1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiп кешенiн басқару жөнiндегi Республикалық жоғары мектебi таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi сала басқармасы құрылымын жетiлдiру барысында агроөнеркәсiп кешенiнде нарықтық қатынастарды қалыптастыруды ескере отырып, барлық деңгейдегi кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесiн жетiлдiрудi көздейтiн болсын.
3. "Агроөнеркәсiп кешенi жүйесiнiң басшы кадрлары мен
мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруды одан әрi жетiлдiру туралы" КПСС Орталық Комитетi мен СССР Министрлер Советiнiң 1985 жылғы 3 қаңтардағы N 4 қаулысын жүзеге асыру туралы" /Қазақ ССР ҚЖ, 1985 ж., N 12 33-бап/ Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1985 жылғы 26 сәуiрдегi N 150 қаулысының 3, 5 және 7 тармақтары күшiн жойған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi