда пайдалануға сай келетiн арнаулы техникаларды, жабдықтар мен құрал-саймандарды әзiрлеу және оларды сынау, құтқару отрядтарын әлгi аспаптармен жабдықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
      төтенше жағдайларға адам өмiрiн қорғау мәселелерi жөнiндегi тағайындалатын сарапшы комиссиялар мен топтарға қатысуға;
      республикалық және облыстық жедел құтқару отрядтарының қызметi және олардың жұмысын жетiлдiру мәселелерi жөнiнде, сондай-ақ құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарына қатысқан кезде көзге түскен азаматтарды ынталандыру туралы мемлекеттiк комитетке ұсыныс енгiзуге;
      республикадағы, шет елдердегi мемлекеттiк, қоғамдық және жеке құтқару қызметтерiмен, отрядтарымен және орталықтарымен байланыс орнатып, дамытуға; тәжiрибе алмасу, қызметтi үйлестiру, құтқару жұмыстарына қатысу мәселелерi жөнiнде олармен шарттар және келiсiмдер жасасуға құқығы бар.
      15. РЖҚТ қызметкерлерiнiң:
      кәсiби курстар мен мектептерде оқуға, отрядтың қаржысы есебiнен оқу-жаттығу, оқу-әдiстемелiк жиындар мен семинарларға баруға;
      жеке жаттығу үшiн отрядтағы спорт және арнаулы мүкәммалмен пайдалануға;
      құтқару жұмыстарын тиiмдi атқаруға қажеттi толық және объективтi ақпарат алуға;
      РЖҚТ-ның қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      РЖҚТ-ның арнаулы нысанды киiмiн киiп, омырауға қадайтын белгiсiн, эмблемасын тағып жүруге құқығы бар.
      Жедел құтқару отрядының қызметкерлерi арнаулы сақтандыру қорына түсетiн қаржы есебiнен министрлiктермен, ведомстволармен, кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен жасалған шарт негiзiнде жеке сақтандыруға жатады.
      Құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарына қатысу кезiнде РЖҚТ қызметкерлерi арнаулы киiммен, тасымалдаумен, жеке қорғаныс құралдарымен және тегiн тамақпен қамтамасыз етiледi.
      РЖҚТ қызметкерлерiнiң куәлiгi болады, онда мамандандырылуы, бiлiктiлiгi, құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарына тiкелей өзiнiң қатысу көрсеткiштерi белгiленедi.
      16. РЖҚТ қызметкерлерiнiң және құтқару жұмыстарына қатыстырылатын штаттан тыс құтқарушылардың еңбегiнiң ерекшелiктерiне байланысты олардың құқығы, мiндеттерi, жауапкершiлiгi және әлеуметтiк қорғалуы енгiзiлетiн мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтi-құқылық актiлерiнде анықталады.
      17. РЖҚТ өзiне жүктелген мiндеттердi төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысына қатысатын мемлекеттiк органдармен, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң әкiмшiлiктерiмен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара тығыз iс-қимыл жасай отырып шешедi.
      Адам өмiрiн қорғаудың профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру мен өткiзу, отрядтарды төтенше жағдайларда және құтқару, iздестiру-құтқару, тасымалдау жұмыстарын жүргiзу кезiнде iс-әрекет жасауға дайындау жөнiндегi өзiнiң функцияларын жүзеге асыруда РЖҚТ:
      iздестiру, құтқару жұмыстарын, профилактикалық және оқу-жаттығу шараларын жүргiзу, жедел құтқару отрядының көлiк құралдарын қажеттi танымал және дабыл беру құрылғыларын орната отырып арнаулы автокөлiк ретiнде тiркету үшiн РЖҚТ көлiк құралдарының бөгетсiз өтуiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша - Iшкi iстер министрлiгiмен;
      жедел құтқару отрядының мамандарын төтенше жағдайлар аймағына шұғыл түрде жеткiзудi қамтамасыз ету, жол қатынасы қиын аймақтарда iздестiру-құтқару жұмысын жүргiзуге және құтқарушылар десантын түсiруге арналған қажеттi жабдықтармен тiкұшақтар мен ұшақтарды жасақтау жөнiнде - Көлiк министрлiгiмен, көлiк ведомстволарымен және ұйымдарымен;
      құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде жедел құтқару отрядтарының құрамында шұғыл медицина қызметкерлерiнiң қатысуын, зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшiн отрядтарды медикаменттермен және басқа заттармен қамтамасыз ету, құтқарушыларды алғашқы медициналық жәрдем көрсету бағдарламасы бойынша үйретудi жүзеге асыру жөнiнде - Денсаулық сақтау министрлiгiмен;
      бақылау, туристiк-альпинистiк маршруттарды тiркеу, жол қатынасы қиын аймақтардағы оқыс жағдайлардың профилактикасы мақсатында нұсқаушы кадрларға аттестация жүргiзу мәселелерi бойынша - Жастар iстерi жөнiндегi, туризм және спорт министрлiгiмен өзара байланысып iс-әрекет жасайды.
      18. РЖҚТ-ны ұстау, жасақтау және оның қызметiн қаржыландыру:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резерв қорының қаржысы;
      жергiлiктi бюджеттер және министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындардан, басқа да заңды ұйымдар мен жеке адамдардан түсетiн қаржы;
      төтенше жағдайларда адамдарды қорғау мен құтқару, оларға көмек көрсету үшiн кәсiпорындардың, қоғамдық, қайырымдылық ұйымдардың, азаматтардың, оның iшiнде басқа да мемлекеттердiң ерiктi салымдары есебiнен құрылатын қоғамдық қорлар есебiнен жүзеге асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады