Қазақстан Республикасының Қаржы Қызметiн экономикалық талдау үшiн деректеме құрастырудың халықаралық жүйесiне көшу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 шiлде 1994 ж. N 786. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының қаржы қызметiн экономикалық талдаудың халықаралық жүйесiне көшу жөнiндегi "Стэнд Бай" бағдарламасының шарттарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Халықаралық валюта қорының ұсыныс, кеңестерi ескерiлiп даярланған мемлекеттiк бюджеттiң жаңа жiктемесiнiң негiзгi шарттары мен талаптарының схемасы қосымшаға сәйкес мақұлдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      - жүзеге асырылатын қаржы операцияларының қызметтiк-адрестiк бағдарлылығына сәйкес екi әдiспен мемлекеттiк бюджеттiң жаңа жiктемесiнiң негiзгi шарттары мен талаптарының схемасы негiзiнде 1994 жылдың 1 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк басқару органдарының қаржылық қызметiн көрсететiн жаңа бюджеттiк жiктеме жасап, бекiтсiн: 
      - жүзеге асырылатын қаржы операцияларының тұрақты мекен-жайына сәйкес; 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң келiсiмi бойынша, жаңа бюджеттiк жiктеме негiзiнде 1995 жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде бюджет мекемелерiндегi бухгалтерлiк есеп бойынша жаңа есептеу Жоспары әзiрленiп, нормативтiк актiлер мен әдiстемелiк құжаттар осыған сәйкестендiрiлсiн; 
      жаңа бюджеттiк жiктеме енгiзуге байланысты құжаттарды бюджеттiк мекемелерге жеткiзу ұйымдастырылсын, 1995 жылдың аяғына дейiн жаңа нысандағы бланктер әзiрлеуге тапсырыстар жасалсын; 
      1996 жылдың 1 қаңтарынан бюджеттiң атқарылуын жоспарлау және есебiн жүргiзу халықаралық талаптарға сай келетiн бюджеттiк жiктеме бойынша жүзеге асырылсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы қазынашылық органдарына осы қызмет мiндеттерi берiлгенге дейiн, бюджеттi атқарып жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiне бюджеттi атқаруға байланысты ақпараттарды машинамен өңдеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне және Халықаралық валюта қорына тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 15-iнен кешiктiрмей осы қаулыны iс жүзiне асыру барысы жайлы қор белгiлеген мерзiмде ақпарат берiп отыратын болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi
 
                                          Қазақстан Республикасы 
                                          Министрлер Кабинетiнiң
                                          1994 жылғы 13 шiлдедегi
                                               N 786 қаулысына
                                                     Қосымша

               Мемлекеттiк бюджеттiң жаңа жiктемесiнiң 
                  негiзгi шарттары мен талаптарының
                               СХЕМАСЫ     

     Жаңа бюджеттiк жiктеменi жасауда мынадай негiзгi дәйектi айқындамалар сақталынып, жүзеге асырылсын:
     1. Негiзгi агрегирлық көрсеткiштер мына төмендегi құрамдар бойынша айқындалсын, олар:
     табыстар;
     алынған трансферттер;
     шығыстар;
     несиенiң өтелуi;
     қаржыландыру.
     2. Салықтар салық салынатын объектiнiң түрi бойынша былайша жiктелсiн:
     табыс, жалақы, сату және тауар айналымы, мүлiктiң таза құны, халықаралық операциялар және басқармалары;
      салықтық емес ағымдағы түсiмдер /меншiк табысы, сатудан, айыппұлдан, жылудан алынатын түсiмдер, бұған мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiнен және басқа мемлекеттердiң үкiметтерiнен немесе халықаралық ұйымдардан алынатын тегiн трансферттер қосылмайды/. 
      3. Алынған табыстар мынадай мақсаттар бойынша жiктелсiн: 
      ағымдағы операцияларға; 
      капиталмен жасалатын операцияларға. 
      4. Шығыстар экономикалық санаты және қызметтiк мақсаты бойынша жiктелсiн. 
      5. Қайтарылатын немесе қайтарылмайтындығына қарамастан шығыстардың экономикалық жiктелуi ағымдық және күрделi болып бөлiнсiн. Өтелетiн шығыстар ақы орнына алынған тауарлар мен қызметтердiң түрлерi бойынша топталады /жұмысшылар мен қызметшiлердiң еңбекақысы, тауарлар алу мен қызметтер көрсету, проценттер төлеу/. Қайтарылатын шығыстар оларды алушылардың түрi бойынша топталады /мемлекеттiк басқарудың өзге деңгейлерi, кәсiпорындар, резидент еместер/. Шығыстар мен несиенiң өтелiп отыруы, сондай-ақ қызметтiк мақсаты бойынша да жiктеледi. 
      6. Қызметтiк-мiндеттiк жiктемеге мемлекеттiк басқару органдарының қызметтiң әр түрiн дамытуға және мемлекет алдында тұрған мiндеттердi орындауға бөлетiн /материалдық өндiрiс саласы, бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, халықты әлеуметтiк қорғау, құқық тәртiбiн қорғау, қорғаныс және басқалары/ шығыстардың көлемiн есептеу үшiн алынатын шығыс енгiзiлсiн. 
      7. Мемлекеттiк басқару секторының қызмет мiндеттерiн мына топтарға бөлу көзделсiн: 
      коммуналдық және әлеуметтiк қызметтер /бiлiмге, әлеуметтiк сақтандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа байланысты қызметтер, мәдени шаралар/; 
      халық шаруашылығы өндiрiстiк салаларының экономикалық қызметiне байланысты мемлекеттiк қызметтер. Бұл топқа осы аталған салалардың экономикалық қызметiн реттеуге және қолдауға бөлiнетiн мемлекеттiк шығыстар кiредi; 
      жалпы мақсаттағы мемлекеттiк қызметтер /қорғаныс және қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қолдау/; 
      өзге қызметтер. Бұл топ мемлекеттiк борыштың проценттерiн төлеу және төлем кепiлдiгiн беруге байланысты шығыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудың өзге органдарына берiлетiн жалпы мақсаттағы трансферттердi қамтиды. 
      8. Бюджет тапшылығын қаржыландыру және мемлекеттiк борыш - пайдаланылатын борыштық мiндеттемелер түрi /бағалы қағаздар, қысқа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi қарыз алу, депозиттердiң көлемiн өзгерту және басқалары/ бойынша, сондай-ақ қалпына келтiруге берiлген сыртқы заемдар бойынша шарттарды орындауды қоса алғанда несие берушiнiң түрi /ақша-несиенi реттеу органдары, ақша-депозит банктерi, банктен тыс қаржы мекемелерi және қаржылық емес сектор/ бойынша жiктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады