Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында жер үлесiне (пай) құқын беру тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 10 маусым 1994 ж. N 611. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Совхоздар мүлкiнiң бiр бөлiгiн директорлардың меншiгiне беру туралы" 1994 жылғы 9 наурыздағы N  1585 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында жер үлесiне (пай) құқын беру Тәртiбi (қоса берiлiп отыр);
      жер үлесiне құқы туралы куәлiктiң нысаны (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Шаруашылықтарды реформалау барысында колхозшылардың жалпы жиналысы арқылы осы Тәртiптiң ережелерiн басшылыққа алу ұсынылсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге 
орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жер үлесiне құқын беру шартының және жер үлесiне құқы туралы куәлiктерi мен жер үлесiне 
құқын беру шарттарын тiркеу Кiтабының нысандарын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы    
Министрлер Кабинетiнiң    
1994 жылғы 10 маусымдағы   
N 611 қаулысымен       
Бекiтiлген          

            Ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру
               барысында жер үлесiне (пай) құқын беру
                          Тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Совхоздар мүлкiнiң бiр бөлiгiн директорлардың меншiгiне беру туралы" 1994 жылғы 9 наурыздағы  N 1585 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында аталған кәсiпорындардың қызметкерлерi екi жақты уағдаластық жағдайымен осы кәсiпорын еңбек ұжымының өзге де мүшелерiне осы үлестi (пайды) ауыл шаруашылық өндiрiсiнде пайдалану үшiн өздерiнiң мүлiктiк үлесiн сата алады, бере алады және жер үлесiне (пай) құқын бере алады. 
      2. Еңбек ұжымдарының мүшелерi арасында үлестiк бөлу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысымен бекiтiлген Агроөнеркәсiп кешен кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру Тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады. 
      3. Жекешелендiрiлген мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының әрбiр қызметкерiне жер үлесiне құқы туралы куәлiк (бұдан әрi куәлiк деп аталады) бекiтiлген нысан бойынша нақты түрде осы жер үлесi бөлiнбей берiледi. 
      Куәлiк тиiстi мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорын қызметкерiнiң жер үлесiне құқын куәландыратын құжат болып табылады. 
      4. Куәлiктердi алу үшiн жекешелендiрiлген ауыл шаруашылық кәсiпорындар аудан әкiмiне еңбек ұжымының жалпы жиналысында бекiтiлген, жер үлесiнiң көлемдерiн көрсетiп, жер үлесiне құқы бар осы ұжымдар қызметкерлерiнiң тiзiмiн тапсырады. 
      5. Аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетi аудан әкiмi шешiмiнiң негiзiнде куәлiктер бередi. 
      6. Жер үлесiне құқық беру мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорнының қызметкерiнде жер үлесiне құқы туралы куәлiк болғанда ғана мүмкiн болады. 
      7. Екiжақты уағдаластық жағдайымен өзiнiң жер үлесiне құқын осы кәсiпорынның өзге қызметкерiне беретiн ауыл шаруашылық кәсiпорын қызметкерi жер үлесiне құқын беру шартымен жасалынатын келiсiмдi жазбаша түрде ресiмдейдi. 
      8. Жер үлесiне құқын беру шарты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiне беру нәтижесiнде бұл құқықты алушы қызметкерге куәлiк беру үшiн негiз болады. 
      9. Қызметкерге жер үлесiне құқын өзгеге бергенге дейiнгi, одан кейiнгi жер үлесiне құқық беру жөнiндегi берiлген куәлiк және жер үлесiне құқын беру шарты аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiндегi жер үлесiне құқын беру куәлiктерiн, жер үлесiне құқын беру шарттарын тiркейтiн Кiтапта тiркеледi. 

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1994 жылғы 10 маусымдағы    
N 611 қаулысымен        
Бекiтiлген          

Нысан         
-----------     

Қазақстан Республикасының Гербi   

             Жер үлесiне құқы жөнiндегi
                   Куәлiк N

Куәлiк__________________________________________________________
                     (елдi мекеннiң атауы)
__________________________________көшесiндегi N_____үйде тұратын
 

  азамат__________________________________________________________
                 (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
______________________________________________ауданы әкiмiнiң

199_____жылғы "_______"____________________N___________шешiмiмен

________________________________________________________________
     (аудандық, облыстық, ауыл шаруашылық кәсiпорын атауы)

жер иелiгiнен__________________га көлемiнде (_______балл гектар)

жер үлесiне құқы берiлдi, оның________гектары ауыл шаруашылығы

жерi, оның iшiнде__________________жайылым________________гектар

N_____________куәлiк жер үлесiне құқы туралы куәлiктер мен жер 
үлесiне құқын беру шарттарын тiркеу Кiтабында тiркелдi және 
________________________________________________берiледi.
          (берiлген күнi)
                          ____________________аудандық (қалалық)
    М.О.                  жер қатынастары және жерге орналастыру
                          жөнiндегi комитеттiң төрағасы
___________________            _________________________________
  (қолы)                             (фамилиясы, аты-жөнi)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады