Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының арнаулы баспа өнiмдерiн (жүргiзушiлер куәлiктерiнiң бланктерi мен Қазақстан Республикасының көлiк құралдарын тiркеу туралы айғақтамаларды) дайындаушы мамандандырылған режимдiк кәсiпорынды анықтасын.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi бейнеленген тиiстi халықаралық талаптарға сай келетiн аталған өнiмдердi даярлау жөнiнде тапсырыс жасау құқығы берiлсiн; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес арнаулы баспа өнiмдерiне ақы төлеу мен оны есепке алу тәртiбiн, сондай-ақ оған кеткен шығынды көлiк құралдары иелерiнiң есебiнен өтеудiң шартын әзiрлеп, бекiтетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi