Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" және "Жоғарғы бiлiм туралы" заңдарына сәйкес әр түрлi үлгiдегi және меншiк нысандарындағы бiлiм мекемелерi түлектерiнiң бiлiмiне бiрыңғай төмендегi талап деңгейiн қамтамасыз ету, аттестациялау құжаттарды конвертациялау және республиканың әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне енуi үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Былай деп белгiленсiн:
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бiлiм стандарты оқушылар бiлiмiне, iскерлiгi мен дағдысына қойылатын ең төменгi негiзгi талап деңгейiнiң көлемiн реттейдi және мамандар кәсiби даярлығының қажеттi деңгейiн анықтайды;
мемлекеттiк бiлiм стандарты барлық үлгiдегi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес оқу орындарына қолданылады;
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бiлiм стандартын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен және басқа мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесе отырып әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бекiтедi.
Осындай тәртiппен мемлекеттiк бiлiм стандартына ғылымның,
техниканың, мәдениет пен бiлiмнiң дамуындағы жаңа бағыттарға
байланысты қажеттi өзгерiстер енгiзiлiп отырады;
жұмыс оқу жоспарлары базистiк (үлгi) оқу жоспарлары мен
кәсiптер және мамандықтар бойынша бiлiктiлiк сипаттамалары
негiзiнде әзiрленедi және оны жергiлiктi бiлiм беру органдарының
мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып оқу
орындары тарапынан бекiтiледi.
2. Мемлекеттiк бiлiм стандарттарының сақталуына бақылауды
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi