Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алу тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы. 22 шiлде 1994 ж. N 826. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге орталықтандырылған (директивтiк) кредиттер берудiң бiрыңғай тәртiбiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

     1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн беру тәртiбi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

     2. Осы тәртiп 1994 жылдың 20 шiлдесiнен қолданылатын болсын.

     3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi 1994 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде директивтiк кредиттер берудiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге бөлiнген қаржының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ететiн кредиттiк желi принциптерiне көшетiн болсын.

     4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясының жеке құрамы N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1994 жылғы 22 шiлдедегi       
N 826 қаулысына           
N 1 қосымша             

  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң
орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алудың
Тәртiбi

      Ұлттық банктiң орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алудың осы тәртiбi меншiк нысанына қарамастан кредиттiк қабiлеттi кәсiпорындардың (ұйымдардың) - басымдық берiлген заемшылардың айналым қаржыларына қысқа мерзiмдi сұраныстарын шұғыл және тиiмдi қанағаттандыруды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Ұлттық банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттықбанк) арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум ережелерiн жүзеге асыру мақсатында белгiленiп отыр. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгi кәсiпорындар мен ұйымдардың, орталықтандырылған кредиттердi игере алмағаны жөнiнде, үстiмiздегi айдың 10-на мәлiмдеген фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi үш күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Кредит комиссиясын қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi. 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта бөлiнген орталықтандырылған кредиттерi жоғарыда бекiтiлген тәртiп бойынша рәсiмделедi.
 

                             I. Жалпы ережелер

         1. Директивтiк кредиттер мен осы кредиттердiң басты бөлушiсi болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кепiлдiгiмен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясы бекiткен басымдық берiлген заемшылардың тiзiмi бойынша Ұлттық банктiң коммерциялық банктер арқылы берiлетiн қысқа мерзiмдi (6 айға дейiн, ауыл шаруашылығы саласы үшiн - 9 айға дейiн кредиттердi айтады. Сауда-делдалдық операцияларына кредиттер берiлмейдi.

      2. Директивтiк кредиттер бойынша проценттер Ұлттық банктiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша ай сайын аударылады және кредиттi жабумен бiрге төленедi.

      3. Директивтiк кредиттердiң мерзiмi коммерциялық банктер үшiн Ұлттық банк белгiлеген экономикалық нормативтер есебiне кiрмейдi. Директивтiк кредиттер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жазбаша келiсiмi бойынша ғана еркiн айналысқа түсуi мүмкiн. <*>
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.22. N 1143  қаулысымен.

        4. Директивтiк кредиттер еңбекке ақы төлеу үшiн пайдаланылмайды.

  II. Кәсiпорын-заемшының құжаттарды рәсiмдеу тәртiбi

     5. Кезектi айда директивтiк кредит алғысы келетiн кәсiпорын (ұйым) оның алдыңғы айдың 5-iне дейiн салалық министрлiкке (ол болмаған жағдайда - тiкелей Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне): 
      сұралған кредиттердiң қайтарылатындығын дәлелдеп және қызмет көрсететiн банктi мiндеттi түрде көрсетiп өтiнiш; 
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес рәсiмделген кепiлдiк мiндеттемесiн; 
      егер сұралған кредиттiң сомасы 0,4 млн. АҚШ долларының баламынан аз болса, кәсiпорынның балансы мен облыстық әкiмшiлiктiң кепiлдеме хатын жiбередi. 
      Өтiнiштiң көшiрмесiн кәсiпорын қызмет көрсетушi банкке жiбередi.

     6. Өтiнiштi мақұлдаған жағдайда салалық министрлiк (немесе Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi) алдыңғы айдың 15-не дейiнгi мерзiмде бұл жөнiнде кәсiпорынға хабарлайды. Кәсiпорын алдыңғы айдың 25-iне дейiнгi мерзiмде 0,4 млн. АҚШ долларының баламынан асатын директивтiк кредит бойынша Меммүлiкком өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кепiлдеменi қамтамасыз ету тетiгiн өз бетiнше әзiрлейдi. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен кәсiпорын-заемының арасында жасалған кепiлдеме келiсiмде кәсiпорынның директивтiк кредиттi нысаналы пайдаланатынына жауапкершiлiк белгiленедi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi директивтiк кредиттерге қызмет көрсететiн банктерге шарттық (контрактiлiк) негiзде бiрқатар арнаулы қызметтер жүктеп және жылдық маржа мөлшерiн 3 процентке дейiн белгiлеп, олармен агенттiк келiсiмдер жасайды.

     7. Алған директивтiк кредиттi өз уақытында әрi толық көлемiнде қайтармаған, не директивтiк кредиттi нысанасыз пайдалануға жол берген кәсiпорын - заемшыға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi банкроттық процедурасын қоса алғанда, қолданылып жүрген заңдармен белгiленген шараларды қолданады. 

  III. Мемлекеттiк басқару органдарының
құжаттарды рәсiмдеу тәртiбi

      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi белгiлеген басымдықтар негiзiнде халық шаруашылығының әрбiр саласының (салалық бөлiмшесiнiң) үлес салмағын айқындайды, сосын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi мен Ұлттықбанк арасындағы келiсiм Хаттамасында қарастырылған директивтiк кредиттердiң кезектi айдағы өсiм лимитiнiң негiзiнде алдыңғы айдың 5 дейiнгi мерзiмде салалық министрлiктерге абсолюттi көлемдердi мәлiмдейдi. Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнде лимит ауқымында облыстардың халық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн директивтiк кредиттердiң көлемi және күтпеген жағдайлар үшiн 5 проценттiк резерв көзделедi. 

      9. Салалық министрлiктер (не Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң тиiстi басқармалары) мәлiмделген абсолюттi көлемдер ауқымында кәсiпорындардан алынған өтiнiштер негiзiнде басым заемшыларды iрiктеудi жүзеге асырып, алдыңғы айдың 15-не дейiнгi мерзiмде кредиттердi пайдаланудың нысаналы бағыты мен қызмет көрсететiн банктердi көрсетiп, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне олардың тiзбесiн бередi. 

      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қызмет ететiн банкiлердi көрсетiп кезектi айға кәсiпорындардың - басым заемшылардың жиынтық тiзбесiн жасап, қарсы кепiлдеме мәселесiмен жұмыс iстеу үшiн алдыңғы айдың 17-iне дейiн оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырады. 

      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi көрсетiлген жиынтық тiзбе және заемшы-кәсiпорындармен жасалған кепiлдеме келiсiмдер негiзiнде алдыңғы айдың 25-не дейiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясына кезектi айға директивтiк кредиттер беру туралы Министрлер Кабинетi шешiмiнiң жобасын ұсынады. 
      Шешiм жобасында басым заемшылардың тiзбесi, берiлген директивтiк кредиттердiң сомасы, қызмет көрсететiн банктер, кредиттердiң нысаналы бағыты, кредиттердi беру кестесi, оларды өтеу мерзiмдерi мен басқа қажеттi ақпарат көрсетiледi. 

      12. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясы Ұлттық банк өкiлiнiң қатысуымен алдағы айдың 30-на дейiнгi мерзiмде ұсынылған шешiм жобасын қарап, бекiтедi. Сол шешiм негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық банктiң пайдасына кепiлдiк мiндеттеме бередi және iс жүзiнде берiлген кепiлдiк хаттардың есебiн жүргiзедi. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгi кәсiпорындар мен ұйымдардың, орталықтандырылған кредиттердi игере алмағаны жөнiнде, үстiмiздегi айдың 10-на мәлiмдеген фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi үш күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Кредит комиссиясына қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi. 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта бөлiнген орталықтырылған кредиттерi жоғарыда бекiтiлген тәртiп бойынша рәсiмделедi. 
       Ескерту. 1-қосымша толықтырылған - ҚРМК-нiң 11.08.1994 ж. N 893  қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы  
Министрлер Кабинетiнiң  
1994 жылғы 22 шiлдедегi 
N 826 қаулысына      
2 қосымша          

  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 
Кредит комиссиясының
Жеке құрамы

Қажыгелдин Ә.М.   - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                    Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
                    (комиссия төрағасы)

Аханов С.А.       - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                    бiрiншi орынбасары

Бисенов М.С.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                    орынбасары

Воложина Е.П.     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
                    Iс Басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтiк
                    қорғау бөлiмiнiң консультанты

Дербiсов Е.Ж.     - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi

Ертiлесова Ж.Д.   - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                    орынбасары

Есенберлин Қ.I.   - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк
                    жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы

Кәкенов Н.К.      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк
                    жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
                    орынбасары

Сапарбаев Б.М.    - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                    Iс басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтiк
                    қорғау бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары

Смағұлов К.М.     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                    Iс басқармасының Жиынтық экономика бөлiмi
                    меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары

Өтембаев Е.М.     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                    Iс басқармасының Жиынтық экономика бөлiмiнiң
                    меңгерушiсi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады