Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының Пленумы сот-төрелiк тәжiрибесiнiң бiркелкiлiгiн қамтамасыз ету мақсатыңда "Қазақстан Республикасы төрелiк соты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабын басшылыққа ала отырып
қаулы етедi:
Сот түсiнiктемесi ретiнде мыналар түсiндiрiлсiн:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Экономикалық реформаларды жүргiзу кезеңiнде азаматтық құқық қатынастарын реттеу туралы" қаулысы мен Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексi қабылданғанға дейiн, республика аумағында уақытша 1991 жылы 31 мамырда бекiтiлген КСР Одағы мен республикалардың азаматтық заң Негiздерiнiң қызметi жүзеге асырылуы белгiленген.
Азаматтық заң негiздерi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысында белгiленген ретпен шекте, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясы 1990 жылдың 1 қаңтарынан кейiн қабылдаған заң актiлерiне қайшы келмейтiн бөлiгінде қолданылуға жатады.
Төрелiк соттар 1990 жылдың 1 қаңтарына дейiн қабылданған Азаматтық кодекс нормалары мен азаматтық заң актiлерiн Азаматтық заң негiздерiне қайшы келмейтiн бөлiгінде қолдануы мүмкiн.
2. Азаматтық заң негiздерi 1993 жылдың 30 қаңтарынан кейiн туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тараптардың бұған дейiн қарым-қатынасы Қазақстан Республикасы заңымен, ал онда қарастырылмаған бөлiгiнде, бұрынғы КСРО-ның ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң қаулысына сәйкес) нормативтiк актілерiмен реттеледi.
3. Азаматтық заң негiздерiнiң 15-бабының 1-тармағы қандайда бiр болмасын ықтиярсыз алусыз заңды ұйымның толық мүлiктiк жауапкершiлiгiн белгiлейдi. Сондықтан қарыздардың ақша қаражаты жоқ болса, несие берушiнiң талабы бойынша оны заңды ұйым иелігіндегi кез келген мүлiктен өндiрiп алуға болады.
Заңды ұйымның жауапкершілігi заңмен, құрылтай құжаттарымен, Жарғымен анықталады. Жеке мүлiктен өндiрiп алу, заңда немесе жоғарыда көрсетілген құжаттарда қарастырылған жағдайларда болуы мүмкiн.
4. Мерзiмi өткен iстердi қарау мәселелерiн шешу кезiнде, төрелiк сот Негiздердiң 42, 43-баптарын және осы баптарға қайшы келмейтiн Қазақ КСР-i Азаматтық кодексi ережелерiн басшылыққа алуы тиiс.
Негiздерде кез келген адамның талабы бойынша құқын қорғау үшiн үш жылдық жалпы мерзiм белгiленген. Сондықтан Қазақ КСР Азаматтық кодексiнде көзделген мемлекеттiк және басқа ұйымдар үшiн мерзiмi өткен iстердi жыл мерзiмiнен бөлiп алуды қолданбау керек.
Мерзiмi өткен iстердiң жалпы мерзiмi 1993 жылдың 30 қаңтарынан кейiн қабылданған мемлекеттiк және жоғары органдардың актiлерiне дау айтқан заңды ұйымдардың талаптарына да қолданылуы керек.
Негiздердiң 42-бабының 2-тармағына сәйкес жеке талаптар үшiн мерзiмi өткен iстердiң мерзiмiн қысқарту заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн. Төрелiк соттар дауларды қараған кезде мерзiмi өткен iстердiң қысқартылған мерзiмдерi Қазақ КСР Азаматтық кодексiнiң 76, 243, 237, 375-баптарында қарастырылғанын ескеруi керек. Мердiгер жауапкершілiгi Негiздердiң 94-бабымен реттеледi, сондықтан да Қазақ КСР Азаматтық кодексiнiң 352 бабын қолдануға жатпайды.
5. Өнiмдер жеткiзiлiмi келiсiмiнен туындайтын дауларды қарау кезiнде оған Азаматтық заң негiздерiнiң 79-бабында көрсетiлген алып-сату келiсiмi жөнiндегi ереженің қолданылатынын ескеру қажет. Басқаша жағдайлар шартта немесе заң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн. Мемлекет қажеттері үшiн тауарлар жеткiзудiң ерекшелiктерi арнайы заңдармен анықталады.
Егер шартта, бұл туралы тiкелей анықталса немесе мазмұнынан айқын көрiнiп тұрған жағдайда, өнiм жеткiзу туралы Ережеде және күрделi құрылыс келiсiмi туралы Ережеде белгiленген мүлiктiк санкциялар тараптардың қарым-қатынасына қолданылады. Бұл ретте шарт тәртiбiн белгiлейтiн Азаматтық заң негiздерiнiң 59-бабы басшылыққа алынуы керек.
6. Азаматтық заң негіздерінің 28-бабы мәмiле деп азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн орнықтыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерiн таниды. Бұл ретте 27-бап келiсiм жасаудың белгiлi бiр түрi заңмен белгiленбеген жағдайда ауызша мәмiле жасауға тыйым салмайды. Төрелiк соттар дауларды шешкен кезде 1990 жылдың 1 қаңтарынан кейiн қабылданған заң талаптарынан шығуы және осыған сәйкес тараптардың әрекеттері мен келiсiмнiң бұзылу салдарына баға беруi керек.
7. Азаматтық заң негiздерiнiң 71-бабының 1 тармағы мен Негіздердiң 73-бабының 3-тармағы қарыздардың мiндеттерiн орындауда өзiне қатысты барлық шараларды қолданғандығы туралы дәлелдерiн ескерiп, мiндеттемелерiн орындауға мүмкiндiгi жоқтығынан, мiндеттерiн орындаудан босатуды көздейдi.
8. Қазақ КСР Азаматтық кодексінің 147-бабына қайшы 1993 жылдың 30 қаңтарынан кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылатын Азаматтық заң негіздерiнiң 133-бабында мүлiктi негізсiз сатып алынған сәтiндегi емес, сол негiзсiз сатып алынған мүлiктi қайтарып алуға талап берiлген кездегi бағасымен өндiрiп алу көзделген. Төрелiк соттар негiзсiз баюдың нәтижесiндегi мiндеттемелер бойынша талаптарды қарау кезiнде қарыздардың негiзсiз сатып алған қанша мүлкiнiң бар екенiн, талапкерге оны қайтару мүмкiндiгiн анықтап және шешiм шығару кезiнде негiзсiз сатып алынған немесе айрылып қалған мүлiктiң iс жүзіндегі шешiм шығару уақытындағы бағасын анықтауы керек.
9. Азаматтық заң негiздерiнiң 65-бабының 2-тармағы шарт бағасының, ол жасалғаннан кейiн өзгертілу мүмкiндiгiн тек шартта немесе заңда көзделген жағдайларда ғана болуын көздейдi. Мүлiк дауларын қараған кезде төрелiк сот бағаның iс жүзiнде өзгергенi жөнiндегі дәлелдердi талап етуi керек, ал дәлелдер болмаған жағдайда арыз талаптары шартта көрсетілген баға есебiмен қанағаттандырылады.