ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСIП МИНИСТРЛIГIНIҢ ХАЛЫҚ ТҰТЫНАТЫН ТАУАРЛАР ЖӨНIНДЕГI ДЕПАРТАМЕНТI (БАСҚАРМАСЫ) ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 11 сәуiр 1994 ж. N 367. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң Халық тұтынатын тауарлар жөнiндегi департаментi (басқармасы) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
     (2-тармақ)<*>   
      Ескерту. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нің 1994.06.22.   N 703 қаулысымен.
       3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi бiр ай мерзiмде аталған Департаменттiң құрылымы мен штат кестесiн әзiрлеп, бекiтсiн.      

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1994 жылғы 11 сәуiрдегi     
N 367 қаулысымен         
Бекiтiлген             

Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң Халық тұтынатын тауарлар жөнiндегi департаментi (басқармасы) туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Халық тұтынатын тауарлар жөнiндегi департамент (басқарма) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 қазандағы N 1039 қаулысымен құрылған және халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамыту саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi құрамындағы атқарушы өкiмет органы болып табылады. 
      2. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, республика Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмдерiн, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк актiлердi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi туралы Ереженi және осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi: 
      меншiк нысандары мен ведомстволық бағынысына қарамастан мемлекеттiк холдинг, акционерлiк компаниялардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, басқа да республикалық тауар өндiрушiлердiң халық тұтынатын өндiрiстiк емес тауарлар өндiрiсiн ұлғайтып, олардың сапасы мен ассортиментiн жақсарту жөнiндегi iс-әрекетiн үйлестiру; 
      өндiрiстi дамыту, тауарларды iшкi және сыртқы нарықтарда сату процесiн экономикалық реттеу шараларын талдап жасау; 
      инвестиция саясатында сыртқы және iшкi нарықтардың конъюктурасын, республиканың ресурстық әлеуетi тиiмдi пайдаланылуын басшылыққа ала отырып, өндiрiстiк емес тауарлар өндiрiсiн дамыту жөнiндегi басым бағытты анықтау; 
      халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiнде ғылыми-техникалық саясатты белгiлеу, мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыру; 
      халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiне және олардың өткiзiлуiне, кәсiпорындардың қаржы жағдайына, олардың техникалық деңгейiне талдау жасау. 
      4. Департамент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес: 
      республиканың өнеркәсiп кешенiнде халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамытудың жедел және ұзақ мерзiмдi болжамдарын әзiрлейдi; 
      мемлекет мұқтажын қалыптастыруға және оның орындалуын қамтамасыз етуге, халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамытудың экономикалық реттегiштерiн талдап жасауға қатысады; 
      мемлекеттiк холдинг, акционерлiк компанияларда, кәсiпорындар мен бiрлестiктерде мемлекет мүдделерiнiң халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiне қатысты бөлiгiнiң сақталуына талдау жасайды және оның бақылануын жүзеге асырады; 
      халық тұтынатын өндiрiстiк емес тауарларға және оларды өндiруге арналған негiзгi шикiзат түрлерiне квоталарды, лицензияларды, экспорт пен импорт баждарын әзiрлеу мен оларды келiсiп алуға қатысады. 
      5. Департаменттiң: 
      басқарудың экономикалық әдiстерiнiң ролiн арттыруды қамтамасыз ететiн нұсқамаларды, нұсқауларды және басқа құжаттарды өз құзыры шегiнде шығаруға құқы бар; 
      Департамент шешiмдерi меншiк нысандарына қарамастан халық тұтынатын тауарларды шығаратын қарамағындағы барлық кәсiпорындарға мiндеттi болып табылады; 
      халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн жетiлдiру және олардың сапасы жоғары болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге; 
      Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң алқасы мәжiлiстерiнде қарау үшiн басқару әдiстерiн жетiлдiру, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат жүргiзу, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, кәсiпорындардың өндiрiстiк әлеуетiн нығайту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге құқы бар. 
      6. Департаментке басшылық ету Министрдiң орынбасарына жүктеледi, ол Департаменттiң барлық бөлiмдерiнiң алдында тұрған мiндеттердi орындауын қамтамасыз етедi және жұмысына бағыт берiп отырады, бөлiмдердiң құрамын қалыптастырады, Өнеркәсiп министрiне Департамент аппаратының бөлiм бастықтары мен қызметкерлерiне кандидатура ұсынады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады