"Алға-Автомоторс" ұлттараралық автомобиль консорциумы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 маусым 1994 ж. N 703

      Халық шаруашылығын және халықтың автокөлiк құралдары жөнiндегi сұранысын қанағаттандыру үшiн кәсiпорындардың қазiргi бос өнеркәсiп алаңдары, өндiрiстiк қуаттары және еңбек ресурстары негiзiнде меншiктi автомобиль жасау өнеркәсiбiн құру мақсатында, сондай-ақ республиканың экономикасын дамытудың шикiзаттық бағытталуын жою үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, "Дженерал Моторс", "Дженерал Беринг" және "Қазақстан" корпорацияларының, "Павлодартрактор" мемлекеттiк концернiнiң мемлекет, жеке меншiк капитал және шет ел инвесторлары қатысатын "Алға-Автомоторс" ұлтаралық автомобиль консорциумын құру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      Осы консорциумның тұратын жерi Алматы және Павлодар қалалары болып анықталсын.
      2. "Қазақ КСР-iндегi меншiк туралы" Қазақ КСР Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуi бойынша "Алға-Автомоторс" ұлтаралық автомобиль консорциумының жарғылық қорына қаражат қосуына рұқсат етiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi аталған консорциумның құрамына кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк меншiгiнiң үлесiн анықтап, оған әлгi үлестi иелену, пайдалану және басқару құқығын республиканың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес табыстайтын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1607 K941607_ қаулысына сәйкес автомобиль жасауды дамыту үшiн "Алға-Автомоторс" ұлтаралық автомобиль консорциумына сыртқы заемдардың кепiлдiгiн берiп, олардың пайдаланылуын және уақтылы өтелуiн бақылауды жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Консорциумға кiретiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырсын.
      5. Министрлiктер, ведомстволар, облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасында автомобиль жасау өнеркәсiбiн құру iсiнде Консорциумға көмектесiп отырсын.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң халық тұтынатын тауарлар жөнiндегi Департаментi (Басқармасы) туралы Ереженi бекiту туралы" 1994 жылғы 11 сәуiрдегi N 367 p940367_ қаулысы 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады