1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының 50 жылдығына құны 20 теңгелiк 5 милиион дана мерейтолық мәнеттер шығару туралы ұсынысы қабылдансын. Бұл мәнеттер республикада заңды төлем құралы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне: Бiрiккен Ұлттар Ұйымының белгiсi мен мәнеттердiң дизайны бейнеленген мерейтойлық мәнеттер шығару туралы баспасөзде хабар жариялау; Бiрiккен Ұлттар Ұйымының нұсқауларын ескере отырып, мерейтойлық мәнеттердi айналымға шығару күнiн белгiлеу; осы мәнеттер шығаруға кететiн шығынды банк шығысының сметасы шегiнен асырмау ұсынылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi