Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң толлингтiк операциялар жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 23 қыркүйек N 1055. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.04.29. N 520 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499 Жарлығының негiзiнде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 3, 20-бап) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде толлингтiк операцияның алыс-берiс шикiзатын ұқсату бойынша операцияларды жүзеге асыру үшiн жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң толлингтiк операциялар жүргiзу тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Алыс-берiс шикiзатынан (толлингтiк операциялардан) өндiрiлетiн өнiмдерге көрсетiлетiн қызметтен кеден бажын алу тоқтатылсын.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары ведомстволық нормативтiк актiлерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 23 қыркүйектегi
                                          N 1055 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргiзушi
           субъектiлерiнiң толлингтiк операциялар жүргiзу
                          тәртiбi туралы
                             Ереже
      1. Осы Ереже шетел тауарларын Қазақстан Республикасына әкелу және отандық тауарларды қайта өңдеу үшiн шетелге шығару тәртiбiн белгiлейдi, толлингтiк операциялар жүргiзу тетiгiн көздейдi және лицензиялауға жататын немесе экспортқа шығару контрактiлерi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде тiркелетiн тауарларға, экспорты және /немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң рұқсатымен iске асырылатын тауарларға, сондай-ақ импорттық және экспорттық кеден бажы алынатын тауарларға қолданылады.
      Осы Ереженiң күшi меншiк нысанына қарамастан, заңды ұйым мәртебесi бар Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне қолданылады.
      Толлингтiк операция - бiр елдiң шаруашылық жүргiзушi субъектiсi, бұдан әрi - "Тапсырыс берушi", тапсырады, ал екiншi елдiң шаруашылық жүргiзушi субъектiсi, бұдан әрi "Орындаушы" белгiлi бiр төлемге "Тапсырыс берушi" берiп отыратын "алыс-берiс шикiзатын" өз елiнiң аумағында ұқсатуға және осы шикiзаттан өтемдiк тауарлар ала отырып, мұнан кейiн оларды "Тапсырыс берушiнiң" елiне немесе үшiншi елге әкелу мiндеттемесiн алатын операция деп жобаланады.
      "Ұқсату" терминi мынадай операцияларды бiлдiредi:
      шикiзатты және материалды ұқсату;
      тауарларды өңдеу, оларды жинау мен жинақтауды қоса;
      тауарларды жөндеу, оны қалпына келтiрудi қоса;
      өтемдiк тауарларды өндiруде қолданылатын материалдар мен тауарларды пайдалану;
      "Алыс-берiс шикiзаты" терминi Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген немесе осы аумақтан ұқсату үшiн уақытша әкетiлген, бұдан әрi "Тапсырыс берушi" елiне қайтарылатын немесе "Тапсырыс берушi" мен "Орындаушы" арасындағы келiсiм бойынша өтемдiк тауарлар көлемiнде үшiншi елге шығарылатын шикiзат пен материалды бiлдiредi.
      "Өтемдiк тауарлар" терминi Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген немесе республикадан уақытша әкетiлген алыс-берiс шикiзатты ұқсату нәтижесiнде алынған тауарларды бiлдiредi.
      Толлингтiк операциялар бойынша тауарларды ұқсату немесе өңдеу мына жағдайларда жеткiлiктi деп есептеледi:
      өтемдiк тауарлар оларды жасау үшiн пайдаланылған басқа елден шыққан шикiзаттар мен тауарларынан өзге тарифтiк орында сыныпталатын болса;
      өтемдiк тауарлар құны оларды жасау үшiн пайдаланылған басқа елден шыққан шикiзаттар мен тауарлар құнынан кем дегенде 30 проценттен асатын болса.
      Ескерту.Бiрiншi тармақтың 1-шi абзацы жаңа редакцияда -
              ҚРМК-нiң 1995.05.05. N 625 қаулысына сәйкес.
      2. Белгiленген нысандағы толлингтiк операция жүргiзуге (N 1 қосымша) рұқсатты мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бередi. Рұқсат беруден бас тарту нақты негiзделiп, арыз берушiге жазбаша түрде хабарлануы тиiс.
      3. Шаруашылық жүргiзушi субъект немесе оның өкiлi толлингтiк операция жүргiзуге рұқсат алу үшiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне мынадай құжаттар ұсынуы тиiс:
      белгiленген нысандағы толлингтiк операция жүргiзуге (N 2 қосымша), толлингтiк операцияны жүзеге асыру үшiн жоспарланған жылдық өндiрiс көлемi, өнiм көлемi, өтемдiк тауарлар мен ұқсату процесiне алынатын бағалы компоненттердi қайтару және олардың шикiзатын өңдеудiң бағасы мен құны есебi бойынша көлем шарттары көрсетiлген техникалық-экономикалық негiздеме;
      егер алыс-берiстiк шикiзаты "Тапсырыс берушiнiң" өзi өндiрген өнiмi болып табылмаған жағдайда, онда бұл шикiзаттың үшiншi тараптан сатып алынғанын растайтын құжаттар көшiрмесi ұсынылуы қажет;
      алыс-берiс шикiзатының сапа сертификаты.
      4. Республика аумағында толлингтiк операция жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелiнетiн тек импорттық шикiзат пайдаланылады.
 
           Ескерту. Бесiншi тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.
               05.05. N 625 қаулысымен.
      5. Алыс-берiс шикiзаты мен лицензиялауға жататын өтемдiк тауарларды әкету немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде тiркелуге тиiстi экспортқа шығару контрактiлерi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi берген лицензиялардың немесе сертификаттар негiзiне сәйкес, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi берген толлингтiк операция жүргiзуге рұқсат болған жағдайда жүзеге асырылады. Басқа жағдайларда алыс-берiс шикiзаты мен өтемдiк тауарларды әкету Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi берген рұқсат негiзiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-шi тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң
               1995.05.05. N 625 қаулысына сәйкес.
      6. Толлингтiк операция бойынша Қазақстан Республикасына әкелiнген немесе одан әкетiлген алыс-берiс шикiзаты мен өтемдiк тауарларға кеден бажы салынбайды.
      7. Толлингтiк операциялар нәтижесiнде алынған және Қазақстан Республикасынан "Тапсырыс берушiнiң" елiне немесе үшiншi елдерге әкетiлмеген өтемдiк тауарлар iшкi рынокта сатылуы мүмкiн, бұл орайда осы тауарлар жасалған алыс-берiс шикiзатынан қолданылып жүрген заңға сәйкес импорттық кеден бажы, акция және қосылған құн салығы алынуға тиiстi.
      Көрсетiлген қызмет үшiн ақы ретiнде Қазақстан Республикасында қалған алыс-берiс шикiзатынан белгiленген тәртiппен импорттық кеден бажы, акция және қосылған құн салығы алынуға тиiстi. Егерде қызмет ақысы өтемдiк тауарлармен жасалса, онда импорттық кеден бажы, акция және қосылған құн салығы белгiленген тәртiппен осы тауарлар жасалған алыс-берiс шикiзатынан алынады.
      Егер де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде толлингтiк операциялар жүргiзу нәтижесiнде алынған өтемдiк тауарлар Қазақстан Республикасына әкелiнбеген болса және "Орындаушының" елiнде немесе үшiншi елдерде сатылмаған болса, онда осы тауарлар жасалған алыс-берiс шикiзатынан Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес экспорттық кеден бажы алынуға тиiстi.
      Көрсетiлген қызмет үшiн ақы ретiнде "Орындаушының" елiнде алыс-берiс шикiзатынан экспорттық кеден бажы алынуға тиiстi. Егер де қызмет ақысы өтемдiк тауарлармен жасалса, онда осы тауарлар жасалған алыс-берiс шикiзатынан экспорттық кеден бажы алынады.
      Ескерту.7-шi тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1995.05.05.
              N 625 қаулысына сәйкес.
      8. Кеден органдары Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп ұқсату үшiн уақытша әкелiнген (әкетiлген) алыс-берiс шикiзатының рұқсатта көрсетiлген мерзiмiне сәйкес толлингтiк операциялардың орындалуын тексерудi ұйымдастырады.
      9. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген шикiзаттарды және тауарларды, сондай-ақ әкетiлетiн өтемдiк тауарларды бірегейлендiру мақсатында кеден органдары бұл тауарларды кедендiк қамтамасыз ету үшiн пломбы, мөр, бұрыштама, сандық немесе басқа белгiлер сала алады. Тауарлардың сипаттамасын, олардың масштабтық бейнесiн, суретiн және т.б. пайдалануға рұқсат етiледi.
      10. Қазақстан Республикасының аумағына толлингтiк операция жүргiзу туралы келiсiм бойынша уақытша әкелiнген алыс-берiс шикiзатының болу мерзiмi әрбiр нақты жағдайда осы шикiзатты ұқсату бойынша операция сипатының негiзiнде бiр жылдан аспайтын уақытқа белгiленедi.
      11. Толлингтiк операциялар бойынша тауарларды әкелу және әкету кезiндегi кеден жүгiнiң декларациялары белгiленген тәртiппен рәсiмделедi.
      12. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi

 

мемлекеттiк комитетi 1995 жылдан бастап әр тоқсан сайын Министрлер

Кабинетiне, Экономика министрлiгi мен Өнеркәсiп және сауда

министрлiгiне толлингтiк операциялардың жүзеге асырылуы жөнiнде

ақпар берiп отырсын.

     13. Алыс-берiс шикiзатын ұқсатуды жүзеге асыратын Қазақстан

Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне қолданылып

жүрген заңдарға сәйкес салықтар салынады, толлингтiк операциялар

бойынша мiндеттемелердiң орындалуына және уақтылы төленуiне жауапты

болады.




      Ескерту.15-шi тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң

              1995.05.05. N 625 қаулысымен.

     14. Құны 500 АҚШ долларына дейiнгi (немесе Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкiсiнiң рұқсат берiлген күнгi бағамы бойынша теңгемен

есептегенде) алыс-берiс шикiзатын әкету немесе әкелу кезiнде

толлингтiк операциялар жүргiзуге рұқсатты жергiлiктi жерлердегi

кеден органдары бередi.



     Ескерту.Ереже 14-шi тармақпен толықтырылды - ҚРМК-нiң

             1995.05.05. қаулысына сәйкес.


                            N 1 қосымша

            Ұқсату үшiн уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн)

                      берiмдiк шикiзатқа

                          Рұқсат

Ұйымның атауы _____________________________________________________


Оның заңды мекен-жайы _____________________________________________

___________________________________________________________________

          (Банк атауы, МФО, есеп айырысу шотының нөмiрi)

Шикiзат атауы _____________________________________________________


Шикiзат коды ____________________________, саны ___________________


Шикiзаттың контрактылық құны ______________________________________


Кедендiк тауардың атауы ___________________________________________


Тауардың коды ___________________________, саны ___________________


Өтемдiк тауардың контрактiлiк құны ________________________________


Ұқсату бойынша көрсетiлген қызмет құны ____________________________


Өтемдiк тауардың шығу нормасы _____________________________________


Ұқсатушы кәсiпорынның атауы _______________________________________


__________________________________ оның мекен-жайы ________________


Қайта әкету (әкелу) мерзiмi _______________________________________


Рұқсат берген органның атауы ______________________________________

___________________________________________________________________


     Басшының қолы               __________________________________

         М.О.                    __________________________________

                                       (күнi, айы, жылы)

Ұқсату үшiн уақытша әкелудi (әкетудi) ресiмдеген кеден органының

атауы _____________________________________________________________

               (кеден органында толтырылады)

___________________________________________________________________


     Басшының қолы               __________________________________

         М.О.                    __________________________________

                                       (күнi, айы, жылы)



                                       N 2 қосымша



 
              Ұқсату үшiн уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн)

 

                       алыс-берiс шикiзатқа

                             Өтiнiш

Ұйымның атауы _____________________________________________________


Оның заңды мекен-жайы _____________________________________________

___________________________________________________________________

              (Банк атауы, МФО, есеп айырысу шотының нөмерi)

Шикiзат атауы _____________________________________________________


Шикiзат коды _______________________, саны ________________________


Шикiзаттың контрактiлiк құны ______________________________________


Өтемдiк тауардың атауы ____________________________________________


Тауардың коды ______________________, саны ________________________


Өтемдiк тауардың контрактiлiк құны ________________________________


Ұқсату бойынша көрсетiлген қызмет құны ____________________________


Өтемдiк тауардың шығу нормасы _____________________________________


Ұқсатушы кәсiпорынның атауы _______________________________________

________________________________оның мекен-жайы____________________


Қайта әкету (әкелу) мерзiмi _______________________________________


Рұқсат берген органның атауы ______________________________________

___________________________________________________________________


Өтiнiш берушiнiң қолы                  ____________________________

     М.О.                              ____________________________

                                             (күнi, айы, жылы)






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады