Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн құру, қайта құру және тарату тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 16 маусым N 637. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.02.25. N 300 қаулысымен. ~P000300

      Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Жоғары бiлiм туралы" заңдарына сәйкес және мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн құру, қайта құру және тарату тәртiбiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн құру, қайта құру және тарату тәртiбi туралы қоса берiлген Үлгi ереже бекiтiлсiн.
      2. Бағынысында бiлiм мекемелерi бар министрлiктер мен ведомстволар бiр ай мерзiм iшiнде өз шешiмдерi мен нормативтiк актiлерiн осы Ережеге сәйкестендiрсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 16 маусымдағы
                                            N 637 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн құру, қайта
                  құру және тарату тәртiбi туралы
                          Үлгi Ереже
      1. Мемлекеттiк жоғары және арнаулы орта оқу орындарын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi құрады. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне оларды құру туралы ұсынысты облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының тиiстi салалық министрлiктерiмен, ведомстволарымен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi енгiзедi.
      2. Республикалық бағыныстағы басқа оқу орындары мен мекемелерiн, ұйымдарын құруды Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен тиiстi салалық министрлiктердiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады.
      3. Жергiлiктi бағыныстағы мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие мен оқу мекемелерiн, жалпы орта бiлiм, мектептен тыс және басқа бiлiм мекемелерiн құруды тиiстi министрлiктердiң және ведомстволардың басшыларымен келiсе отырып облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi жүргiзедi.
      4. Ведомстволық бағыныстағы мектепке дейiнгi, жалпы орта бiлiм және басқа да бiлiм мекемелерiн құруды жергiлiктi әкiмдермен және бiлiм беру органдарымен келiсе отырып кәсiпорындар мен ұйымдар жүргiзедi.
      5. Жалпы орта бiлiм беретiн бағдарлы спорт мектеп-интернаттарын құруды Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң келiсiмi бойынша жергiлiктi әкiмдер жүргiзедi.
      6. Кәсiптiк-техникалық оқу орындарын Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Еңбек министрлiгiнiң және тиiстi салалық министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмiмен жергiлiктi облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi құрады.
      7. Мемлекеттiк салалық және салааралық институттар, бiлiктiлiк көтеру және қайта даярлау орталықтарын құруды Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң және тиiстi облыстардың, Алматы мен Ленинск қалалары әкiмдерiнiң келiсiмдерi бойынша тиiстi салалық министрлiктер мен ведомстволар жүргiзедi.
      8. Жоғары оқу орындарының заңды және қаржылай дербестiгi бар аумақтық оқу-ғылыми құрылымдық бөлiмшелерiн құру жергiлiктi атқару өкiметi органдарының және Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң келiсiмiмен, немесе жоғары оқу орындарының бағыныстылығына қарай ведомстволық басқару органдарының келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
      9. Бiлiм мекемелерi бiлiм беру қызметi мен Қазақстан Республикасы заңдары беретiн жеңiлдiктер хұқына өздерiне лицензия берiлген күннен бастап ие болады.
      10. Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн қайта құру, тиiстi бiлiм мекемелерiн құру үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi. Мектепке дейiнгi мекемелердi қайта құруда олардың қызмет бағдары сақталады.
      11. Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн жоюды оларды құру туралы шешiм шығарған органдар жүргiзедi. Сонымен қатар ауылдық жерлердегi шағын жасақталған мектептердi жабу тек қана азаматтар жиынының шешiмi болғанда жүргiзiледi.
      12. Таратылған мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң үйлерi, оқу жабдықтары мен басқа мүлкi бiлiм саласынан тыс ұйымдарға берiлмейдi. Аталған мүлiк басқа бiлiм мекемелерiне, оның iшiнде мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерiне де берiледi және тiкелей бiлiм беру мақсаттарына пайдаланылады.
      13. Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн құру, қайта құру және тарату туралы мемлекеттiк статистика органдарына хабарланады.
      14. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерiн құру, қайта құру және таратуды олардың құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бiлiм қызметiн лицензиялау тәртiбi туралы Ереженi және Мемлекеттiк емес Бiлiм мекемелерi туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 13 шiлдедегi N 597 P930597_ қаулысымен бекiтiлген тәртiпке сай жүргiзедi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 27, 337-бап).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады