1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны 82-ден аспайтын етiп бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгiне Министрдiң 3 орынбасарын, соның iшiнде Министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сонымен қатар II адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 қыркүйектегi N 1010 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы 1. Жастар саясаты басқармасы (жетекшi) 2. Туризм басқармасы (жетекшi) 3. Спорттың олимпиадалық түрлерi басқармасы (жетекшi) 4. Қаржы-экономика басқармасы (жетекшi) 5. Ұйымдастыру жұмысы және халықаралық байланыс басқармасы (жетекшi) 6. Олимпиадалық емес және халықтың спорт түрлерi бөлiмi 7. Спорттық, туристiк базалар мен жастар кәсiпорындарын техникалық пайдалану бөлiмi