"Денсаулық" журналы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 шiлде 1994 ж. N 789

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң "Денсаулық" журналына құрылтайшылар болу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп "Денсаулық" журналының шығынын жабу үшiн жыл сайын дотация бөлудi қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi "Денсаулық" журналының редакциясына үй-жай беру, материалдық-техникалық ресурстармен, қызмет көлiгiмен қамтамасыз ету мәселелерiн шешетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi "Денсаулық" журналын қажеттi полиграфиялық қуаттармен және қағазбен қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады