Шет елдермен сауда-экономикалық байланысты дамыту және көрме қызметiн мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Көрмелер өткiзу жөнiндегi Ведомствоаралық кеңес мынадай құрамда құрылсын:
Метте В.Л. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары (Кеңес төрағасы)<*>
Абдоллаев Қ.А. - "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық
орталығы" акционерлiк қоғамының президентi (Кеңес
төрағасының орынбасары)
Рақышев Х.К. - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп
палатасының төрағасы (Кеңес төрағасының
орынбасары)
Лопатко И.В. - Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық
байланыстар министрлiгi басқарма бастығының
орынбасары (Кеңес хатшысы)
Ескерту. Құрамға өзгерту енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.04.04. N 400 Қаулысымен.
2. Кеңес төрағасы мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың және ұйымдардың қатысуымен Кеңес мүшелерiнiң жеке құрамын айқындасын.
3. Көрмелердi өткiзу жөнiндегi Ведомствоаралық кеңес Кеңес туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы министрлiктермен, ведомстволармен, концерндермен және холдинг компанияларымен бiрлесiп, республика экономикасының мүддесiне орай, республикада халықаралық, мамандандырылған, әмбебап және тақырыптық көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар, iскер кездесулер өткiзудiң жоспарын жыл сайын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
5. "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлiк қоғамы Алматы қаласында республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзуге арналған негiзгi материалдық-техникалық база ретiнде айқындалсын.
6. "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлiк қоғамы облыс әкiмдерiнiң, министрлiктердiң, ведомстволардың, холдингтердiң және мүдделi ұйымдардың қатысуымен "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлiк қоғамы павильондарының бiрiнде Қазақстан кәсiпорындары өнiмдерiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн экспозициясын құратын болсын.
7. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлiк қоғамының тапсырысы бойынша жарнамалық баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз етсiн.
8. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы, "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлiк қоғамы мүдделi министрлiктерге, ведомстволарға, концерндерге, холдинг компанияларына, ұйымдар мен кәсiпорындарға Қазақстан және шетелде жоспарланған халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар және симпозиумдар туралы уақтылы хабарлап отыратын болсын.
9. Көрмелер өткiзу жөнiндегi Ведомствоаралық кеңес Қазақстанның көрмелерi мен жәрмеңкелерiн шетелдегi бас ұйымдастырушының, сондай-ақ халықаралық және шетелдiк көрмелер мен жәрмеңкелердi республикада ұйымдастыратын Қазақстан жағын айқындайтын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi