Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 1 қыркүйек N 976. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiн және Қазақстан Республикасының Энергетика мен көмiр өнеркәсiбi министрлiгi құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 13 маусымдағы N 1729  U941729_ Жарлығын орындау үшiн және Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң таратылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi туралы Ереже (N 1 қосымша) бекiтiлсiн.<*> 
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.12.19. 
               N 1796 қаулысымен.  
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, мұнай мен газ өнеркәсiбiнен басқа мәселелерде, таратылған Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрiне адам саны мен еңбек ақы төлеу қорының белгiленген нормативi шегiнде орталық аппараттың штаттық кестесiн бекiту құқығы берiлсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне өзiнiң қарауындағы кәсiпорындар мен ұйымдар өндiрген өнiмдердi республикадан тысқары жерлерге апаруға белгiленген тәртiппен лицензиялар беру туралы шешiмдердi келiсу құқығы берiлсiн. 
      5. Жаңа электр станцияларын салуға, көмiр кен орындарын, радиоактивтiк және сирек кездесетiн элементтер мен олардың қосындыларын игеруге инвестициялар тарту Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң келiсiмiмен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң орталық аппаратын, халықаралық байланыс құралдарын қосқанда, қажеттi байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн. 
      7. <*> 
      Ескерту. 7-тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.12.19. 
               N 1796 қаулысымен. 
      8. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң орналасқан мекенi болып Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының бұрынғы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң үйi белгiленсiн. 
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының қызметкерлерi үшiн жетiспейтiн ұйымдастыру iсiнiң техникасы мен мүкаммал сатып алу үшiн қажеттi қаражат бөлетiн болсын. 
      10. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 наурыздағы N 243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 11, 195-бап); 
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 наурыздағы N 243 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 60 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 2, 27-бап); 
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және олардың күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 маусымдағы N 481 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 22, 283-бап).<*>
      Ескерту. 10-тармақ өзгерiстермен - ҚРМК-нiң 07.12.1994 ж. N 1382  қаулысы.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 1 қыркүйектегi
                                          N 976 қаулысына 
                                           N 1 қосымша

         Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр
                  өнеркәсiбi министрлiгi туралы
                           Ереже

                      I. Жалпы қағидалар

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi (бұдан әрi Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi) Қазақстан Республикасы электр энергетикасының көмiр және атом өнеркәсiбiнiң мемлекеттiк басқару органы болып табылады. 
      2. Республика экономикасының ведомствоға қарасты салаларын мемлекеттiк басқару, осы салалардың кәсiпорындары мен ұйымдары арасындағы байланыстарды реттеу, сондай-ақ өнiмдерi тұтынушылармен өзара қарым-қатынас мәселелерi Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң қарауына жатады. 
      3. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оған табыстаған өкiлеттiлiкке сәйкес ведомствоға қарасты кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асырады. 
      4. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қаулыларын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады. 
      5. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi заңды ұйым болып табылады және оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады. 
 
                   II. Министрлiктiң мақсаты мен мiндетi 
 
        6. Республиканың экономикасы мен халқының ведомствоға қарасты салалардың өнiмдерiне деген мұқтажын сенiмдi әрi iркiлiссiз қамтамасыз ету, сондай-ақ электр энергетикасын, көмiр және атом өнеркәсiбiн дамытуға қажеттi жағдай туғызу Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң басты мақсаты болып табылады. 
      7. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшiн Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне мынадай мiндеттердi шешу жүктеледi: 
      қолда бар электр энергетикасы, көмiр өндiрушi және басқа өндiрiс қуаттарын, электр энергиясы көлiгi мен өндiрiлген ресурстарды байыту жүйесiн тиiмдi пайдалануды және олардың потенциалын дамытуды қамтамасыз ету; 
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрге, ведомствоға қарасты энергия көздерiнiң отын режимiн айқындау мәселелерiн қосқанда, электр және жылу энергиясына, қатты отынды өндiру мен тұтынуға қатысты республиканың отын-энергетика балансын толықтыруды қарастырып, қамтамасыз ету; 
      бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, ведомствоға қарасты салалардың кешендi мiндеттерiн шешу үшiн салалық ғылымдарды дамыту; 
      энергия қуатын үнемдеудiң мемлекеттiк саясатын жүзеге асыруды ұйымдастыру; 
      көмiр және атом өнеркәсiбiнiң минералдық шикiзат базасын дамытуды қамтамасыз ету; 
      меншiк нысаны мен қай ведомствоға жататынына қарамастан электр энергетика, көмiр және атом өнеркәсiбi өнiмiн өндiру, шығару, ұқсату және өткiзумен шұғылданатын кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру; 
      көмiр, радиоактивтiк және сирек кездесетiн элементтер мен олардың қосындыларының кен орындарын игерумен шұғылданатын жер қойнауларын пайдаланушыларды аттестациялаудан өткiзу; 
      ведомствоға қарасты кәсiпорындардың өндiрiстiк қызметiнiң айналадағы ортаға белгiленген норматив шегiнде ықпал жасауын қамтамасыз етудi ұйымдастыру; 
      ғылыми зерттеулер және ведомствоға қарасты салалардың iс-қимылы мен дамуы жөнiнде әзiрлемелер, инвестициялық жобаларды, соның iшiнде басқа ведомстволар, шетел фирмалары әзiрлеген инвестициялық жобаларды сараптауды, сондай-ақ ақпаратты жинау, өңдеу және пайдалануды, статистика жөнiндегi зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру; 
      ведомствоға қарасты салаларының iс-қимылы және оларды дамыту мәселелерi жөнiнде республиканың министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен, ведомстволарымен, жергiлiктi басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас жасау; 
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сыртқы экономикалық қызметтi ұйымдастыру; 
      халықаралық ұйымдарда, келiссөздер мен кездесулерде Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң құзыретi шегiнде және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсыруы бойынша республиканың мүддесiн бiлдiру; 
      ведомствоға қарасты салалар өнiмдерiнiң экспорты саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, квоталар мен лицензиялардың, шарттық қарым-қатынастар мен контракттардың қазiргi тетiгiн қолдана отырып, осындай өнiмдердi әкелу мен әкетудi реттеуге қатысу; 
      ведомствоға қарасты салаларды басқаруда кадрлық саясатты ұйымдастыру, электр энергетикасында көмiр және атом өнеркәсiбiнде мемлекеттiк меншiк түрiндегi және мемлекеттiң қатысы бар өндiрiстiк бiрлестiктер басшыларының дербес құрамын белгiленген тәртiппен айқындау. 
 
                      III. Министрлiктiң құқығы 
 
        8. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн: 
      министрлiк жұмысында туындаған проблемаларды шешу үшiн ведомствоға қарасты кәсiпорындардың, ұйымдардың мамандарын комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметiне қатыстыруға құқы бар. Басқа салалардың өкiлдерi осындай жұмыстарға келiсiм бойынша немесе шаруашылық шарттары негiзiнде қатыстырыла алады; 
      өзiнiң құзыретi шегiнде саланың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы даулы мәселелердi шешуге; 
      энергия ресурстарының тиiмдi пайдаланылуына, пайдаланудың техникалық жағдайы мен деңгейiне, тұтынушылардың энергетика жабдықтарына қауiпсiз қызмет көрсетiлуiне белгiленген тәртiппен мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жасауға; 
      қай ведомствоға жататынына, меншiктiк нысанына қарамастан энергияны пайдаланатын немесе энергетикалық қондырғыларды пайдаланатын барлық кәсiпорындар, ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер орындау үшiн мiндеттi ведомстволық нормативтiк актiлердi белгiленген тәртiппен қабылдауға сондай-ақ осы мәселелер бойынша әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыруға; 
      ведомствоға қарасты кәсiпорындарды салу мен кеңейту, қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтау және күрделi жөндеу жобаларына сараптама жасауды және оларды бекiтудi, сондай-ақ электр энергетикасы, көмiр және атом өнеркәсiбiнiң объектiлерi мен өндiрiстiк қуаттарын пайдалануға қабылдауды белгiленген тәртiппен қамтамасыз ету;<*> 
      осы Ережеден туындайтын мiндеттердi шешу үшiн министрлiк қарауындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды, мекемелердi, ұйымдарды қайта құруға немесе оларды таратуға, ведомствоға қарасты салаларда нарықтық қатынастарды дамыту үшiн компаниялар, концерндер және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өзге де нысандарын құруға және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып құрылтайлық құжаттарға қажеттi өзгерiстердi енгiзуге; 
      зиян шегушi мемлекеттiк кәсiпорындарды, компанияларды санациялау, оларды қайта құру мен тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
      ведомствоға қарасты кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулықтар, нұсқаулар, салалық үлгiлер және өзге де актiлердi шығаруға; 
      қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлескен бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарып отыруға құқы бар. 
      Ескерту. 8-тармағының алтыншы абзацында сөздер ауыстырылды - 
               ҚРМК-нiң 1994 ж. 8 желтоқсан N 1395 қаулысымен. 

                  IV. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi 
                    министрлiгiнiң басқару органдары 
 
        9. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiн осы лауазымға Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалған министр басқарады. 
      Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрiнiң орынбасарларын қызметке министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды. 
      10. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнде құрамында министр (төраға), оның орынбасарлары, сондай-ақ министрлiк пен оның құрамына енетiн компаниялар мен басқа құрылымдық бөлiмшелердiң мамандары бар министрлiк алқасы құрылады. 
      Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi алқасының сандық құрамы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен, ал дербес құрамы - министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тарапынан айқындалады. 
      11. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi: 
      осы Ереже министрлiкке жүктейтiн мақсат пен мiндеттi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етедi; 
      лауазымдық айлық ақы схемасына қарай, белгiленген еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде министрлiк құрылымын, штатын, қызметкерлерiнiң жалақы ставкаларын бекiтедi; 
      министрлiктiң орталық аппаратына қызметкерлердi жұмысқа қабылдап, жұмыстан босатады; 
      ведомствоға қарасты компаниялардың, бiрлестiктер мен басқа да мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын белгiленген тәртiппен келiсiп, лауазымға бекiтедi және тағайындайды; 
      ведомствоға қарасты мемлекеттiк компаниялардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымына қажеттi өзгерiстер енгiзедi; 
      министрлiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi туралы Ереженi және министрлiк құрамына енетiн компаниялардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың ережелерiн бекiтедi. 
      12. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрiнiң орынбасарлары министр белгiленген қызмет аясы шегiнде шешiмдер қабылдайды. 
      13. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнен жұмсалатын шығындар есебiнен ұсталады. 

                                      Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 1 қыркүйектегi
                                          N 976 қаулысына
                                           N 2 қосымша <*>

      Ескерту. N 2 қосымша күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.12.19. 
               N 1796 қаулысымен.  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады