Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
1. 1994 жылғы 1 маусымнан бастап Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден тысқары жерлерден әкелiнетiн импортталатын тауарларға салынатын акциз ставкалары 1994 жылғы 1 маусымға дейiнгi жасасқан контрактiлер бойынша төленген импортталатын тауарлардан басқасы қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
22.06.1994 ж. N 701 және 04.19.1995 ж. N 513
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тәуелсiз
мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттерден тысқары жерлерден
әкелiнетiн импортталатын тауарларға салынатын акциз ставкалары
туралы" 1993 жылғы 27 шiлдедегi 644 қаулысының /Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N31, 357-бап/ бiрiншi тармағының
бiрiншi абзацының күшi iшiнара жойылған деп танылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 22.06. 1994 ж.
N 701 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 24 мамырдағы
N 556 қаулысына
Қосымша
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден
тысқары жерлерден әкелiнетiн импортталатын тауарларға
салынатын
______________________________________________________________________
Сыртқы экономикалық ! Тауарлардың атауы ! Акциз ставкасы
қызметтiң тауар номе! ! кедендiк құнына
клатурасының коды ! ! % есебiмен
---------------------------------------------------------------------
401110000 Жеңiл автомобильдерге арналған жаңа
пневматикалық резина шиналар 30
420310000 (тек Табиғи немесе жасанды терiден тiгiлген
табиғи терiден) киiм 40
4303 Мех киiм 50
57-топ Кiлем және кiлем бұйымдары 25
650692000 Табиғи мехтан тiгiлiп, әдiптелген
немесе әдiптелмеген астарды яки
астарсыз басқа да бас киiмдер 45
6911 Фарфор және фаянс ыдыс 45
701321 Хрустальдан жасалған сусын iшетiн
ыдыстар 45
701331 Хрустальдан жасалған дастарқан бұйымдары
(сусын iшетiн ыдыстардан басқасы) немесе
ас үй жабдығы 45
701391 Хрустальдан жасалған басқа да бұйымдар 45
7113 Бағалы металдар жалатылған металдардан
жасалған зергерлiк бұйымдар мен олардың
бөлiктерi 30
7114 Алтын және күмiс шеберлерiнiң бағалы
металдар жалатылған металдардан жасаған
бұйымдары мен олардың бөлiктерi 30
7116 Табиғи немесе қолдан өсiрiлген iнжуден,
асыл немесе жартылай асыл тастардан
(табиғи, жасанды яки қайта қалпына
келтiрiлген тастардан) жасалған
бұйымдар 30
8703 Адамдарды тасымалдауға арналған жеңiл
автомобильдер мен басқа да моторлы
көлiк құралдары (8702 тауар түрiн де
жiктелген автомобильдерден басқалары),
оның iшiнде жүк-жолаушы
автомобиль-фургондар және жарыс
автомобильдерi 25
Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
13.02.1995 ж. N 146 және 04.19. 1995 ж. N 513
қаулысымен.